Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2025 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 191 (негізгі қызмет түрлері) мемлекеттік қызмет түрі бойынша 3 062 174 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- Мемлекеттік корпорация арқылы – 16 823 қызмет;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы және ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта – 3 040 405 қызмет;
- мемлекеттік органдар мен қағаз түрінде – 4 946 қызмет (оның ішінде баламасыз түрде көрсетілгені – 790 қызмет) көрсетілген.
Жүргізілген ішкі бақылау шаралары.
2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарларына сәйкес есептік кезеңде ішкі мемлекеттік бақылау шараларымен 74 объекті қамтылды.
Оның ішінде:
- 51 жергілікті атқарушы органдар;
- 23 ведомстволық бағынысты мекемелер каралып, 155 заң бұзушылық фактілері анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 2 тұлғаға «Ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылса, тағы 2 тұлғаға «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуде 1 мерзім бұзушылық орын алған.
Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 247.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 12.