Лого

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (2025 жылдың I жартыжылдығы туралы есеп)

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шаралар тұрақты атқарылып келеді.
Атап айтқанда, облыс әкімінің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия тұрақты негізде жұмыс жасайды (Қызылорда облысы әкімінің 11.12.2017 ж. № 707-ө өкіміне сәйкес құрылған, оның құрамы облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген).
Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың І-жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті
2 отырысы өткізіліп, күн тәртібінде 5 мәселе қарастырылды.
І-тоқсанда қарастырылған мәселелер:
1. Туризм саласына бюджеттен бөлінген қаражаттың жоспарлауындағы және игерілуіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері туралы;
2. Қызылорда қаласының тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері туралы;
3. Құрылыс мерзімі ұзаққа созылған объектілердің қазіргі жағдайы және проблемалық нысандардың санын қысқарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
ІІ-тоқсанда қарастырылған мәселелер:
1. Білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы;
2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша атқарылған іс-шаралар туралы.
Комиссия отырыстарының нәтижесі бойынша қала, аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшыларына сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
Бүгінгі таңда облыс әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы шеңберінде № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты іске асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы бойынша жұмыс сапасын арттыру болып табылады.
Жобалық басқару аясында барлық облыстық мемлекеттік органдарда осы № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша 4 жобалар тобы бойынша жұмыстар іске асырылып келеді.
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау;
3. Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс қызметтерін дамыту;
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Қазіргі таңда, облыс әкімі аппаратының басшысымен бекітілген cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы кестеге сәйкес облыстық басқармалар, қала және аудан әкімдіктерінде және оларға қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Облыс көлемінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға» бағытталған әлеуметтік тапсырыс бойынша 9 жобаға 36 292 000 теңге қаржы бөлінді.
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында 88 мемлекеттік қызметкер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында оқытудан өтті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау» бағыты бойынша облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 13 шара өткізілді.
Жалпы 2025 жылдың 6 айында жемқорлық сипатында 34 қылмыстық іс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда – 29% -ға азайған (2024 жылы – 48 қылмыс).
50 қылмыс өндірісте болса, 36 іс сотқа жолданған және одан бөлек 3 іс ақталатын негізде өндірістен қысқартылған.

Дата публикации
25 июля 2025
Дата обновления
28 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы