2025 жылдың 6 ай мерзімінде 16 роуд-шоу ұйымдастырылды, оның ішінде, шет мемлекеттер мен көрші облыстарға 6 іссапар (Қытай – 1, Өзбекстан – 1, Пәкістан – 1, Алматы – 1, Жамбыл – 1, Түркістан – 1), ал Қызылорда облысына 10 жұмыс сапарлары ұйымдастырылды (2 испандық, 1 татарстандық, 1 бангладеш, 4 қытай, 1 корея, 1 венгрия).
2024 жылдың 2-7 желтоқсан күндері аймақ басшысы Н. Нәлібаевтың Испания еліне жасаған іссапарында «Рока» компаниясы өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында, керамика өнімдерін шығаратын зауыт орналастыру бойынша мәселелер талқыланған болатын.
Нәтижесінде, а.ж. 20-22 қаңтар аралығында «Рока» компаниясы өкілдері облысқа іссапармен келіп, облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтің қабылдауында болды. Іссапар аясында өнідіріске қажетті шикізат пен инженерлік-инфрақұрылым жеткізушілермен (электр, су, газ желілері мен автомобильді/теміржол жолдары) кездесті.
Анықтама: «Латон Маркет», «Aral quartz» - кварц құмы (Қызылорда), «Ай Орда» - саз (Қызылорда), «Zerde Minerals» - каолин (Ақтөбе облысы), «Shaltas mineral» - дала шпаты (Қарағанды облысы), «Арал сода» - кальциленген сода (Қызылорда).
2025 жыл 7 ақпан күні облысқа Татарстанның уәкілетті өкілі Д. Валеевтің іссапары ұйымдастырылды. Іссапар барысында, облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтің қабылдауында болып, жергілікті кәсіпорындар жұмысымен танысты.
2025 жыл 23 ақпан – 1 наурыз аралығында облыс әкімі Н. Нәлібаев бастаған бір топ облыстық бизнес-делегацияның Қытай Халық Республикасының Шаньси, Сычуань, Цзяньси және Нинься-Хуэй провинцияларына жұмыс сапары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Нинься-Хуэй және Сычуань провинцияларында 100-ге жуық қытайлық компаниялардың қатысуымен ынтымақтастық орнату туралы бизнес-форумдар өткізілді. Іс-шаралар аясында облыстың инвестициялық әлеуеті, инвестор қажет ететін жобалар таныстырылып, G2B, В2В кездесулер өткізілді.
Атқарылған жұмыстар мен іссапар нәтижесінде ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында озық технологияларды енгізу бойынша жалпы құны 10,8 млрд. теңгені құрайтын 9 келісім-шартқа қол қойылды.
2025 жыл 16 сәуір күні бангладештік «Relax Group KZ» ЖШС-нің өкілдері облысқа іссапармен келіп, аймақта «Джинсы тігу фабрикасы» жобасы бойынша келіссөздер жүргізілді. Қазіргі таңда фабриканы облыста орналастыру мәселесі пысқыталуда. Жоба құны – 2,5 млрд.теңге.
2025 жыл 17 сәуір күні өңірге жылыжай және тамшылатып суару саласында беделді қытайлық «Shandong Tianlifang Agricultural Development Co., Ltd.» және «Shengda Water-Saving Technology» компанияларының өкілдері өңірге келіп, жылыжай жобаларын ашу бойынша облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевпен кездесуі өтті. Сонымен қатар, а.ж. 18-21 сәуір аралығында өңірде жылыжай саласын дамыту мақсатында облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтің төрағалығымен облыстық делегация мен аталған шетелдік компания өкілдерінің Алматы және Жамбыл облыстарына іссапары ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу мақсатында жетекші жылыжай кешендерімен таныстырылды.
2025 жыл 18 сәуір күні қытайлық «Baosheng Silk Road Investment Holding Group» компаниясы өкілдері Қызылорда облысына іссапармен келіп, облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановпен кездесіп, облыста тері және жүн өңдеу саласында бірлескен жобаларды қарастырып, екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Іссапар аясында шетелдік инвесторлар өңірдегі ет өндірісімен айналысатын «КЗО Ет» ЖШС және «Ақ Барыс» ЖШС-нің басшыларымен кездесулер ұйымдастырылып, жаңа жобаларды орналастыру мақсатында индустриялық аймақпен таныстырылды.
Сондай-ақ, Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев пен Түркімен халқының Ұлттық көшбасшысы, Түркіменстан Халк мәслихатының төрағасы Г. Бердімұхамедовтың қатысуымен өткен өнеркәсіп көрмесіне облыстық тауар өндірушілердің қатысуы қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, ү.ж. 28 сәуірде облыс әкімінің орынбасары А.Зебешев бастаған облыстық делегацияның Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен «ИННОПРОМ. Орталық Азия» 5-ші халықаралық өнеркәсіп көрмесіне және «ТМД-ға қатысушы мемлекеттер өңірлері І форумына» қатысу сапарлары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Биыл мамыр айында (6-7мамыр) Вьетнам Компартиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламның Астана қаласына мемлекеттік сапары аясында Қызылорда облысы мен Вьетнамның Хынгйен провинциясы арасында бауырластық қатынастар орнату туралы Меморандумға қол қойылды.
Одан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес және ҚР Премьер-Министрі О.А. Бектеновтың 2024 жылғы 12 қарашадағы Қызылорда облысына жұмыс сапары қорытындысымен «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайы маңынан арнайы экономикалық аймақ құру мәселесін тиісті министрліктермен пысықтап, енгізу туралы тапсырмасын орындау мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды.
Нәтижесінде, ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 14 мамырдағы №336 қаулысымен «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағын құру туралы шешім қабылданды.
Жобаның басты мақсаты – өңірге инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, салық түсімдерін ұлғайту, жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарды құру және көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту есебінен нарықты сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету болып табылады.
2025 жыл 14 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары А.Зебешев пен қытайлық «KCT» компаниясының директоры Янь Тау мырзамен өңірде силикат-кальций тақтайшалар мен басқа да құрылыс бұйымдар шығаратын жаңа зауыт салу туралы Меморандумға қол қойылды.
Жоба құны 6 млн АҚШ долл. құрайды және инновациялық технологиялар қолдана отырып, жылына 5 млн. шаршы метр өнім шығаруды жоспарлап отыр.
2025 жыл 11 маусым күні облысқа «Roca Group» компания өкілдері іссапармен болып, Қызылорда облысының "Өндіріс" индустриялық аймағындағы жер телімімен танысты.
Осы ретте, 2025 жыл 13 маусым күні Астана қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рокамен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар шығаратын зауыт салу мәселелері мен инвестициялық әріптестікті одан әрі дамыту жолдары қарастырылды.
2025 жыл 16 маусым күні облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев Астана қаласында өткен «Қытай – Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумына қатысты.
Форум аясында Қызылорда облысының әкімдігі мен инвесторлар арасында жалпы сомасы 10,7 млрд теңгені құрайтын бірқатар стратегиялық жобаларға келісімге қол қойылды. Бұл жобалар «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылмақ.
2025 жыл 1 шілде күні облыс әкімі Н. Нәлібаевтың төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың отырысы өтті. Штаб құрамына облыс прокуроры, жергілікті және орталық атқарушы органның мекемелері, «Қазақ Инвест» ұлттық компаниясы, кәсіпкерлер палатасы, салық органдары енгізілді.
Атап өту қажет, өңірлік инвестициялық штабтың құрамына ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебайдың тапсырмасына сәйкес Президент Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің инспекторы Н. Тайғанов қосылды.
Күн тәртібінде «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағына инженерлік инфрақұрылым тарту, инвестициялық жобалар, шағын өнеркәсіптік аймақтарды дамыту мәселелері қаралды.
2025 жыл 8 шілде күні UN-Habitat қатысуымен «Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 - Қызылорда» форумы өтті. Атап өту қажет Форум Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр.
Аталған форумға Біріккен Ұлттар Ұйымының UN-Habitat Ұйымы, БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев қатысты.
Сондай-ақ, Форумының қорытынды пленарлық сессиясында Қызылорда облысы мен UN-Habitat ұйымы арасында декларацияға қол қою рәсімі өтті.