Лого

Меню

Страницы

Статья

Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті

8 шілде күні облыстық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары мен сала мамандары қатысты.
Отырыста алдымен «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 130 шешіміне енетін өзгерістер қаралды. Бұл жөнінде облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабеков хабарлама жасап, ұсынылып отырған өзгерістерді жан-жақты түсіндірді.
Хабарламадан соң депутаттар бірқатар сұрақтарын қойып, нақты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Бюджет қаржысы тиімді және нәтижелі жұмсалуы керектігі баса айтылды.
Мұнан соң, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Қанатов күн тәртібіндегі «Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының есебі туралы» мәселе бойынша хабарлама жасап, облыстың білім саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы кеңінен баяндады.
Аталған мәселелерге басқарма басшылары тарапынан сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында толыққанды жауаптар берілетіндігі айтылды.
Сонымен қатар, күн тәртібінде «Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы» мәселе де қаралды.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарау жөнінде қаулы қабылданды.

Дата публикации
14 июля 2025
Дата обновления
14 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы