Мемлекеттік сатып алу саласында орталықтандырылған бірыңғай тәжірибені қолдану және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №687 қаулысының негізінде 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық сатып алу конкурстары облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен (әрі қарай Басқарма) өткізіліп келеді.
2025 жылдың 6 ай бойынша Басқармамен 191,3 млрд.теңгеге барлығы 2 523 мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды.
2523 конкурстың 1901 ашық конкурс, 479 конкурс рейтингтік-балдық жүйемен, 104 алдын ала іріктеу, 39 аукцион арқылы өткізілді.
Сонымен бірге, 2 523 конкурстың - 808 тауарлар (49 млрд.теңге), 954 жұмыстар (127 млрд.теңге), 761 көрсетілетін қызмет (13,4 млрд.теңге) түрлері бойынша өткізілді.
Бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында Басқарма тарапынан барлық облыстық тапсырыс берушілердің мамандары үшін 6 ай бойынша 10 онлайн-конференция, 15 семинар-кеңес, 2 дөңгелек үстел, 1 брифинг және қызметкерлер арасында 15 құқықтық оқыту ұйымдастырылды.