Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша 2025 жылдың І жарты жылдығындағы талдамалық анықтама

2025 жылдың І жарты жылдығының қорытындысымен Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 26560 өтініштер түскен, ол өткен жылмен салыстырғанда (24466 - өтініш) 8 %-ға артқан. Оның ішінде:
2588 өтініш облыс әкімдігіне (2024 ж. І ж.ж - 2223);
9220 облыстық басқармаларға (2024 ж. І ж.ж – 4970);
14742 аудан, қала әкімдіктеріне түскен (2024 ж. І ж.ж – 17273).
Талдау көрсеткендей, қазіргі таңда облыс тұрғындары арасындағы жиі көтеріліп отырған өзекті мәселелер төмендегіше:

№

Өтініште көтерілген салалары

2025 жылдың І жартыжылдық бойынша

1.

Жер және ауыл шаруашылығы мәселесі

6582 (25%)

2.

Әлеуметтік көмек

1630 (6,1%)

3.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

3997 (15%)

4.

Білім мәселесі

4867 (18,3%)

5.

Денсаулық сақтау мәселесі

1478 (6%)

6.

Кәсіпкерлік

1143 (4,3%)

7.

Мәдениет және спорт

772(3 %)

8.

Құқықтық қорғау және сот

122 (0,5 %)

9

Лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағым білдіру

113 (0,4%)

10

Басқалары

5856 (22 %)

Барлығы

26560

2025 жылдың І тоқсанында статистикалық есепке сәйкес жергілікті атқарушы органдарға түскен 26560 өтініштердің:
- 7022немесе 26 % құзыреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды;
- 7532 немесе 28 % ішінара немесе толық қанағаттандырылды;
- 1316 немесе 5 % өтініш тоқтатылды;
- 9503 немесе 36 % заң талаптарына сәйкес түсіндірілді;
- 1187 немесе 5 % орындалу мерзімі бар.

Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелермен
қабылдау туралы

2025 жылдың І тоқсанда облыс әкімдігімен 328 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері жеке қабылдауда болып, оның: 170-і облыс әкімінің, 158-ы міндеттер бөлінісіне сәйкес облыс әкімі орынбасарларының және аппарат басшысының жеке қабылдауында болып, заңдылыққа сәйкес тиісті тапсырмалар берілген.
Жеке қабылдауда болған азаматтардың көтерген мәселелері төмендегідей:

№

Жеке қабылдауда көтерілген салалары

2025 жылдың І жартыжылдық бойынша

1.

Пәтер мәселесі және коммуналдық шаруашылық

75

2.

Жұмысқа орналасу

40

3.

Қаржылай қолдау және  әлеуметтік көмек мәселесі

24

4.

Жер мәселесі

30

5.

Денсаулық сақтау мәселесі

23

6.

Кәсіпкерлік

21

7.

Артспорт мәселесі

61

8.

Басқа да мәселелер

54

Барлығы

328

Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратымен аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері және облыстық басқарма басшыларының қабылдау жүргізу барысына талдау жүргізілді. Атап айтқанда, аудандар мен қала әкімдігінің бірінші басшылары – 1305 тұрғынды, ал басқарма басшылары - 425 тұрғынды жеке қабылдаған.

 

Дата публикации
10 июля 2025
Дата обновления
10 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы