Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысында 2022 жылы өткізілген кент, ауылдық округ әкімдері сайлауының қорытындысы туралы

Қызылорда облысы бойынша 2022 жылы 8 кент және 24 ауылдық округ әкімдерінің, барлығы 32 әкімнің сайлауы өтті, оның ішінде 21-і өкілетті мерзімдерінің аяқталуына және 11-і өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.
- 20.02.2022 ж. Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткен сайлауға 6 кандидат ұсынылды, 2-і саяси партиялардан («AMANAT» партиясынан және ҚХП), 4-і өзін-өзі ұсынған. Сайлау бюллетеніне 3 кандидат енгізілді (2-і саяси партиялардан, 1-і өзін-өзі ұсынған). Жалпы дауыс беруге 7190 сайлаушының 5902-і қатысты. Нәтижесінде, Тереңөзек кентінің әкімі болып аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы, «AMANAT» партиясынан ұсынылған Е. Б. Бахтияров сайланды;
- 27.03.2022 ж. өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Жалағаш ауданы Жаңадария ауылдық округі әкімінің және өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Арал ауданы Қамыстыбас, Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Ұсынылған 10 кандидаттың барлығы сайлау бюллетеньдеріне енгізілді (2-і «AMANAT» партиясынан, 8-і өзін-өзі ұсынған). Жалпы дауыс беруге тізімдерге енгізілген 2294 сайлаушының 1667-і қатысты. Нәтижесінде, Жаңадария ауылдық округінің әкімі болып Жаңадария ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, «AMANAT» партиясынан ұсынылған А. М. Есқалиев, Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі болып «Қамбаш» балық питомнигі» РМК егері, өзін-өзі ұсынған А. Т. Исаев, Өркендеу ауылдық округінің әкімі болып Қазалы аудандық қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі «AMANAT» партиясынан ұсынылған Қ. М. Қуаңғали сайланды;
- 15.05.2022 ж. өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Қызылорда қаласы Белкөл кентінің, Жалағаш ауданы Жалағаш кентінің және өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Жалағаш ауданы Еңбек және Мақпалкөл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлауға барлығы 17 кандидат ұсынылып, 12-і сайлау бюллетеньдеріне енгізілді (2-і «AMANAT» партиясынан, 10-ы өзін-өзі ұсынған). Дауыс беруге тізімдерге енгізілген 13869 сайлаушының 11458-і қатысты. Нәтижесінде, Белкөл кентінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған Белкөл кенті әкімі аппаратының бас маманы Ж. Х. Сәду, Жалағаш кентінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған Жалағаш кенті әкімі аппаратының бас инспекторы М. С. Жамалатов, Еңбек аулдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясынан ұсынылған Еңбек аылдық округінің әкімі Қ. Ж. Қалданов, Мақпалкөл ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясынан ұсынылған Мақпалкөл ауылдық округінің әкімі Б. Ө. Тұңғышбаев сайланды;
- 29.05.2022 ж. өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Қызылорда қаласының Қызылөзек, Шиелі ауданының Қоғалы, Ақтоған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлауға барлығы 10 кандидат ұсынылып, 8-і бюллетеньге енгізілді (2-і «AMANAT» партиясынан, 6-ы өзін-өзі ұсынған). Дауыс беруге 2955 сайлаушының 2543-і қатысты. Нәтижесінде, Қызылөзек ауылдық округінің әкімі болып Қызылөзек аулдық округінің әкімі, өзін-өзі ұсынған С. Н. Әбдіжаппар, Қоғалы ауылдық округінің әкімі болып Қоғалы ауылдық округінің әкімі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған Ғ. М. Сейтов, Ақтоған ауылдық округінің әкімі болып Ақтоған ауылдық округінің әкімі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған Е. С. Ахметжанов сайланды;
- 03.07.2022 ж. өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Жалағаш ауданының Ақсу, Жаңаталап ауылдық округтері және Шиелі ауданының Алмалы, Жиделіарық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлауға барлығы 16 кандидат ұсынылып, 12-і сайлау бюллетеньдеріне енгізілді (2-і «AMANAT» партиясынан, 10-ы өзін-өзі ұсынған). Дауыс беруге 3216 сайлаушының 2466-ы қатысты. Нәтижесінде, Ақсу ауылдық округінің әкімі болып Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының статисті, өзін-өзі ұсынған М. Т. Шілдебаев, Жаңаталап ауылдық округінің әкімі болып Жаңаталап ауылдық округінің әкімі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған К. Б. Абдикаликов, Алмалы ауылдық округінің әкімі болып уақытша жұмыссыз О. А. Абдикаримов, Жиделіарық ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясынан ұсынылған Жиделіарық ауылдық округінің әкімі Е. Ш. Абилдашев сайланды;
- 10.07.2022 ж. өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті әкімінің сайлауы өтті. Сайлауға барлығы 6 кандидат ұсынылып, 2-і бюллетеньдерге енгізілді («AMANAT» партиясынан және өзін-өзі ұсынған). Дауыс беруге 18098 сайлаушының 12767-і қатысты. Нәтижесінде, Жаңақорған кентінің әкімі болып «ORDA Сыганак» ЖШС-нің кеңесшісі, «Аманат» партиясынан ұсынылған А. И. Ибрагимов сайланды;
- 31.07.2022 ж. өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Жалағаш ауданы М. Шәменов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлауға барлығы 3 кандидат өзін-өзі ұсынып, сайлау бюллетеніне енгізілді. Дауыс беруге 608 сайлаушының 515-і қатысты. Нәтижесінде, М. Шәменов ауылдық округінің әкімі болып осы ауылдық округінің әкімі Г. С. Есжанов сайланды;
- 14.08.2022 ж. өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қазалы ауданының Бозкөл а/о әкімінің сайлауы өтті. Сайлауға барлығы 4 кандидат (1-і «AMANAT» партиясынан, 3-і өзін-өзі ұсынған) ұсынылып, сайлау бюллетеніне 3 кандидат енгізілді. Дауыс беруге 527 сайлаушының 475-і қатысты. Нәтижесінде Бозкөл а/о әкімі болып «AMANAT» партиясынан ұсынылған Бозкөл ауылдық округінің әкімі А. Б. Бөлебай сайланды;
- 04.09.2022 ж. өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Шиелі ауданының Тартоғай, Сұлутөбе ауылдық округтері әкімдерінің және өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Шиелі кенті мен Жуантөбе ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлауға барлығы 16 кандидат (2-і «AMANAT» партиясынан, 14-і өзін-өзі ұсынған) ұсынылды. Дауыс беруге 27048 сайлаушының 19622-і қатысты. Нәтижесінде, Тартоғай ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған Тартоғай а/о әкімі аппаратының бас маманы А. Ахметов, Сұлутөбе ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясынан ұсынылған Сұлутөбе ауылдық округінің әкімі К. Маматов, Жуантөбе ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А. Есимов, Шиелі кентінің әкімі болып «AMANAT» партиясынан ұсынылған Талаптан ауылдық округінің әкімі А. Өмірәлі сайланды;
- 18.09.2022 ж. Арал ауданында өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Жақсықылыш кенті және өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Ақирек ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлауға барлығы 9 кандидат ұсынылды (1-і – «AMANAT» партиясынан, 8-і өзін-өзі ұсынған). Сайлау бюллетеньдеріне 6 кандидат енгізілді. Сайлауға 3411 сайлаушының 2539-ы қатысты. Нәтижесінде, Жақсықылыш кентінің әкімі болып «AMANAT» партиясынан ұсынылған Жақсықылыш кентінің әкімі П. Берсүгіров, Ақирек ауылдық округінің әкімі болып Ақирек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы К. Аманжолов сайланды.
- 16.10.2022 ж. өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Арал ауданының Секесеуіл кенті, Қазалы ауданының Аранды ауылдық округі, Сырдария ауданының Шаған ауылдық округі, Жаңақорған ауданының Шалқия кенті мен Төменарық ауылдық округі және өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Қазалы ауданының Құмжиек ауылдық округі мен Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлауға ұсынылған 27 кандидаттың 23-і сайлау бюллетеньдеріне енгізілді. Сайлауға барлығы 17863 сайлаушының 14379-ы қатысты. Нәтижесінде, Сексеуіл кентінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған Сексеуіл кентінің әкімі С. К. Турешов, Аранды ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясынан ұсынылған Аранды ауылдық округінің әкімі А. А. Томаев, Құмжиек ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясынан ұсынылған «Қазалы ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры А. Б. Абилов, Шаған ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған «Шаған-Жер» ЖШС-і директорының орынбасары Н. Ж. Смайлов, Талаптан ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған Талаптан ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Х. А. Тажиев, Шалкия кентінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған «Асылжан KZ» ЖШС-і директорының орынбасары Ғ. Б. Ерақынов, Төменарык ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясынан ұсынылған уақытша жұмыссыз Б. Н. Аймбетов сайланды.
- 18.12.2022 ж. өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Қызылорда қаласының Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлауға барлығы 1301 сайлаушының 1172-і қатысты. Кандидаттыққа ұсынылған 5 адамның 3-і сайлау бюллетеніне енгізілді. Нәтижесінде, Ақжарма ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған «Байқоңыр» ӘКК жетекші менеджері С. Б. Әбдіреев сайланды.
Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған 11 әкімнің 4–і зейнетке шығуына, 3-і басқа жұмысқа ауысуына, 3-і денсаулық жағдайы бойынша, 1-і өз еркімен қызметінен кетуіне байланысты болды.
Аталған сайлауларға жалпы өзін-өзі ұсынған 109 кандидат және саяси партиялардан 20 кандидат (17-і - «Аманат», 2-і - ҚХП, 1-і – «Ақ Жол»), барлығы 129 кандидат ұсынылды.
Кандидаттардың 2-не тірекеу үшін қажетті құжаттарды толық ұсынбауына (сайлаушылардың 1% мөлшерде қолдау қолдарын жинай алмаған) байланысты тіркеуден бас тартылған, 2-не декларацияланған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің анық еместігі анықталуына байланысты, 15-нің біліктілік талаптарға сай келмеуі себебінен және 16-нің өз өтініші негізінде кандидатурасы алынып тасталған.
Сайлау бюллетеньдеріне ұсынылған 129 кандидаттың 94-і енгізілді. Дауыс беруге тізімге енгізілген 98380 сайлаушының 75383-і қатысты.
1 мандатқа ұсынылған кандидаттардың орташа бәсекелестігі 4 адамды құраған болса, дауысқа түскен кандидаттардың орташа бәсекелестігі 2,9 болды.
Сайланған 32 әкімнің 17-і «АМАNАТ» партияcынан, 15-і өзін-өзі ұсынған. Сондай-ақ, 30-ы «АМАNАТ» партиясының, 1-і «Ауыл» партиясының мүшелері болса, 1-і – партияда жоқ.
Сайланған әкімдердің сапалық құрамы: орташа жасы 47,4 жасты құрайды, ең жасы 1990 ж.т., ең үлкені 1962 ж.т. Барлығы ер адам және барлығының ұлты қазақ, 23-і мемлекеттік қызметші, о. і. 14-і бұрынғы әкімдер, 4-і бюджеттік сала қызметкері, 3-і – коммерциялық ұйым өкілі, 2-і уақытша жұмыссыз.
Мамандығы бойынша: 9-ы заңгер, 7-і экономика-қаржы, 8-і – инженер, 5-і педагог, 2-і агроном, 1-і музыкант.
Дауыс беру учаскелерінде кандидаттардың 150 сенімді өкілдері мен 351 байқаушы болған.
Сайлауға 6 аудандық және 1 қалалық аумақтық сайлау комиссияларының 49 мүшесі және 79 учаскелік сайлау комиссияларының 544 мүшесі тартылды.

 

Дата публикации
12 июня 2025
Дата обновления
12 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы