Лого

Меню

Страницы

Статья

Облыстық мәслихаттың бюджет жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

19 мамыр күні Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Балжан Шәменованың төрағалығымен комиссия отырысы өтті. Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары қатысты.
Комиссия отырысында күн тәртібіне ұсынылған келесі мәселелер қаралды:
1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне енетін өзгерістер;
2. Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы;
3. Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелерді депутаттар егжей-тегжейлі талқылап, бюджетті жоспарлаудағы өзекті мәселелер мен оның орындалу маңыздылығына тоқталды. Одан соң, бірқатар сұрақтарын қойып, басқарма басшылары тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Отырыс соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныстары ескеріліп, шешім жобасы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына ұсынылды.

Дата публикации
22 мая 2025
Дата обновления
22 мая 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы