Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2025 жылдың 1 сәуіріне халық саны – 846,7 мың адам, оның ішінде қала халқы -399,0 мың адам (47,1%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,2%, орыстар – 1,5%, кәрістер – 1% және басқалары – 1,3%.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 342,7 млрд.теңгені құрады, НКИ – 102,3%.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 124,0 млрд.теңгені құрады, НКИ – 123,6%.
2025 жылы өңдеу өнеркәсібінің өнімін ұлғайтуға бағытталған құны 21,1 млрд.теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылады деп жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 19,4 млрд. теңгені құрады немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 102,3%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 159,2 млрд. теңге, НКИ – 115,3%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 50,9 млрд. теңгені құрады, немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 165,5%. 187,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 3,4%).
Сауда көлемі 4,3% -ға артып, 247,5 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 64,5 мың бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ-101,7%.
Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында шағын және орта бизнесті несиелері бойынша 2025 жылы барлығы – 7 603,5 млн. теңге, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 6964,8 млн. теңге, ал ішінара кепілдендіру құралына 319,5 млн. теңге, бизнес-идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге 70,0 млн. теңге, инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізуге 249,2 млн.теңге қарастырылды.
Жергілікті бюджетке 53 506 млн. теңге өз кірістері түсті, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23%-ға ұлғайып немесе 10 022,3 млн.теңгеге артқан.