2025 жылдың I тоқсан қорытындысымен 4 роуд-шоу ұйымдастырылды, оның ішінде, шет мемлекеттерге 1 іссапар (Қытай - 1), ал Қызылорда облысына 3 жұмыс сапарлары ұйымдастырылды (1 испандық, 1 татарстандық, 1 корейлік).
2024 жылдың 2-7 желтоқсан күндері аймақ басшысы Н. Нәлібаевтың Испания еліне жасаған іссапарында «Рока» компаниясы өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында, керамика өнімдерін шығаратын зауыт орналастыру бойынша мәселелер талқыланған болатын.
Нәтижесінде, а.ж. 20-22 қаңтар аралығында «Рока» компаниясы өкілдері облысқа іссапармен келіп, облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтің қабылдауында болды. Іссапар аясында өнідіріске қажетті шикізат пен инженерлік-инфрақұрылым жеткізушілермен (электр, су, газ желілері мен автомобильді/теміржол жолдары) кездесті.
Анықтама: «Латон Маркет», «Aral quartz» - кварц құмы (Қызылорда), «Ай Орда» - саз (Қызылорда), «Zerde Minerals» - каолин (Ақтөбе облысы), «Shaltas mineral» - дала шпаты (Қарағанды облысы), «Арал сода» - кальциленген сода (Қызылорда).
А.ж. 7 ақпан күні облысқа Татарстанның уәкілетті өкілі Д. Валеевтің іссапары ұйымдастырылды. Іссапар барысында, облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтің қабылдауында болып, жергілікті кәсіпорындар жұмысымен танысты.
А.ж. 23 ақпан – 1 наурыз аралығында облыс әкімі Н. Нәлібаев бастаған бір топ облыстық бизнес-делегацияның Қытай Халық Республикасының Шаньси, Сычуань, Цзяньси және Нинься-Хуэй провинцияларына жұмыс сапары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Нинься-Хуэй және Сычуань провинцияларында 100-ге жуық қытайлық компаниялардың қатысуымен ынтымақтастық орнату туралы бизнес-форумдар өткізілді. Іс-шаралар аясында облыстың инвестициялық әлеуеті, инвестор қажет ететін жобалар таныстырылып, G2B, В2В кездесулер өткізілді.
Атқарылған жұмыстар мен іссапар нәтижесінде ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында озық технологияларды енгізу бойынша жалпы құны 10,8 млрд. теңгені құрайтын 9 келісім-шартқа қол қойылды.
А.ж. 31 наурыз күні «With You» АҚ-ның өкілдерінің іссапары ұйымдастырылып, облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтің қабылдауында болған болатын. Кездесу барысында, жобаның II-кезеңі - «қатты тұрмыстық қалдықтарды өртеу арқылы электр энергиясын өндіру зауытының» құрылысы бойынша үшжақты Меморандумға қол қойылды.
Зауыт қоқысты өртеу арқылы 20 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіруді жоспарлауда. Жоба құны – 100 млн. АҚШ долл.. Қазіргі таңда, жобаны жүзеге асыру бойынша тиісті жұмыстар басталды.