18 ақпан күні облыстық мәслихаттың Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Бірлескен отырысқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық мәслихат аппаратының басшысы, тиісті басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе «2025-2027 жылдарға арналған бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 130 шешіміне енетін өзгерістер бойынша 17 ақпан күні өткен облыстық Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысында шешім жобасы талқыланып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылған болатын.
Соған сәйкес, бүгінгі бірлескен отырыста облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Фарида Аббасова депутаттардың тарапынан болған ұсыныстарға зерделеу жұмыстарының жүргізіліп, нәтижесінде қолдау тапқан мәселелерге тоқталып өтті.
Одан соң, депутаттардың бірқатар сұрақтарына облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, тиісті басқарма басшылары егжей-тегжейлі жауаптарын берді.
Одан бөлек, күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласының көшелерін атау және қайта атау туралы» № 223 шешіміне өзгерістер енгізу; «Қызылорда қаласының көшелерін атау және қайта атау туралы» №333 шешіміне өзгерістер енгізу; «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» №143 шешіміне өзгеріс енгізу;
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» № 352 шешіміне толықтырулар енгізу; «Қызылорда облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» № 263 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер талқыланды.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіне ұсынылған 6 мәселенің шешім жобасын сессия қарауына жіберу туралы бірауыздан қаулы қабылданды.