18 ақпан күні облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Б.Сандыбаевтың төрағалығымен тұрақты комиссияның отырысы өтті. Аталған отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары және мамандары қатысты.
Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде:
1) «2025-2027 жылдарға арналған бюджет туралы»;
2) «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» №143 шешіміне өзгеріс енгізу;
3) «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» №352 шешіміне толықтырулар енгізу;
4) «Қызылорда облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» 4 мәселе қаралды.
Отырыста аталған мәселелер бойынша басқарма басшылары хабарлама жасап, хабарламадан соң, депутаттардың тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. Отырыс соңында күн тәртібіндегі 4 мәселе бойынша шешім жобасы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына ұсынылды.