Лого

Меню

Страницы

Статья

Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

17 ақпан күні облыстық мәслихат депутаты, Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Б.Шәменованың төрағалығымен тұрақты комиссияның отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары мен сала мамандары қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Алдымен «2025-2027 жылдарға арналған бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы №130 шешіміне енетін өзгерістер бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ф.Аббасова хабарлама жасады.
Хабарламадан соң, депутаттар бірқатар ұсыныстарын айтып, басқарма басшысының міндетін атқарушы Ф.Аббасова көтерілген мәселелерге сәйкес алдағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қосымша жауап беретіндігін жеткізді.
Мұнан соң, «Қызылорда қаласының көшелерін атау және қайта атау туралы» №223 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Қызылорда қаласының көшелерін атау және қайта атау туралы» №333 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер бойынша облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Р.Каюпов хабарлама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.
Отырыс соңында күн тәртібіндегі 3 мәселе Қазақстан Республикасының заңдылығын сақтай отырып, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына жіберілді.

Дата публикации
21 февраля 2025
Дата обновления
21 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы