Лого

Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімі Н.М. Нәлібаевтың 2024 жылы Қызылорда қаласы және аудан халқымен кездесуі барысында тұрғындар тарапынан көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

№

Мәселелер тізбесі

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

 

 

АРАЛ АУДАНЫ

 

1.        

Ақбасты елді мекенін ауыз сумен қамту

2021-2025 жылдар

Арал ауданының әкімдігі,

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Құрылыс жұмыстары 2021 жылы бастау алған. Тапсырыс беруші - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті. Мердігер мекеме – «САПА ҚҰРЫЛЫСЫ 2007» ЖШС. Жоба құны - 3,1 млрд. теңге. Қазіргі таңда, Ақбасты елді мекенінде 117 шақырым магистральды, 5,2 шақырым ішкі ауыз су желісі жүргізіліп, тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандарға су есептеу құрылғылары орнатылды. Сондай-ақ, елді мекендегі 80 тұрғын үйге сервистік желі жүргізілді. Елді мекендегі сорғы станциясының құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, су мұнарасы монтаждалды.

 

2.        

Шижаға елді мекенін көгілдір отынға қосу

2024 жыл

Арал ауданының әкімдігі,

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Құрылыс жұмыстары 2024 жылы бастау алып, пайдалануға берілді. Тапсырыс беруші Арал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі. Мердігер мекеме - «JANA KZ QURYLYS» ЖШС. Жоба құны – 1 528,2 млн. теңге.

Жобада көрсетілген 42,7 шақырым газ құбыры жүргізіліп, бүгінгі күні елді мекендегі 145 үй көгілдір отынға қосылды.

3.        

Ақшатау елді мекенінен                          60 орындық мектептің құрылысын салу

2024 жыл

Арал ауданының әкімдігі

Құрылыс жұмыстары 2024 жылы тамыз айында бастау алып, қыркүйек айында пайдалануға берілді.

Мердігер мекеме – жеке кәсіпкер «А. Жалғасбаев». Жоба құны – 420 млн. теңге. Нысан құрылысы толық аяқталып, құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

 

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

 

4.        

Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен көлемі 600 гектар жер учаскесінен салынатын тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (ауыз сумен жабдықтау)

2025 жыл

Қазалы ауданының әкімдігі,

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Жоба құны – 2 740,0 млн. теңге. Жоба әзірленіп, 2022 жылдың 9 қыркүйегімен №КАZЕ-0179/22 сараптама қорытындысы алынды.

Бүгінгі күнге, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жобаны қаржыландыру үшін тиісті ұсыныс хат (бюджеттік өтінім) жолданды.

5.        

Қазалы ауданы Әйтеке би кентінен көлемі 600 гектар жер учаскесінен салынатын тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (электрмен жабдықтау)

2025 жыл

Қазалы ауданының әкімдігі,

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Жоба құны – 1 336,950 млн. теңге. Жоба әзірленіп, 2022 жылдың 21 шілдесінде №НЭ-0079/22 оң сараптама қорытындысы алынды. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына 2025 жылдың 27 қаңтарында бюджеттік өтінім ұсынылады.

6.        

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ү. Түктібаев ауылының жаңадан ашылған тұрғын аймақтарын электрмен қамту құрылысы

2025 жыл

Қазалы ауданының әкімдігі,

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Жоба құны – 253,157 млн. теңге. Жоба әзірленіп, 2022 жылдың 10 маусымында № МАРАТ-0031/22 оң сараптама қорытындысы алынды. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына 2025 жылдың 27 қаңтарында бюджеттік өтінім ұсынылады.

7.        

Қазалы ауданы, Көларық ауылдық округі, Ақтан батыр елді мекеніне орамішілік газ желілерінің құрылысы

2024-2025 жылдар

Қазалы ауданының әкімдігі

Жоба құны – 354 млн. теңге. 2024 жылы ОБ-тен 325,9 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Яғни, 17,5 шақырым орта және төмен қысымды газ желісі жүргізілді. Мердігер мекеме «Строительная компания Орда-Құрылыс» ЖШС-і.

Құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін 2025 жылға ОБ-тен 28,1 млн. теңге қаржы бөлінді. Ақтан батыр елді мекенін табиғи газға қосу 2025 жылдың наурыз айында жоспарланып отыр.

 

8.        

Қазалы ауданы, Абай елді мекеніне орамішілік газ желісінің құрылысы

2023-2024 жылдар

Қазалы ауданының әкімдігі

Жоба құны – 373,3 млн. теңге.

2023 жылы 41 млн. теңге (ОБ - 36 млн. теңге, АБ - 5 млн. теңге) бөлінсе, 2024 жылы аяқтауға 306 млн. теңге (ҰҚ-дан 25 млн. теңге, ОБ-281,0 млн теңге) бөлініп, Абай ауылы 2024 жылдың қазан айында табиғи газға қосылды. Нәтижесінде 193 тұрғын үй, 8 әлеуметтік нысандар табиғи газбен қамтылды.

 

9.        

Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті – Қазалы қаласы 0-7 шақырым автомобиль жолын қайта жаңғырту

2020-2024 жылдар

Қазалы ауданының әкімдігі,

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Жоба құны – 2,7 млрд. теңге.

Қаралған қаржыға ұзындығы 7,1 км қалындығы 10 см болатын қарақиыршықтасты асфальт жабындысын төсеу және 8 см ірі түйіршікті асфальт жабындысын салу жұмыстары жүргізілді. Жол бойында 2 көпір және 2 су өткізу құбыры қайта жаңартылды. Нысан 2024 жылдың қазан айында пайдалануға берілді.

 

 

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ

 

10.     

Дауылкөл, Ақжар және Жаңажол ауылдық округтерінде жаңадан дәрігерлік амбулатория құрылысын салу

2024 жыл

Қармақшы ауданының әкімдігі,

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

2023 жылы Дауылкөл (РБ-391,0 млн.теңге), Ақжар (РБ-392,8 млн.теңге), Жаңажол (РБ-396,6 млн.теңге) ауылдық округтеріндегі дәрігерлік амбулаторияларының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

11.     

ІІІ Интернационал және Жаңажол ауылдық округтеріне заман талаптарына сәйкес дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

2024 жыл

Қармақшы ауданының әкімдігі,

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, облыстық экономика және қаржы басқармасы

ІІІ Интернационал және Жаңажол ауылдық округтерінде дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу үшін 2023-2024 жж қаржылар бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды. (Дүр Оңғар ауылы бойынша құрылыс жұмыстарының келісім шарт  құны 381,5 млн. тг, ІІІ Интернационал ауылы бойынша құрылыс жұмыстарының келісім шарт құны 364.1 млн. тг).

12.     

Төретам кенті мен Ақай ауылдық округін газдандыру жұмыстарын аяқтау

2024 жыл

Қармақшы ауданының әкімдігі,

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

«Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округінің газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы» жобасы 2023 жылы және «Төретам кентінің газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы» жобасы 2024 жылы толық аяқталып, аталған екі елді мекен толық газдандырылды.

13.     

«Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев» автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын аяқтау

2023-2024 жылдар

Қармақшы ауданының әкімдігі,

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

2023-2024 жылдары аудандық маңыздағы «Самара – Шымкент - Ақжар – Тұрмағанбет - Көмекбаев» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары атқарылды. Жоба құны - 1 445 000,0 мың теңге. Келісім-шарт құны-1333 710,535 мың теңге. Бүгінгі күнге 27 шақырым автомобиль жолына қара қиыршық тас төселіп, жол пайдалануға берілді.

14.     

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша Жосалы кентінде орналасқан №105 мектеп-лицейі және Интернационал ауылындағы №108 орта мектебі ғимаратын салу

2024-2025

жылдар

Қармақшы ауданының әкімдігі,

Облыстық білім басқармасы, Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Қазіргі таңда қаржыландыру көздері болмағандықтан жобалардың іске асырылуы уақытша тоқтатылды. 

15.     

Төретам кентін газдандыру жұмыстарын аяқтау

2023-2024 жылдар

Қармақшы ауданының әкімдігі,

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

2022 жылы «Қармақшы ауданы Төретам кентінің газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы» жобасы 2024 жылы аяқталды.

16.     

«Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев» автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын жалғастыру

2023-2024

жылдар

Қармақшы ауданының әкімдігі,

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

2023-2024 жылдары аудандық маңыздағы «Самара – Шымкент - Ақжар – Тұрмағанбет - Көмекбаев» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары атқарылды. Жоба құны - 1 445 000,0 мың теңге. Келісім-шарт құны-1333 710,535 мың теңге. Бүгінгі күнге 27 шақырым автомобиль жолына қара қиыршық тас төселіп, жол пайдалануға берілді.

 

17.     

Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев, Ақтөбе, Иркөл ауылдарында электр беру желісінің құрылысын жүргізу

2024 жыл

Қармақшы ауданының әкімдігі,

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,

 

Келісім шарт құны – 292,759 млн. теңге. Құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды.

«Қармақшы ауданы Көмекбаев елді мекеніндегі тұрғын үй секторының инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылымының (электр беру желілерінің) құрылысы» бойынша («Нұрай-Ақжол РГ» ЖШС-гі). Келісім шарт құны – 186,246 млн. теңге. Құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан пайдалануға тапсырылды.

«Қызылорда облысы Қармақшы ауданы  Иіркөл ауылының ВЛ-10/0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы» бойынша («ҚазалыСтройСервис» ЖШС-гі). Негізгі келісім шарт құны – 226,129 млн. тг. 2024 жылға мердігермен келісім шарт құны – 95,814 млн. теңге. Нысан 2025 жылға өтпелі.

 

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

 

18.     

Елді мекендерді жаңадан жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз ету

2024 жыл

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы,

Жалағаш ауданының әкімдігі

Облыс әкімінің қолдауымен облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы 2024 жылы 11 жедел жәрдем автокөлігі алынып, елді мекендерге берілді.

19.     

Бұқарбай батыр ауылдық округінің тұрғыны Ким Надежда Васильевнаны тұрақты жұмысқа орналастыру

2024 жыл

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы,

Жалағаш ауданының әкімдігі

Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі музейге техникалық қызметкер болып орналасты

20.     

Таң ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеу

2024 жыл

Жалағаш ауданының әкімдігі

Облыстық бюджеттен 351,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

21.     

Т.Жүргенов елді мекенінің электр желілерін жаңарту

2024 жыл

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,

Жалағаш ауданының әкімдігі

 

Т.Жүргенов елді мекенінің электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына республикалық бюджеттен 414,4 млн. теңге бөлініп, пайдалануға берілді.

22.     

Аламесек ауылдық округінің ішкі көшелерін күрделі жөндеу

2024 жыл

Жалағаш ауданының әкімдігі

Аламесек ауылдық округіндегі
5 көшеге облыстық бюджеттен 545,8 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

 

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ

 

23.     

Жетікөл елді мекені аумағында орналасқан шабындық жерлер мен көл тоғандарды аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау

2024 жыл

 

 

Сырдария ауданының әкімдігі,

«Қазсушар» РМК филиалы

«Сырдариясушар» өндірістік учаскесімен Жетікөл елді мекен аумағында орналасқан шабындық, жайылымдық және көл тоғандарды аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «Қараөзек», «Жетікөл-Жарма» каналдары арқылы қараша айында 252 млн. текше метр экологиялық су жіберілді.

Қазіргі уақытта да Сырдария өзеніне мол судың келуіне байланысты каналдар мен көлдерге 7 метр куб су жіберілуде.

 

24.     

А.Тоқмағанбетов және С. Сейфуллин ауылдарын табиғи газға қосу

2024 жыл

 

Сырдария ауданының әкімдігі,

Облыстық энергетика және

коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында «Сырдария ауданы, С.Сейфуллин елді мекенінің орамішілік газ тарату желілерін және тартылатын газ құбырын салу жобасының құны – 447 486,4 мың теңге. 2023 жылға құрылыс монтаж жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен  20,0 млн. теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС арқылы жұмыстар басталған болатын. 2024 жылға қаржысы толық бөлініп, С.Сейфуллин елді мекені табиғи газға қосылды.

Сонымен қатар, 2023-2024 жылдарға А.Тоқмағанбетов елді мекенінің орамішілік газ тарату желілерін және тартылатын газ құбырын салу жобасына 488,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС арқылы жұмыстар толығымен аяқталып, А. Тоқмағанбетов елді мекені табиғи газға қосылды.

25.     

Шаған ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу

2024 жыл

 

Сырдария ауданының әкімдігі,

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

«Сырдария аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК тарапынан Шаған ауылдық округінде орналасқан дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстарына 2025 жылға «Ауыл – ел» бесігі бағдарламасы арқылы 134 млн. теңге қаржы бөлінді. 2025 жылы күрделі жөндеу жұмыстары атқарылатын болады.

26.     

2024 жылдың соңына дейін Тереңөзек кентінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін 140 пәтер сатып алу

2024 жыл

 

Сырдария ауданының әкімдігі

Тереңөзек кентінен әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға жалға берілетін 2 пәтерлі 70 тұрғын үй (140 пәтер) сатып алынып, заңдылыққа сәйкес кезекте тұрған азаматтарға берілді.

 

ШИЕЛІ АУДАНЫ

 

27.     

Елді мекендерді жаңадан жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз ету

2024 жыл

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы,

Шиелі ауданының әкімдігі

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы 2024 жылға 30 жедел жәрдем автокөлігі алынды. Сонымен қатар Еңбекші ауылдық округіне «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС демеушілігімен «Hyundai І30» жедел-жәрдем реанимобильді көлік сыйға тартылды.

28.     

Ауыл ардагері Османов Әділхан ақсақал немересін (Әділхан Рахат) мемлекеттік қызметке орналастыру

2024 жыл

Облыстық мемлекеттік қызмет істер агенттігі,

Шиелі ауданының әкімдігі

Әділхан Рахат Телікөл ауылдық округ әкім аппаратына 2024 жылы 9 шілдеде бас маман лауазымына орналасты.

29.     

Елді мекендерді көгілдір отынға қосу

2024 жыл

Шиелі ауданының әкімдігі

Жалпы құны 3 млрд 755 млн теңгеге көгілдір отын тарту құрылыс жұмыстары жүргізіліп, Еңбекші, Жиделіарық, Бестам, Телікөл, Ақтоған, Алмалы және Ортақшыл елді мекендері толығымен табиғи газға қосылды.

30.     

Елді мекенге заман талаптарына сәйкес жаңадан дәрігерлік амбулатория салу

2024 жыл

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Шиелі ауданының әкімдігі

Жалпы құны 1,6 млрд теңгені құрайтын Алмалы, Тәжібаев, Ортақшыл, Тартоғай, Бестам дәрігерлік амбулаториялардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, пайдалануға берілді.

31.     

Кент көшелерін күрделі жөндеу

2024 жыл

Шиелі ауданының әкімдігі

Жобалық құны 1 млрд. 458 млн. теңге болатын аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарына                816 млн теңге, Тәуелсіздік көшесіне 346 млн теңге, Дәулеткерей және М.Шоқай көшелеріне күрделі жөндеуге 296 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.

 

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ

 

32.     

Жаңақорған ауданындағы Сунақ ата, Еңбек, Екпінді, Қожамберді, Сүттіқұдық елді мекендерін 2025 жылы газдандыру үшін қаржы бөлу мәселесін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс, Қаржы министрліктерімен пысықтап, тиісті шаралар қабылдау.

2025 жыл

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,

Жаңақорған ауданының әкімдігі

Жаңақорған ауданы әкімдігі тарапынан Жаңақорған ауданындағы Сунақ ата, Еңбек, Екпінді, Қожамберді, Сүттіқұдық елді мекендерін газдандыруға жоба сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыру үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.

Басқармамен 2025 жылғы республикалық бюджеттің бірінші нақтылануына бюджеттік өтінім ұсыну жоспарланған.

33.     

Жаңақорған кентінде орналасқан аяқталмай қалған темір жол үстінен өтетін көпір құрылысын аяқтап, пайдалануға беру

2024-2025 жылдар

Жаңақорған ауданының әкімдігі,

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Аймақ басшысының қолдауымен құрылысы Тәуелсіздікке дейінгі жылдары басталып, аяқсыз қалған Жаңақорған кентіндегі темір жол өткелін күрделі жөндеу жұмысы қолға алынған.

Жобаның құны – 1 млрд. 414,3 млн. теңге.

2024 жылы жергілікті бюджеттен 355,7 млн. теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысымен «НС Сервис» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, 2024 жылдың 10-шы маусымынан жөндеу жұмыстары басталған. 2025 жылға аудандық бюджеттен 351,6 млн. теңге қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарлануда.

34.     

Жаңақорған кентіндегі «Саяжай - 1» учаскесінің (300 га) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес инженерлік инфрақұрылым желілері құрылысын салу (электр, газ, ауыз су, тас жолмен жабдықтау) жұмыстарына қажетті қаржы бөлу мақсатында тиісті министрліктермен жұмыстар жүргізу.

2025-2026 жылдар

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,

Жаңақорған ауданының әкімдігі

 

 

Жаңақорған ауданы әкімдігімен Жаңақорған кентіндегі «Саяжай - 1» учаскесінің (300 га) егжей - тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес инженерлік инфрақұрылым желілері құрылысын салу (электр, газ, ауыз су, тас жолмен жабдықтау) жұмыстарына жоба сметалық құжаттамасы әзірленіп, облыстық басқармаға қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім ұсынылған.

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының 2024 жылдың 20 наурыздағы №02-3/1567 санды хатымен 2024-2026 жылдарға республикалық бюджеттен қаржыландыруға құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне 2024 жылғы нақтылауға бюджеттік өтінім ұсынылып, қолдау таппаған болатын.

Облыстық басқармамен 2025 жылғы республикалық бюджетті нақтылау барысында тиісті министрлікпен қаржы бөлу мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Анықтама үшін:

Бүгінгі күнге, 2025 жылға «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Жаңақорған кентінде  Саяжай-1 учаскесінің (300 га) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес инженерлік инфрақұрылым желілері құрылысын салу. Электрмен жабдықтау» жобасын (жалпы сметалық құны–2 261,139 млн. теңгені) бастауға республикалық бюджеттен 400,0 млн.теңге қаржы бөлінді.

35.     

Көктөбе ауылындағы №89 мектепке қосымша ғимарат (спорт зал және акт зал) құрылысын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттамасын демеушілік есебінен әзірлеп, қаржыландыруға ұсыныс енгізу.

2024 жыл

Облыстық білім басқармасы,

Жаңақорған ауданының әкімдігі

 

Жаңақорған ауданы Көктөбе ауылындағы 100 орындық №89 мектеп ғимараты 2004 жылы пайдалануға берілген.

Аталған мектеп ғимаратында спорт және акт залдары мен асхана қарастырылмауына орай, демеушілікпен «Жаңақорған ауданы, Көктөбе а.о. №89 мектеп ғимаратын акт залын, спорт залын, асхана және кабинеттерді қоса отырып қайта жаңғырту» жобасының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 23.12.2024 жылғы №С-0066/24 санды сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба құны 929,0 млн. теңге.

Облыс көлеміндегі құрылысы салынуы жоспарланған әлеуметтік нысандардың кезектілігі бойынша бюджет мүмкіндігіне орай құрылысын салу күтілуде.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ

 

 

36.     

Ақжарма ауылдық округіне көгілдір отын жүргізу

2024 жыл

Қызылорда қаласының

әкімдігі

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақжарма ауылдық округіне қарасты Баймұрат батыр ауылы мен Талдыарал және Төрттам елді мекендеріне табиғи газ жүргізу үшін облыстық бюджеттен 1 млрд. 195 млн.теңге (ОБ) қаржы бөлінді. Мердігер мекеме: «СМП-Қызылорда» ЖШС.

Жобалық-сметалық құжатқа сәйкес жұмыстар толығымен аяқталып, 2024 жылдың 31 желтоқсан күні пайдалануға берілді.

 

37.     

Ж. Махамбетов ауылындағы Е. Адранова көшесімен Қ. Жұмайев көшесінің қиылысына ойын және спорт алаңдарын салуды қамтамасыз ету

2024 жыл

Қызылорда қаласының

әкімдігі

Е. Адранова және Қ. Жұмайев көшесінің қиылысына спорт жаттығу алаңын салуға ауылдың бюджетінен қаржы бөлінді.

Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен «Строй инвест ГС-Қызылорда» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Серіктестік ойын алаңдарын орнату жұмыстарын толығымен аяқтады.

 

38.     

Ақсуат ауылдық округіндегі Бәйтен және Стамбек көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу

2024 жыл

Қызылорда қаласының

әкімдігі,

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

2024 жылы «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 100,6 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесімен «Орда Автодор» ЖШС жеңімпаз болып анықталды.

Бәйтен және Стамбек көшелеріне жол жөндеу жұмыстары жүргізіп, пайдалануға берілді.

39.     

Тасбөгет кенті Наурыз шағын ауданы №8, №10, №13 көпқабатты тұрғын үйлерінің шатырын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастыру

2024 жыл

Қызылорда қаласының

әкімдігі

2024 жылы көпқабатты 7 тұрғын үйдің шатырын қалпына келтіру үшін бюджеттен 53,3 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен «АлиПроект Construction» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Наурыз шағын ауданы №8, №10, №13 көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары қалпына келтірілді

 

Дата публикации
29 января 2025
Дата обновления
29 января 2025
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы