Лого

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2024 жылғы есеп

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептердің жария талқылауларын жылына кемінде бір рет өткізеді.
Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылады.
1. Жалпы ережелер
1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі 2024 жылғы қызметі туралы есеп (бұдан әрі – Есеп) облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтерді қамтиды.
Мемлекеттік қызметтерді 1 522 қызметті көрсетуші мекемелер көрсетеді (207 жергілікті атқарушы орган, 709 ведомстволық бағынысты мекеме, 516 жеке ұйым).
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
Қолданыстағы Тізілімге сәйкес жергілікті атқарушы органдармен 181 мемлекеттік қызмет түрін, оның ішінде 166 түрі немесе электронды түрде 91,7% көрсету көзделген.
Ақысыз негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 157 мемлекеттік қызмет түрі, ақылы негізде – мемлекеттік қызметтің 17 түрі, ақысыз/ақылы түрде – мемлекеттік қызметтің 3 түрі.
2024 жылы Қызылорда облысының жергілікті органдарымен 5 563 096 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- электрондық түрде ақпараттық жүйелер арқылы және «электрондық үкімет» порталы арқылы 5 487 872 қызмет (98,6%);
- мемлекеттік корпорация арқылы – 42 300 қызмет (0,8%)
- мемлекеттік мекемелер арқылы қағаз түрінде – 32 924 қызмет (0,6%) қызмет.
3) сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
2024 жылғы статистикалық ақпаратқа сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 83,3%-ы денсаулық сақтау саласына тиесілі. Мысалы, 2024 жылы денсаулық сақтау саласында 4 636 834 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Дәрігердің қабылдауына жазылу», «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру», «Жедел медициналық көмек шақырту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрлері денсаулық сақтау саласындағы қызметтер бойынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер
Мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік мекемелерде қызметті алушыларға қажетті ақпараты бар ақпараттық тақталар (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, өтініш үлгілері және т.б.) орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімдерінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жыл сайынғы есеп, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері, мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат облыстағы әлеуметтік желілер, БАҚ беттерінде орналастырылуда.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 578 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Электродны қызметтерді насихаттау мақсатында 62 билборд/ баннер орнатылды.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Қызылорда облысында облыстық маңызы бар қалалар мен облыс аудандарында 2 (екі) азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істейді.
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері ҚР Мемекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп қызметті алушыларға «онлайн» жәрмеңкелер өткізді.
Электронды қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында, мектептерде, медициналық мекемелерде 960 "egov.kz" қолжетімділік бұрышы ашылып, тұрақты жұмыс жасауда.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері
ЖАО мемлекеттік қызметтерін көрсетуге 30 ақпараттық жүйе тартылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру және оңтайландыру бойынша орталық мемлекеттік органдарға 74 ұсыныс жолданды.
Онымен қоса, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне енгізу үшін жасырын мемлекеттік қызметті қосу бойынша 1 ұсыныс жолданды.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар
Облыс әкімі аппараты басшысымен бекітілген облыстық салалық басқармалармен мемлекеттік қызмет көрсету процестерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен қызмет көрсетудің бизнес-процестері бойынша түсіндірме семинарларын жүргізу кестесіне сәйкес қызметті беруші ведомстволық бағынысты ұйымдарға қызмет көрсету Қағиларындағы әрбір бизнес процесті қамтыған түсіндірме семинарлары жүргізілді.
Сонымен қатар, 320 қызметкер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес ішкі бақылау қызметтері жүргізетін бақылау іс-шараларының мақсаты бақылау объектілерінің бұзушылықтарды анықтау, жою және оларға жол бермеу болып табылады.
Мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізген ішкі мемлекеттік бақылау шаралары нәтижесімен 179 объекті тексеріліп, 455 заң бұзушылық фактісі анықталды.
Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзудың, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін бұзудың 25 фактісі, бас тарту мерзімін бұзудың 1 фактісі, негізсіз бас тартудың 7 фактісі, НҚА көзделген құжаттардың толық пакеті болмаған кезде мемлекеттік қызметтер көрсетудің 11 фактісі, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етудің 16 фактісі, ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етудің 10 фактісі, Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзудың 182 фактісі, жұмыс кестесін сақтамаудың 13 фактісі, 190 мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу фактісі анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар саны 671 құрайды, оның ішінде 666 ұсыным орындалды. 5 ұсынымның орындалуы бақылауда.
Ішкі мемлекеттік бақылау ұсынымдары шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама нормаларын бұзғаны үшін мемлекеттік органдарының 18 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке («Ескерту» түріндегі) тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Қызылорда облысының әкімдігіне өтініш түспеген.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасымен 2024 жылы жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау бойынша қоғамдық мониторинг «Шығыс Қазақстан жастар ақпарат аналитикалық агенттігі» қоғамдық бірлестігімен жүргізілді.
Мониторинг қорытындысы бойынша Қызылорда облысының тұрғындарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 82,7%-ды құрады, бұл өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда 0,8% - ға жоғары (2023 жылы – 81,9%). Бұл ретте қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің орташа балы ең жоғары 5 балдың 4,70 - ін құрады.
Мониторинг 70 мемлекеттік қызмет түріне жүргізілді, оның ішінде 13 қызмет түрі жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі.
Жалпы, жүргізілген мониторинг нәтижесімен Қызылорда облысында мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін жоғары деп белгілеуге болады, себебі бағалауға қатысқан қызмет алушылардың 82,7 пайызы қызмет көрсету сапасымен толығымен қанағаттанған.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру
Қызылорда облысы әкімдігімен облыс бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы қызметті алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында 2024 жылға төмендегідей іс шаралар жоспарлары бекітілді:
1) мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын арттыру арқылы тұрғындардың мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін көтеру;
2) мемлекеттік қызметтерді алу бойынша тұрғындардың хабардарлығын арттыру;
3) облыстық салалық басқармалармен мемлекеттік қызмет көрсету процестерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен қызмет көрсетудің бизнес-процестері бойынша түсіндірме семинарларын жүргізу кестесі.
Аталған іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы жіті бақылануда.

Дата публикации
22 января 2025
Дата обновления
05 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы