Мемлекеттік сатып алу саласында орталықтандырылған бірыңғай тәжірибені қолдану және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №687 қаулысының негізінде 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық сатып алу конкурстары облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен (әрі қарай -Басқарма) өткізіліп келеді.
2024 жылдың қорытындысымен Басқармамен 400,4 млрд.теңгеге барлығы 5 603 мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды.
5 603 конкурстың 3252 ашық конкурс, 25 аукцион, 1124 рейтингтік-балдық жүйе, 1202 алдын ала іріктеу арқылы өткізілді.
Сонымен бірге, 5 603 конкурстың - 1860 тауарлар (31 млрд.теңге), 1349 жұмыстар (339,8 млрд.теңге), 2394 көрсетілетін қызмет (29,6 млрд.теңге) түрлері бойынша өткізілді.
Бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында Басқарма тарапынан барлық облыстық тапсырыс берушілердің мамандары үшін жыл басынан 19 онлайн-конференция, 53 семинар-кеңес, 22 дәріс, 8 дөңгелек үстел, 1 брифинг және қызметкерлер арасында 37 құқықтық оқыту ұйымдастырылды.