Лого

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (2024 жылға арналған қорытынды есеп)

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шаралар үнемі атқарылып келеді.
Атап айтқанда, облыс әкімінің төрағалық ететін облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия тұрақты негізде жұмыс жасайды (Қызылорда облысы әкімінің 11.12.2017 ж. № 707-ө өкіміне сәйкес құрылған, оның құрамы облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген).
Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының кезекті 4 отырысы өткізіліп, (1-тоқсан: әр түрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы; ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу және осы саланы субсидиялау барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын - алу шаралары туралы; облыстың спорт саласына жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері туралы; құрылыс мерзімі ұзаққа созылған объектілердің қазіргі жағдайы және проблемалық нысандардың санын қысқарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы; 2-тоқсан: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының жүзеге асырылуы, жергілікті атқарушы органдардың жұртшылықпен өзара іс-қимыл мәселелері туралы; Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын жүзеге асыру мәселелері туралы; су тасқынының алдын алуға бөлінген қаражаттардың мақсатты жұмсалуын бақылау туралы; 3-тоқсан: Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты жоспарлау, игеру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері туралы; өңірдегі суармалы жерлерді суару барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы; құрылыс мерзімі ұзаққа созылған нысандардың қазіргі жағдайы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы; жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру туралы; 4-тоқсан: Қызылорда облысы бойынша автомобиль жолдары саласына жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері туралы; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша атқарылған іс-шаралардың және өңірдегі квазимемлекеттік сектор субьектілеріндегі комплаенс қызметтерінің жұмыс сапасы туралы; ҚР Үкіметінің 31.12.2022ж. №1147 қаулысымен бекітілген «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының» іске асырылу барысы туралы) сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңбұзушылықтардың алдын алу бағытында тиісті тапсырмалар берілді.
Бүгінгі таңда облыс әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы шеңберінде № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты іске асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы бойынша жұмыс сапасын арттыру болып табылады.
Жобалық басқару аясында барлық облыстық мемлекеттік органдарда осы № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша 4 жобалар тобы бойынша жұмыстар іске асырылып келеді.
1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау;
3) Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс қызметтерін дамыту;
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Қазіргі таңда, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» бойынша облыстық басқармалар, қала және аудан әкімдіктерінде және оларға қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 529 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» бойынша есепті кезеңде облыс бойынша халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды түсіндіру аясында түрлі форматта 33 шара, ал жастар арасында 252 шара ұйымдастырылды.
Мұнан бөлек, ақпараттық жұмыстар бойынша Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы облыстық «Qyzylorda» және қалалық «Қоғам ТВ» телеарналарында жаңалықтар қызметінен және арнайы «Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік індет», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында 3 бейнероликтер дайындалып, телеарналар эфирінен көрсетілді. Жергілікті баспаларда 123 мақала жарияланды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Облыс көлемінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға» бағытталған әлеуметтік тапсырыс бойынша 9 жобаға 34 536 000 теңге қаржы бөлінді.
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметкерлерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында 88 қызметкер оқытудан өтті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау» бағыты бойынша Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен облыстық басқармаларға 14 шара, қала және аудан әкімдіктерінде 11 шара мен үкіметтік емес ұйымдарда 2 кездесу өткізілді.
«Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерін дамыту» бағыттары бойынша тиісті шаралар сапалы және мерзімінде орындалды.
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсанда ҚР Үкіметінің № 1147 қаулысымен бекітілген «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Жоғарыда аталған қаулыға сәйкес Қызылорда облысының әкімдігімен «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2023 жылғы 27 наурызда № 51 қаулысы қабылданып, атқарылатын функционалдық бағыттарына қарай облыстық басқармалардың 2023-2026 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілді.
Іс-шара жоспарына сәйкес Сыбайлас жемқорлық және адалдық тақырыптарында Қызылорда қаласы мен аудандарда барлығы 136 көрнекі ақпарат құралы (билборд) орналастырылған. Билбордтартың басым көпшілігі қала және аудан орталықтарында ілініп, орналастырылған.
Сонымен қатар, ақпан айында ақпараттық плакаттар А3 форматта-750 дана, А5 форматта-750 дана (барлығы 1500 дана) және 500 дана брошюралар шығарылды. Ақпараттық плакаттар халық көп шоғырланатын жерлерде (аялдама, базарларда) және ойын сауық орталықтарында таратылып, ілінді.

Дата публикации
06 января 2025
Дата обновления
06 января 2025
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы