Лого

Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың 11 айында сыртқы байланыстар және инвестициялар тарту бөлімімен атқарылған жұмыстардың ЕСЕБІ

Есептік мерзімде 42 роуд-шоу ұйымдастырылды, оның ішінде, шет мемлекеттерге 5 іссапар (Түркия – 1, Қытай - 1, Татарстан -1, РФ – 1, Египет -1, Өзбекстан - 1), ал Қызылорда облысына 37 жұмыс сапарлары ұйымдастырылды (11 қытайлық, 1 чехиялық, 1 поляк, 6 түркиялық, 1 беларуссиялық, 4 кореялық, 1 ЕвроОдаққа мүше мемлекеттері, 1 АҚШ, 2 жапондық, 3 вьетнамдық, 1 неміс, 1 француздық, 1 нидерландық,2 ресейлік, 1 иорданиялық).
5 қаңтар күні «Тесис» ЖШС қытайлық серіктесі «China Huaneng Group Co. Ltd» компаниясы өкілдері аймаққа іссапармен келіп, 70 МВт күн электр станциясын салу мәселесін пысықтады.
Іссапар аясында Шиелі ауданына барып, жобаның жүзеге асырылатын орнымен танысты. Жоба құны шамамен 25 млрд.теңгені құрайды.
8-9 қантар күндері облысқа «Global innovators Group» қытайлық компанияның іссапары ұйымдастырылды. Іссапар аясында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысымен ізеттілік жүздесу ұйымдастырылып, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Оның ішінде Арал, Қазалы аудандарында өскен қамысты құрылыс шикізат ретінде шетелге экспорттау бойынша келіссөздер жүргізілді.
11 қаңтарда түркиялық «Yeni Ozturk Kalip» компаниясы өкілдерінің аймаққа іссапары ұйымдастырылды.
Іссапар аясында ұшу-қону жолақтарына арналған авиациялық сигналдық шамдарды шығару жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.
22 қантар күні «Protis Ostrava Inzenyring» чехиялық компанияның өкілдері іссапармен өңірге келіп, облыс әкімінің бірінші орынбасары
Д. Жаналиновың қабылдауында болды.
Кездесу барысында аймақта балық шаруашылығы, энергетика және құрылыс салаларында жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды.
Сондай-ақ, іссапар аясында өңірлік балық шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлермен кездесіп, балық өнімдерін Чехия мен Грузияға экспорттау бойынша келіссөздер жүргізді.
Сонымен қатар, 22 қантар күні «China Nuclear Power Ingeneering Co Ltd» қытайлық компания өкілдері облысқа іссапармен келді. Компания өңірде жаңартылатын энергия көздері жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.
5 ақпан күні «Silk Road Kz» поляк компаниясы өкілдері Қызылорда қаласының әкімі С.С. Қожаниязов және кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Д.Б. Абсаттаровпен кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты – өңірде тауық фермасы, құрама жем өндірісі және қолданыстағы құс фабрикаларын кеңейту жобаларын жүзеге асыру мәселесін талқылау.
1 наурыз күні түркиялық «Baytex tekstil» компаниясының құрылтайшысы Хасан Гуркан Байрам бастаған делегацияның өңірге іссапары ұйымдастырылды.
Іссапар аясында облыс әкімінің орынбасары А.Т.Зебешевпен кездесіп, аймақта тоқыма емес маталарды шығару жобасын талқыланды.
Сонымен қатар, жобаны Қызылорда қаласында орналастыру мақсатында бірқатар өндірістік ғимараттар мен индустриялық аймақтан жер телімдері таныстырылды.
Сондай-ақ, 1 наурыз күні «WithYou EnC» кореялық компания өкілдері өңірге іссапармен келіп, облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу аясында Қызылорда қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытын салу бойынша келіссөздер жүргізілді.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 22 сәуірде аталған компания төрағасы Ан Ён Сон бастаған делегация аймаққа іссапармен келіп, құны
18 млн. АҚШ долл. құрайтын «Қызылорда қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, сұрыптау және өндіру зауытының құрылысы» жобасын жүзеге асыру мәселесін пысықтап, Қызылорда қаласының әкімі С. Қожаниязовпен меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, іссапар аясында Қызылорда қаласының полигон жұмысымен танысып, тиісті ақпараттар алды. Қазіргі таңда жобаны жүзеге асыру мақсатында Қызылорда қаласынан 4 га жер телімін табыстау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
4 наурызда Medal Verwaltungs GmbH неміс компаниясы өкілдерінің Қызылорда облысына іссапары ұйымдастырылды.
Іссапар аясында облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевпен кездесу өткізіліп, Қызылорда қаласында шыны ыдыстарын өндіру зауытын салу жобасы талқыланды.
19 Наурызда облыс әкімінің орынбасары А.Т. Зебешев Қазақстандағы Беларусь Республикасының Елшісі П. Утюпинді қабылдады.
Кездесі барысында Беларусь мемлекеттінің инвестициялық әлеуетін ескере отырып, Қызылорда облысында бірқатар жобаларды жүзеге асыру мәселесін қарастыруды ұсынылды. Атап айтқанда: шыны зауытының жанынан авто және басқа да арнайы техника үшін шыны өндіру, вагон жасау, тамақ және жиһаз өнеркәсібі саласында бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндіктері талқыланды.
2-6 сәуір күндері облыс әкімінің орынбасары А.Т. Зебешев бастаған облыстық делегация Түркия еліне арнайы жұмыс сапарымен барды.
Іссапар барысында түрлі саладағы 12 жергілікті компания өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, 2 компаниямен («Bayteks Tekstil» тоқыма емес маталарды өндіру, «Akplas» жаңбырлатып суару техникасы жобасы) өзара серіктестік бойынша меморандумдарға қол қойылды.
Оның ішінде, «Baytex tekstil» түркиялық компаниясы құны
5,4 млрд.теңгені құрайтын «Тоқыма емес маталарды шығару» жобасын жүзеге асырады деп жоспаралануда. Қазіргі таңда аталған жобаны өңірге орналастыру мақсатында 25 мың шаршы метр жер телімі қарастырылуда
(15 мың жабық, 10 мың шаршы метр ашық алаң).
11-13 сәуірде «BGI Group» қытайлық компанияның профессоры Вань Минь ханым аймаққа арнайы іссапармен келіп, өңірде жасыл екпелерді егу бойынша экологиялық жобаны жүзеге асыру талқыланды.
Іссапар аясында Арал ауданы Шижаға ауылдық округінің құмды аймақтарымен танысып, лабараторлық сараптама жұмыстарын жүргізу мақсатында құм және су үлгілері алынды.
2024 жылғы 24 мамырдағы сараптама қорытындысымен оң нәтиже шықты. Бүгінгі күні егістік маусымына байланысты жоспар құрылуда.
11-17 сәуір аралығында аймаққа ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Ю. Василенко бастаған Еуропалық Одаққа мүше
19 мемлекеттердің Елшілері, сондай-ақ Қазақстандағы АҚШ-тың және Жапон мемлекетінің Елшілері іссапармен келді.
Іссапар аясында «Қызылорда облысының инвестициялық әлеуеті» тақырыбындағы инвестициялық дөңгелек үстелі ұйымдастырылып, сондай-ақ, Арал ауданына Кіші Арал теңізін қалпына келтіру мәселесі бойынша арнайы барды.
18 сәуірде облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтың жапондық Marubeni Corporation компаниясы өкілдерімен кездесуі өткізілді.
Кездесу аясында Арал өңірінің кварц құмдарын пайдалана отырып, кремний жартылай фабрикаттарын өндіру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Жапонияда зертханалық зерттеулер жүргізу мақсатында Наотак Минезакиге Қызылорда облысындағы кварц құмы кен орындарының үш үлгісі берілді.
25 сәуірде облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Жаналинов медицина саласындағы түркиялық «Орхун медикал» компаниясы басшысымен кездесуі ұйымдастырылды. Компания құны 7 млн. АҚШ долл. құрайтын радиологиялық диагностикалық орталық пен емхана ашуды жоспарлауда. Қазіргі таңда бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.
3-4 мамырда «Akplas» түркиялық компаниясының Бас директоры Хусеин Акин бастаған делегацияның аймаққа іссапары ұйымдастырылды.
Іссапар аясында облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтың төрағалығымен жиналыс ұйымдастырылып, тамшылатып және жаңбырлатып суару қондырғыларын шығару жобасы талқыланды.
Сонымен қатар, түркиялық делегация жобаны орналастыру мақсатында Қызылорда қаласының индустриялық аймағынан жер телімі анықталды. Қазіргі таңда жобаны жүзеге асыру бойынша тиісті құжаттар жасақталуда.
Бұдан бөлек, «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры бастаған бір топ ғалымдармен кездесіп, облыстың егіншілік бағытындағы, оның ішінде тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйесіне қолайлы өсімдіктер туралы талқыланды.
10 мамырда облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтың Астана қаласына іссапары ұйымдастырылды. Нидерланд Премьер-Министрінің Қазақстанға іссапары аясында голландиялық «DGB Group» және «Spectator eHealth» компанияларымен денсаулық сақтау және экология салаларында жалпы құны 15 млн. еуроны құрайтын жобаларды жүзеге асыру туралы
2 меморандумға қол қойылды.
Нәтижесінде, 13 мамыр күні облысқа «Spectator Ehealth Holding B.H.» компаниясының менеджері В. Горзинский іссапармен келіп, онлайн-консультациялар беру және медициналық бригадалардың қызметін үйлестіру мақсатында телемедицинаны енгізу мәселелерін талқылады.
Вьетнамдық «Sovico Group» компаниясы басшылығымен әуе көлігі және мультимодальды тасымалдау салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылау бойынша онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Келіссөздер нәтижесінде, а. ж. 17 мамыр күні компанияның басшылық өкілдерінің өңірге жұмыс сапары болып, «Қорқыт ата» әуежайының жаңа әуе терминалының құрылысымен танысты.
20 мамыр күні «Global innovators Group» қытайлық компанияның іссапары ұйымдастырылды. Іссапардың мақсаты – өңірде кальциленген сода зауытын салу мәселесін талқылау. Іссапар аясында қытайлық делегация облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевпен кездесіп, кальциленген соданың өңірдегі негізгі тұтынушысы «Orda Glass Ltd» ЖШС шыны зауыты жұмысымен танысты. Әкімдік тарапынан тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін кен орнынан тұз сынамалары берілді.
24 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары қытайлық «Fujian Meitian Environmental Protection Technology Co LTD» компаниясының Бас директоры Хуань Чжаньпиньмен кездесті. Кездесу мақсаты – Қызылорда облысында тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытын салу.
27-30 мамыр аралығында түркиялық «Teknika Plast» компаниясының Бас директоры Кенан Яралы өңірге іссапармен келді.
«Teknika Plast» - тамақ өнеркәсібіне арналған пластикалық қаптама шығарумен айналысады. Осыған орай, іссапар аясында облыстың бірқатар сүт өнімдерін өндіруші, пластикалық өнімдер шығарушы кәсіпорындар, шыны зауыты жұмыстарымен және индустриялық аймақ жер телімдерімен танысты.
4-5 маусымда ресейлік «Группа компаний Метран» компаниясының өкілі И.В. Малахов облысқа іссапармен келді. Іссапар аясында облыс әкімінің орынбасары А.зебешевпен кездесіп, қысым датчиктерін құрастыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, сапар барысында әлеуетті клиенті болып табылатын кәсіпорындардың басшыларымен кездесу үйымдастырылды.
5-6 маусымда Қызылорда облысына жұмыс сапарымен Иорданиялық «Alhusaini Group» компаниясының өкілдері келді. Аталған компания мұздатылған тауық етін өндірумен, өңдеумен, маркетинг және т.б. жұмыстармен айналысады.
Сапар барысында шетелдік делегация Жаңақорған ауданындағы «Абдулла» ШҚ құс фабрикасымен танысты. Сондай-ақ, әкімінің орынбасары А.Зебешевпен кездесу ұйымдастырылып, «Өндіріс» индустриялық аймағының жер телімдерімен танысты.
Бұдан бөлек, әлеуетті инвесторлардың назарына Қызылорда облысының инвестициялық әлеуеті туралы презентациялық материал ұсынылды.
12 маусымда облыс әкімі Н. Нәлібаев Корея Республикасы Президентінің Қазақстанаға ресми сапары аясында Астана қаласында өткен «Қазақстан-Корея» бизнес форумына қатысты.
Форум аясында Қызылорда облысына инвестиция салу мүмкіндігі қарастырылып, «Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықты кәдеге жарататын, сұрыптайтын және қайта өңдейтін зауыт салу» жобасын іске асыру жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Жоспарланған инвестиция көлемі 18 млн. АҚШ доллары. Жобаның іске асырылу уақыты 18 ай.
13-15 маусым аралығында «One Water Summit» саммитін ұйымдастыру жөніндегі Франция Президентінің арнаулы өкілі Б. Помпили мен ҚР Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі З. Сүлейменова бастаған делегация өкілдерінің облысқа іссапары ұйымдастырылды.
Бағдарлама аясында облыс әкімімен ізеттілік жүздесу өткізіп, Қызылорда облысындағы күріш алқаптары мен суару жүйелеріне, Жалағаштағы «Total Eren» компаниясының күн электр станциясына, Арал теңізі мен Көкарал бөгетіне арнайы барды.
20-23 маусым күндері облыс әкімі Н. Нәлібаев Татарстан Республикасының Қазан қаласында «БРИКС+» елдері қалаларының халықаралық форумына қатысу үшін жұмыс сапармен барды.
Форум аясында Елабуга муниципалды ауданымен бауырластық қатынас орнату туралы өзара түсіністік Меморандумына қол қойылды. Осы құжат шеңберінде «Алабуга» арнайы экономикалық аймағымен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасу жоспарлануда.
25-26 маусым күндері облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев бастаған делегация өкілдері Қытай Халық Республикасы Шыңжан Ұйғыр автономиялық ауданында ІІІ-ші Қазақстан-Қытай өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.
Форум аясында Қызылорда облысы әкімдігі, «Қызылорда Цемент», «Altyn Land» кәсіпорындары және қытайлық «Jiangsu Pengfei Group», «Xi'an Liyuan Furnace Automation Equipment» компаниялары арасында өңірде цемент және кірпіш зауыттарын салу бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды.
Жалпы құны 82 млн. АҚШ долларын құрайтын аталған екі жоба бойынша облыста жылына 500 мың тонна цемент және 90 млн. дана құрылыс кірпіштерін өндіру көзделуде.
Одан бөлек, Арал ауданында түйе сүтінен ұнтақ өндіру жобасы бойынша «Qazaq Camel» серіктестігі «Xinjiang Huaken Dairy Group» компаниясымен бірге Қытай нарығына өз өнімдерін жеткізу туралы алдын ала келісімге қол қойды.
Аталған келісімдер Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға, өнеркәсіптік кооперацияны нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады деп күтілуде.
28-29 маусымда өңірге «Guangxi Guangyu Mining Investment Co., Ltd» қыталық компаниясының геологы Ли Син Е іссапармен келді.
Іссапар аясында облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевпен кездесіп, Ақеспе учаскесіндегі титан-цирконий кен орнын барлау және өнеркәсіптік игеру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, кен орнымен одан әрі танысу мақсатында Арал ауданы, Ақ-Еспе кен орнына барып, тиісті минералдардың бар/жоғын анықтау және лабараторлық сараптама жұмыстарын жүргізу мақсатында аймақтан жағалық құм жағалық алынды.
3 шілдеде аймаққа «Қызылорда Цемент» және «Altyn Land» серіктестерінің басшылары бастаған делегация іссапармен келіп, облыс әкімінің орынбасары А.Зебешевтың төрағалығымен және тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында аймақта цемент және кірпіш зауыттарын салу жобалары, кіші өнеркәсіптік зона құру, жобаға қажетті жер телімдерін бөлу, инженерлік-инфрақұрылым жеткізу және заң аясында көрсетілетін мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, инвесторлар цемент зауыты жобасының Жаңақорған ауданында орналасу әлеуетін ескере отырып, ауданның инфрақұрылымы жеткізілген жер учаскелерімен танысты.
12 тамызда өңірге қытайлық «Xinjiang Hongshan Environmental Technology Co., Ltd.» компаниясының президенті Чжань Вэй бастаған делегация іссапармен келіп, облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевпен кездесті.
Кездесу барысында мұнай қалдықтарын өңдеу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, іссапар аясында делегация облыстық мұнай компанияларын аралап, келіссөздер жүргізді.
14 тамыз күні облысқа ресейлік «ПУСК» ЖШС өкілдері жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында тиісті мекемелер басшыларының қатысуымен «Үшқұдық – Қызылорда» автомобиль жолы құрылысы мәселелері талқыланды.
15 тамыз күні «Central Asia Airports Holdings LTD» компанияның Бас директоры П. Атанасов өңірге арнайы жұмыс сапармен келді.
Іссапар аясында облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевпен Қызылорда қаласы «Қорқыт ата» әуежайын сенімгерлік басқаруға беру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, компания өкілдері жаңа салынған әуежай терминалымен танысып, жауапты мекемелер басшыларымен келіссөздер өткізді.
16 тамыз күні түркиялық «Akplas» компаниясының Бас директоры Акин Хусейн тамшылатып суару қондырғыларын шығару жобасы бойынша өңірге жұмыс сапарымен келді.
Іссапар аясында Қызылорда қаласында жаңа кәсіпорын тіркеу мақсатында «ХҚКО» мекемесімен жұмыстар жүргізіліп, «Қазсушар» және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөңіндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» басшылығымен кездесулер өткізілді.
9 қыркүйек күні облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамыту үшін Астана қаласында вьетнамдық «Sovico Group» компаниясының Басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунг мырзамен кездесіп, өзара ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандумға қол қойды.
11 қыркүйек күні облысқа ҚР Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев мырза бастаған қытайлық «Сиань су компаниялар тобы» басшылары іссапармен болды.
Іссапар аясында облыс әкімінің орынбасары А. Т. Зебешевпен ізеттілік кездесу өткізіп, жаңа ынтымақтастық орнатуға ниетті екендігін жеткізді.
Нәтижесінде, Қызылорда облысы әкімдігі мен «Қытай-Қазақстан кәсіпорындарды альянсы комитетінің тобы» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, делегация өкілдері Тасбөгет қыстағындағы «Бас тоған» су алу құрылымының жұмысымен танысып, Сырдария өзенінен түсетін судың тазартылу процессімен танысты.
10 қазан күні облысқа қытайлық «Fufeng Group Company Limited» компаниясының өкілдері іссапармен болып, облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевпен кездесті.
Кездесу барысында «Fufeng Group» компаниясы Қазақстанда өндірістік қуаты жылына 500 мың тонна жүгеріні терең өңдеу бойынша тігінен интеграцияланған өнеркәсіптік парк салу мәселесін талқылады. Өнеркәсіптік паркке крахмал қант зауыты, аминқышқылдарын ашыту зауыты, көмір жылу электр станциясы, ағынды суларды тазарту станциясы кіреді.
Сондай-ақ, 10 қазанда Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері У Вон Шик Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.
КР Ұлттық Ассамблеясының Спикері бастаған шетелдік делегация құрамында Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чо Тэ Ик, Халықаралық Қатынастар және Хаттамалар Бюросының Бас Директоры Ку Хен Ву, «Генерал Хон Бом До мемориалы» қорының Вице-президенті Бу Юнген және Кореядағы «Koryo-saram» Қауымдастығының директоры және Президенті Чжон Енсун бар.
Сапар аясында 2021 жылы тарихи отанына қайтарылған генерал Хон Бом Доның рухына тағзым етілді, сондай-ақ, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту бағытында бірлескен жобалар талқыланды.
15 қазан күні облысқа қытайлық «Ecofarm Global Co.» іссапармен келіп, облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтың қабылдауында болды.
22 қазан күні сауда-экономикалық келісімді арттыру, өнеркәсіптік кооперацияны және мәдени-рухани ынтымақтастықты дамыту мақсатында ҚР Премьер-Министрі О.А. Бектеновтың бастамасымен Өзбекстан Республикасы Самарқанд қаласында IV өңіраралық ынтымақтастық форумына облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Жаналинов бастаған делегация өкілдерінің іссапары ұйымдастырылады.
Іссапар аясында Бұқара, Андижан облыстарының әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы келісім және Навои облысымен өзара ынтымақтастық туралы жол картасына қол қойылды.
29 қазан күні облысқа корейлік «Paco Engineering Co LTD» ЖШС-нің өкілдері облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтың қабылдауында болып, мырышталған болат жобасы бойынша мәселелерін талқылады. Іссапар аясында, индустриялық аймақ жұмысымен танысты.
31 қазан күні облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев Түркістан қаласында «Turkistan Investment and Tourism Forum – 2024» - Халықаралық форумына қатысып, Қытай Халық Республикасы Хубэй провинциясының құрылыс, металлургия, энергетика, жеңіл өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірқатар қытай компаниялардың басшыларымен келіссөздер жүргізді.
Қазіргі таңда, қытайлық компаниялармен екіжақты жұмыстарды арттыру үшін жұмыстар жүргізілуде.
1 қаңтар күні облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев бастаған облыстық делегация Астана қаласында өткен «Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел – 2024» еліміздегі негізгі инвестициялық басқосуға қатысып, келіссөздер жүргізді.
Форум аясында Қызылорда облыс әкімдігі мен Muhendislik Medikal A.S. және «Rubicon Water» компаниялары арасында өңірде пневматикалық пошта жүйесі және су ресурстарын басқару үшін автоматтандырылған қақпаларды құрастыру бойынша өндірістік цех салу бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды.
Аталған екі жоба бойынша облысқа 18 млн. АҚШ долл. инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындарын құру көзделуде.
4-5 қараша күндері облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев Мысыр Араб Республикасының Каир қаласында ұйымдастырылған 12 Дүниежүзілік Урбанистік Форумына қатысты.
Тамақ өнеркәсібінде - Almonairy Group, Poultry компаниялары, жеңіл өнеркәсібіндегі - Oriental Weavers зауыты, сондай-ақ Eipiсо және Elixir Pharma фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібі мен құрылыс саласындағы бірқатар компания басшыларымен келіссөздер жүргізіліп, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары кеңінен танысытырылды. Аталған компаниялармен тығыз байланыстар орнатылып, алдағы уақытта жұмыстар жалғасатын болады.

Дата публикации
25 ноября 2024
Дата обновления
25 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы