Қызылорда облыстық мәслихатының Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, «Ақ жол» партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Б.Сандыбаевтың төрағалығымен тұрақты комиссия отырысы өтті.
Аталған отырысқа «AMANAT» партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары Ж.Нұрымбетов, А.Рахметов, Д.Жұмбеков, «Ақ жол» партиясынан сайланған Н.Сопбеков және тиісті басқарма басшылары қатысты.
Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде:
1) «Қызылорда облысында индустриялық-инновациялық, кәсіпкерлік және туризмді дамытуға байланысты атқарылған шаралар туралы» мәселе қаралды.
Аталған мәселе бойынша облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Бекболат Шәріпбеков хабарлама жасады.
Хабарламадан соң, депутаттардың тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, отырыс соңында күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша аталып өткен ұсыныстарды арнайы хаттамаға енгізіліп, тиісті органдарға жолдану ұсынылды.