Лого

Меню

Страницы

Статья

Облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы басталды

Облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы басталды. Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ысқақ, М.Нәлібаев, Ә.Шаймағамбетов, С.Мұстафа, Г.Мұсаева, Н.Әмитов, Н.Бақытбекұлы және ZOOM бейне-конференция байланысы арқылы І.Тілеп қатысты.
Депутат, Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен өткен комиссияның кеңейтілген отырысында тиісті облыстық басқарма басшыларының және жауапты мамандарының қатысуымен «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет» жобасы талқыланып, облыстық дін істері, мемлекеттік сатып алу және облыстық бақылау жөніндегі басқармаларының басшылары хабарлама жасады.
Отырыс барысында мәслихат депутаттары тарапынан ұсыныс-пікірлер мен бірқатар сауалдар көтеріліп, жоспарланған жобалардың түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу мәселесі айтылды. Сондай-ақ, басқарма басшылары да депутаттарға кей мәселелерді қолдау туралы өз ұсыныстарын жеткізді
Айта кетсек, аталмыш комиссия отырысы жалғасады және алдағы уақытта барлық бағдарламалар әкімшілерінің есебі тыңдалатын болады.

Дата публикации
21 ноября 2024
Дата обновления
21 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы