Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2024 жылдың 1 қазанына халық саны – 845,4 мың адам, оның ішінде қала халқы -397,6 мың адам (47,0%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,2%, орыстар – 1,5%, кәрістер – 1% және басқалары – 1,3%.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 903,5 млрд.теңгені құрады, НКИ - 100,8%.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 298,1 млрд.теңгені құрады, НКИ - 122,8%.
2024 жылы бірыңғай индустрияландыру картасы аясында құны 500 млн. теңгені құрайтын, 20 жұмыс орындары құрылатын 1 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 193,1 млрд. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 103,0%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15,7%-ға ұлғайып, 478,3 млрд. теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 193,9 млрд. теңгені құрады, немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 150,2%. 697,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 7,4%).
Сауда көлемі 6,5% -ға артып, 656,0 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 65,9 мың бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ-92,8%.
Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында шағын және орта бизнесті несиелері бойынша 2024 жылы барлығы – 9 512,2 млн. теңге, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 7 862,0 млн. теңге, ал ішінара кепілдендіру құралына 1 159,0 млн. теңге, бизнес-идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге 73,1 млн. теңге және инфрақұрылымды дамытуға – 418,1 млн.теңге қаржы бөлінді.
Жергілікті бюджетке 127 578,9 млн. теңге өз кірістері түсті, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 52,0%-ға ұлғайып немесе 43 639,7 млн.теңгеге артқан.
Өңдеу өнеркәсібі – 298,1 млрд.теңгені құрады, НКИ -122,8%.
Ауыл шаруашылығы - 193,1 млрд.теңге, НКИ-103,0%
Құрылыс жұмыстары – 193,9 млрд.теңге, НКИ-150,2%
Сауда көлемі – 656,0 млрд.теңге, НКИ-106,5%
Жергілікті бюджетке түскен өз кірістері – 127 578,9 млн.теңге немесе 152,0%
Инвестициялар көлемі – 478,3 млрд.теңге, НКИ - 115,7%
Тұрғын үй – 697,0 мың шаршы метр, НКИ- 107,4%
Жұмыс жасап тұрған ШОБ субъектілері – 65,9 мың бірлік, НКИ - 92,8%