Лого

Меню

Страницы

Статья

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2024 жылғы 8 желтоқсанда Қызылорда облысының 7 сайлау округінде (Қызылорда қаласындағы №19, Қармақшы ауданындағы №1 және №4, Жалағаш ауданындағы №12, Сырдария ауданындағы №11 және №12, Шиелі ауданындағы №3 бірмандаттық сайлау округтері) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 23 кандидаттан барлығы 1 кандидатты жеке өтініші негізінде тіркелгенге дейін алып тастады, 21 кандидатты тіркеді, 1 кандидатқа құжаттардың толық топтамасын ұсынбағандықтан, тіркеуден бас тартылды.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.
Тіркелген 21 кандидаттың 4 саяси партиялар, 17 өзін-өзі ұсынған. Оның 16 ер адам, 5 әйел адам.
13 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 8 – партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас - 39.
19 кандидаттың жоғары білімі, 2 – орта кәсіптік білімі бар.
Кандидаттардың 17 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 4 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 7 желтоқсан 00.00 сағатқа дейін созылады.

Қызылорда қаласы

Қармақшы ауданы

Жалағаш ауданы

Сырдария ауданы

Шиелі ауданы

Дата публикации
13 ноября 2024
Дата обновления
13 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы