Қызылорда облысының 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айына
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2024 жылдың 1 қыркүйегіне халық саны – 845,4 мың адам, оның ішінде қала халқы -397,6 мың адам (47,0%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,2%, орыстар – 1,5%, кәрістер – 1% және басқалары – 1,3%.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 807,1 млрд.теңгені құрады, НКИ - 102,0%.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 268,4 млрд.теңгені құрады, НКИ - 128,0%.
Ағымдағы жылы өңдеу өнеркәсібінің өнімін ұлғайтуға әсер ететін құны 10,7 млрд.теңге құрайтын 13 жобаның іске қосылуы жоспарланған. Оның бүгінде құны 8,2 млрд.теңгенің 6 жобасы іске қосылды. Олар:
- Күріш ақтау зауыты («Жанкент Агро» ЖШС, құны 501 млн.теңге, Қазалы)
- Шағын газоблок өңдіру цехы («АНК Даулет» ЖШС, құны – 150 млн.теңге, Қармақшы).
- Энергия үнемдейтін шыны өндірісі («Орда гласс ЛТД» ЖШС, құны 6,7 млрд.теңге, Қызылорда қ.).
- Шағын шлакоблок өндірісі («СПК «Айдын 777» ЖШС, құны 50 млн.теңге, Шиелі).
- Металл өңдеу цехы («Строительно-транспортная компания» ЖШС, құны 300 млн.теңге, Қызылорда қ.).
- Минералды ұнтақ өндірісі («Шалкия минералс» ЖШС, құны 500 млн.теңге, Жаңақорған). Жыл аяғына дейін құрылыс индустриясында асфальтбетон өндірісі, тамақ өнеркәсібінде – 4 күріш зауыттары (ЖК«Ержанов», ЖК«Тұрлыбаев Досжан», «Ақмая» ФҚ, «МАА Invest Group») және құрт өндірісін кеңейту, ылғалды майлықтарды өндіру жобаларының іске қосылуы жоспарланған.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 147,5 млрд. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 103,8%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 25,1%-ға ұлғайып, 424,0 млрд. теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 173,8 млрд. теңгені құрады, немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 143,6%. 646,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 4,6%).
Сауда көлемі 6,0% -ға артып, 593,1 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 65,6 мың бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ-91,6%.
Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында шағын және орта бизнесті несиелері бойынша 2024 жылы барлығы – 9 512,2 млн. теңге, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 7 862,0 млн. теңге, ал ішінара кепілдендіру құралына 1 159,0 млн. теңге, бизнес-идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге 73,1 млн. теңге және инфрақұрылымды дамытуға – 418,1 млн.теңге қаржы бөлінді.
Жергілікті бюджетке 117 595,0 млн. теңге өз кірістері түсті, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 49,5%-ға ұлғайып немесе 38 956,0,0 млн.теңгеге артқан.
Өңдеу өнеркәсібі - 268,4 млрд.теңгені құрады, НКИ -128,0%.
Ауыл шаруашылығы- 147,5 млрд.теңге, НКИ-103,8%
Құрылыс жұмыстары – 173,8 млрд.теңге, НКИ-143,6%
Сауда көлемі – 593,1 млрд.теңге, НКИ-106,0%
Жергілікті бюджетке түскен өз кірістері – 117 595 млн.теңге немесе 149,5%
Инвестициялар көлемі – 424,0 млрд.теңге, НКИ - 125,1%
Тұрғын үй – 646,2 мың шаршы метр, НКИ- 104,6%
Жұмыс жасап тұрған ШОБ субъектілері – 65,6 мың бірлік, НКИ - 91,6%