Лого

Меню

Страницы

Статья

РЕФЕРЕНДУМ: Қызылордадағы 109 Call орталығына 1000-ға жуық қоңырау түскен

Республикалық референдумға 4 күн қалды. Маңызды саяси науқанда азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай үшін Қызылорда облысының әкімдігі арнайы 4 сервисті жүзеге асырды.
https://referendum.orda.gov.kz/kk сайты тұрғындар үшін үздіксіз жұмыс жүргізуде. Мұнда азаматтар сайтқа кіру арқылы өз учаскесін анықтап, референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты біледі. Сондай-ақ, әрбір азамат яндекс карта арқылы өз учаскесіне баратын жолдың сызбасын және такси құнын да көре алады.
Бүгінгі күнге дейін сайтты 5000-нан аса тұрғын қолданған.
Бұл қызметтер «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасында және телеграм https://t.me/referendumKzo_bot желісінде бар.
- Референдум кезінде «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс жасауда. 2 ауысыммен жұмыс істейтін 24 диспетчер 25 күннің ішінде 1000-ға жуық қоңырауға жауап берді. Сауалдардың басым бөлігі - азаматтардың өз учаскесін анықтауы және дауыс берушілерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты,-дейді мекеме директоры Темірхан Мұқанғали.
Сондай-ақ, дауыс беру күні Қызылорда қаласындағы 5 учаскеде онлайн сервис ашылып, тізімде жоқ азаматтарды тіркеу қызметімен айналысады. Олардың да тізімі аталған сайтқа енгізілген.
№198 РУ - №5 мектеп-лицей
№250 РУ - №261 орта мектеп
№189 РУ - №136 мектеп-лицей
№264 РУ - №264 мектеп-лицей
№347 РУ - №271 орта мектеп

Айта кетейік, Қызылорда өңірінде 380 референдум учаскесі бар. Мұнда 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.

Дата публикации
02 октября 2024
Дата обновления
02 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы