Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының 2024 жылдың қаңтар-тамыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Қызылорда облысының 2024 жылдың қаңтар-тамыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Өнеркәсіп. 2024 жылдың қаңтар-тамыз айында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 713,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 103,6 пайыз.
2024 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын, 87 жұмыс орындары құрылатын 2 жобаны іске асыру жоспарланған. Олар:
1) «Нан-тоқаш кондитерлік, макарондық өнімдер өндіру кешені» («Алпамыс» ЖК)
Жоба құны – 1,2 млрд.теңге;
Қуаттылығы - жылына 2520 тонна;
Жұмыс орындары - 67 адам;
Жүзеге асырылу орны – Қызылорда қаласы.
2) «Күріш ақтау зауытының құрылысы» («Ержанов Д» ЖК)
Жоба құны - 500 млн.теңге;
Қуаттылығы – жылына 1500 тонна;
Жұмыс орындары – 20 адам;
Жүзеге асыру орны – Жалағаш ауданы.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 349,3 млрд. теңгені құрады немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 128,0 пайыз.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 110,7 млрд. теңгені құрап, өсім 42,6% көрсетті.
558,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 102,1 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 58,5 млрд. теңгені құрады немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 102,1 пайыз.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 2024 жылдың 2 тоқсанында - 4,9 пайызды құрады.
2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында 25 121 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 9 262 тұрақты.
2024 жылдың 2 тоқсанына бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 360,8 мың теңгені құрады немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 109,2 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 236,2 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 112,5 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 127,4 млрд. теңге түсті (болжамға 99,3 пайыз), жергілікті бюджетке 108,8 млрд. теңге (болжамға 115,2 пайыз).

Дата публикации
13 сентября 2024
Дата обновления
13 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы