Қызылорда облысы бойынша 2024 жылдың 1 тамызынабюджет түсімдері 102,9 пайызға орындалды (болжам 415690,6млн.теңге, нақты түскені 427588,6 млн.теңге), оның ішінде бюджеттің өз кірістері 118,5пайызға орындалды (болжам 80323,8 млн.теңге, түскені95206,4млн.теңге), артық түскені 14882,6млн.теңге.
Республикалық бюджеттен 320720,8 млн.теңге нысаналы трансферттер алынды (100 пайыз), оның ішінде субвенция – 269632,2 млн.теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер – 6755,6 млн.теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттер – 44333,0 млн.теңге (100 пайыз).
2024 жылдың 1 тамызынаҚызылорда облысы бюджетінің шығындар жоспары 99,6пайызға орындалды (жоспар 377049,5млн.теңге, орындалғаны 375427,2млн.теңге). Игерілмегені 1622,3 млн.теңге, оның ішінде: аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей болды:
Арал ауданында – 97,9 % орындалып, 182,8млн.теңге;
Қазалыда – 95,3 % орындалып, 306,6 млн.теңге;
Қармақшыда – 94,4 % орындалып, 466,2 млн.теңге;
Жалағашта – 96,4 % орындалып, 245,7 млн.теңге;
Сырдарияда – 99,3 % орындалып, 52,8 млн.теңге;
Шиеліде – 99,9 % орындалып, 10,5 млн.теңге;
Жаңақорғанда – 99,6 % орындалып, 37,0 млн.теңге;
Қызылорда қаласында – 99,4 пайызға орындалып, 269,4 млн.теңге игерілмеді.
Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы 100 пайызды құрады, игерілмегені 51,3 млн.теңге.
Республикалық бюджет қаржысы жоспары 38293,0 млн.теңгенің
37881,4 млн.теңгесі немесе 98,9 пайызға игерілді, игерілмегені 411,6 млн.теңге, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша 1,0 млн.теңге, нысаналы даму трансферттер бойынша – 410,6 млн.теңге.
ҚР Үкіметінің резерві игерілгені 12706,8 мың теңге (100 пайыз), игерілмегені 1,0 мың теңге.
Жергілікті бюджет қаражаты 99,9 пайызға игерілді, игерілмегені
225,6 млн.теңге соманы құрады.