Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2024 жылдың 1 шілдесіне халық саны – 844,9 мың адам, оның ішінде қалалық-397,0 мың адам (47,0%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,2%, орыстар – 1,5%, кәрістер – 1% және басқалары – 1,3%.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 617,7 млрд.теңгені құрады, НКИ 105,6%.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 203,6 млрд.теңгені құрады, НКИ 139,9%.
2024 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын, 87 жұмыс орындары құрылатын 2 жоба жүзеге асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 40,7 млрд. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 102,9%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 141,0%-ға ұлғайып, 296,1 млрд. теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 97,3 млрд. теңгені құрады, немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 145,8%. 420,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 9,8%).
Сауда көлемі 4,8% -ға артып, 424,6 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 65,4 мың бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ-89,8%.
Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында шағын және орта бизнесті несиелері бойынша 2024 жылы барлығы – 9 512,2 млн. теңге, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 7 862,0 млн. теңге, ал ішінара кепілдендіру құралына 1 159,0 млн. теңге, бизнес-идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге 73,1 млн. теңге және инфрақұрылымды дамытуға – 418,1 млн.теңге қаржы бөлінді.
Жергілікті бюджетке 95 569,0 млн. теңге өз кірістері түсті, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 59,4%-ға ұлғайып немесе 38 742,0 млн.теңгеге артқан.