Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2024 жылдың 1 шілдесіне халық саны – 844,4 мың адам, оның ішінде қалалық-396,8 мың адам (47,0%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,2%, орыстар – 1,5%, кәрістер – 1% және басқалары – 1,3%.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 522,1 млрд.теңгені құрады, НКИ 105,0%.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 172,6 млрд.теңгені құрады, НКИ 137,5%.
2024 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын, 87 жұмыс орындары құрылатын 2 жоба жүзеге асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 28,0 млрд. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 104,0%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 141,4%-ға ұлғайып, 233,8 млрд. теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 75,8 млрд. теңгені құрады, немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 135,6%. 330,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 3,7%).
Сауда көлемі 2,8% -ға артып, 356,7 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 64,4 мың бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ-88,5%.
Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында шағын және орта бизнесті несиелері бойынша 2024 жылы барлығы – 9 094,2 млн. теңге, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 7 862,0 млн. теңге, ал ішінара кепілдендіру құралына 1 159,0 млн. теңге, бизнес-идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге 73,1 млн. теңге қаржы бөлінді.
Жергілікті бюджетке 67 961,0 млн. теңге өз кірістері түсті, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 73,5%-ға ұлғайып немесе 17 990,0 млн.теңгеге артқан.