Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2024 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 177 (негізгі қызмет түрлері) мемлекеттік қызмет түрі бойынша 3 055 600 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- Мемлекеттік корпорация арқылы – 24369 қызмет;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы және ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта – 3 021 103 қызмет;
- мемлекеттік органдар мен қағаз түрінде – 10 128 қызмет (оның ішінде баламасыз түрде көрсетілгені – 1 175 қызмет) көрсетілген.
Жүргізілген ішкі бақылау шаралары.
2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарларына сәйкес есептік кезеңде ішкі мемлекеттік бақылау шараларымен 94 объекті қамтылды.
Оның ішінде:
- 63 жергілікті атқарушы органдар;
- 31 ведомстволық бағынысты мекемелер каралып, 248 заң бұзушылық фактілері анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 16 тұлғаға «Ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуде 13 мерзім бұзушылық орын алған.
Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 353.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 185.