Мемлекеттік сатып алу саласында орталықтандырылған бірыңғай тәжірибені қолдану және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №687 қаулысының негізінде 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық сатып алу конкурстары облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен (әрі қарай-Басқарма) өткізіліп келеді.
2024 жылдың II-тоқсанының қорытындысымен Басқармамен 277,6 млрд.теңгеге барлығы 4110 мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды.
Конкурстар саны 2023 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға ұлғайды.
4110 конкурстың 2501-і ашық конкурпен, 25-і аукционмен, 781-і рейтингтік-балдық жүйемен, 803-і біліктілікті іріктеу арқылы өткізілді.
Сонымен бірге, 4110 конкурстың 1193-і тауарларға, 941-і жұмыстарға, 1976 көрсетілетін қызметтерге тиесілі.
Бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында Басқарма тарапынан барлық облыстық тапсырыс берушілердің мамандары үшін 2024 жылдың ІІ-тоқсанында 10 семинар-кеңес, 8 құқықтық оқыту, 2 дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
2024 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілі қатысуымен құқықтық оқыту жүргізілді.