2024 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысымен Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 25224 өтініштер түскен, ол өткен жылмен салыстырғанда (24466 - өтініш)
3 %-ға артқан. Оның ішінде:
2037 өтініш облыс әкімдігіне (2023 ж. ІІ тоқсан бойынша – 2223);
7003 облыстық басқармаларға (2023 ж. ІІ тоқсан бойынша – 4970);
16184 аудан, қала әкімдіктеріне түскен (2023 ж. ІІ тоқсан бойынша –17273).
Талдау көрсеткендей, қазіргі таңда облыс тұрғындары арасындағы жиі көтеріліп отырған өзекті мәселелер төмендегіше:
|
№ |
Өтініште көтерілген салалары |
2024 жылдың ІІ тоқсан бойынша |
|
1. |
Жер және ауыл шаруашылығы мәселесі |
7590 (30,1%) |
|
2. |
Әлеуметтік көмек |
1984 (7,8%) |
|
3. |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы |
3205 (12.7%) |
|
4. |
Білім мәселесі |
2076 (7,8%) |
|
5. |
Денсаулық сақтау мәселесі |
1458 (5,8%) |
|
6. |
Кәсіпкерлік |
1766 (7%) |
|
7. |
Мәдениет және спорт |
670 (3 %) |
|
8. |
Құқықтық қорғау және сот |
69 (0,3%) |
|
9. |
Құрылыс |
792 (3,1%) |
|
10 |
Лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағым білдіру |
56 (0,22%) |
|
11 |
Басқалары |
5558 (22%) |
|
Барлығы |
25224 |
|
2024 жылдың ІІ тоқсанында статистикалық есепке сәйкес жергілікті атқарушы органдарға түскен 25224 өтініштердің:
- 6925 немесе 27,5 % құзыреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды;
- 6460 немесе 25,6 % ішінара немесе толық қанағаттандырылды;
- 896 немесе 3,6 % өтініш тоқтатылды;
- 5001 немесе 19,8 % заң талаптарына сәйкес түсіндірілді;
- 5942 немесе 23,5 % орындалу мерзімі бар.
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелермен
қабылдау туралы
2024 жылдың ІІ тоқсанда облыс әкімдігімен 102 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері жеке қабылдауда болып, оның: 68-і облыс әкімінің, 34-і міндеттер бөлінісіне сәйкес облыс әкімі орынбасарларының және аппарат басшысының жеке қабылдауында болып, заңдылыққа сәйкес тиісті тапсырмалар берілген.
Жеке қабылдауда болған азаматтардың көтерген мәселелері төмендегідей:
|
№ |
Жеке қабылдауда көтерілген салалары |
2024 жылдың І тоқсан бойынша |
|
1. |
Пәтер мәселесі |
24 |
|
2. |
Жұмысқа орналасу |
15 |
|
3. |
Қаржылай қолдау және әлеуметтік көмек мәселесі |
20 |
|
4. |
Жер мәселесі |
17 |
|
5. |
Денсаулық сақтау мәселесі |
18 |
|
6. |
Кәсіпкерлік |
13 |
|
7. |
Басқа да мәселелер |
22 |
|
Барлығы |
129 |
|
Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратымен аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері және облыстық басқарма басшыларының қабылдау жүргізу барысына талдау жүргізілді. Атап айтқанда, аудандар мен қала әкімдігінің бірінші басшылары – 870 тұрғынды, ал басқарма басшылары - 334 тұрғынды жеке қабылдаған.