Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2024 жылдың 1 маусымға халық саны – 843,9 мың адам, оның ішінде қалалық-396,5 мың адам (47,0%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,2%, орыстар – 1,5%, кәрістер – 1% және басқалары – 1,3%.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 431,5 млрд.теңгені құрады, НКИ 106,3%.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 144,6 млрд.теңгені құрады, НКИ 143,5%.
2024 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын, 87 жұмыс орындары құрылатын 2 жоба жүзеге асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 31,5 млрд. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 101,6%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 140,1%-ға ұлғайып, 174,4 млрд. теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 42,4 млрд. теңгені құрады, немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 145,2%. 236,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 4,4%).
Сауда көлемі 2,9% -ға артып, 281,1 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 63,9 мың бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ-88,0%.
Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында шағын және орта бизнесті несиелері бойынша 2024 жылы барлығы – 9 094,2 млн. теңге, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 7 862,0 млн. теңге, ал ішінара кепілдендіру құралына 1 159,0 млн. теңге, бизнес-идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге 73,1 млн. теңге қаржы бөлінді.
Жергілікті бюджетке 54 789,0 млн. теңге өз кірістері түсті, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 72,7%-ға ұлғайып немесе 14 952,0 млн.теңгеге артқан.