Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2024 жылдың 1 сәуірге халық саны – 842,9 мың адам, оның ішінде қалалық-396,3 мың адам (46,9%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,2%, орыстар – 1,5%, кәрістер – 1% және басқалары – 1,3%.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 339,6 млрд.теңгені құрады, НКИ 107,3%.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 116,7 млрд.теңгені құрады, НКИ 146,9%.
2024 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 5,1 млрд. теңгені құрайтын, 146 жұмыс орындары құрылатын 4 жоба жүзеге асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 25,1 млрд. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 101,7%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 30,0%-ға ұлғайып, 133,4 млрд. теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 30,1 млрд. теңгені құрады, немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 146,2%. 181,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 3,9%).
Сауда көлемі 2,9% -ға артып, 223,1 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 63,4 мың бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ-87,9%.
Біріңғай кешенді бағдарлама аясында шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға 2024 жылы барлығы – 7 715,5 млн. теңге, оның ішінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау құралына – 7 023,4 млн. теңге, ал ішінара кепілдендіру құралына 619,0 млн. теңге, бизнес идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру құралына – 73,1 млн. теңге бөлінді.
Жергілікті бюджетке 43 400,1 млн. теңге өз кірістері түсті, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 40,9%-ға ұлғайып немесе 12 649,0 млн.теңгеге артқан.