Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 23 шілдедегі отырысы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың қатысуымен олардың сайлау алдындағы үгітті жүргізу ережелері туралы өткізілді.
Үстіміздегі жылдың 23 шілдесінде сағат 18-00 Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды.
Қызылорда облысының сайлау комиссиясымен 4 кандидат тіркелді.
Тіркелген кандидаттардың ішінде 3 ер адам, 1 әйел.
Қызмет түрі бойынша: 1 – облыстық мәслихаттың депутаты, 1 – мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері, 2 коммерциялық құрылымдардың жұмыскерлері.
Мамандықтары бойынша: 1 экономист, 1 дәрігер, 1 журналист, 1 инженер.
Тіркелген кандидаттардың орташа жасы 47 жас.
4 кандидаттың барлығы «Nur Otan» партиясының мүшесі болып табылады.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
2020 жылғы 23 шілде