Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2024 жылдың 1 наурызыны халық саны – 842,9 мың адам, оның ішінде қалалық-395,9 мың адам (47,0%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,1%, орыстар – 1,5%, кәрістер – 1% және
басқалары – 1,4%.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 244,6 млрд.теңгені құрады, НКИ 107,0%.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 86,1 млрд.теңгені құрады, НКИ 143,8%.
2024 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 5,1 млрд. теңгені құрайтын, 146 жұмыс орындары құрылатын 4 жоба жүзеге асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 18,6 млрд. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 101,7%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 32,8%-ға ұлғайып, 109,8 млрд. теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 23,6 млрд. теңгені құрады, немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 147,9%. 153,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
(өсім 6,9%).
Сауда көлемі 2,5% -ға артып, 170,7 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 64,0 мың бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ-90,2%.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында 2024 жылға – 2,1 млрд.теңге бөлінді.
Жергілікті бюджетке 32,0 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 117,7 пайыз.