Лого

Меню

Страницы

Статья

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша 2024 жылдың І тоқсанындағы талдамалық анықтама

Қызылорда облысының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша 2024 жылдың І тоқсанындағы талдамалық анықтама

2024 жылдың І тоқсанының қорытындысымен Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 12543 өтініштер түскен, ол өткен жылмен салыстырғанда (11775 - өтініш)
6 %-ға азайған. Оның ішінде:
1023 өтініш облыс әкімдігіне (2023 ж. І тоқсан бойынша – 1073);
3497 облыстық басқармаларға (2023 ж. І тоқсан бойынша – 2416);
8023 аудан, қала әкімдіктеріне түскен (2023 ж. І тоқсан бойынша – 8286).
Талдау көрсеткендей, қазіргі таңда облыс тұрғындары арасындағы жиі көтеріліп отырған өзекті мәселелер төмендегіше:

№

Өтініште көтерілген салалары

2023 жылдың І тоқсан бойынша

1.

Жер және ауыл шаруашылығы мәселесі

3998 (31,9%)

2.

Әлеуметтік көмек

1063 (8,5%)

3.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

1380 (11%)

4.

Білім мәселесі

977 (7,8%)

5.

Денсаулық сақтау мәселесі

799 (6,4%)

6.

Кәсіпкерлік

921 (6,8%)

7.

Мәдениет және спорт

359 (2,9 %)

8.

Құқықтық қорғау және сот

56 (0,5 %)

9.

Құрылыс

376 (3%)

10

Лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағым білдіру

37 (0,3%)

11

Басқалары

2577 (20,6 %)

Барлығы

12543

2024 жылдың І тоқсанында статистикалық есепке сәйкес жергілікті атқарушы органдарға түскен 12543 өтініштердің:
- 3481 немесе 27,6 % құзыреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды;
- 3320 немесе 26,5 % ішінара немесе толық қанағаттандырылды;
- 390 немесе 3,1 % өтініш тоқтатылды;
- 2416 немесе 19,3 % заң талаптарына сәйкес түсіндірілді;
- 2936 немесе 23,4 % орындалу мерзімі бар.

Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелермен
қабылдау туралы

2024 жылдың І тоқсанда облыс әкімдігімен 48 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері жеке қабылдауда болып, оның: 22-сі облыс әкімінің, 25-і міндеттер бөлінісіне сәйкес облыс әкімі орынбасарларының және аппарат басшысының жеке қабылдауында болып, заңдылыққа сәйкес тиісті тапсырмалар берілген.
Жеке қабылдауда болған азаматтардың көтерген мәселелері төмендегідей:

№

Жеке қабылдауда көтерілген салалары

2024 жылдың І тоқсан бойынша

1.

Пәтер мәселесі

18

2.

Жұмысқа орналасу

8

3.

Қаржылай қолдау және  әлеуметтік көмек мәселесі

10

4.

Жер мәселесі

4

5.

Денсаулық сақтау мәселесі

10

6.

Кәсіпкерлік

7

7.

Басқа да мәселелер

6

Барлығы

63

Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратымен аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері және облыстық басқарма басшыларының қабылдау жүргізу барысына талдау жүргізілді. Атап айтқанда, аудандар мен қала әкімдігінің бірінші басшылары – 484 тұрғынды, ал басқарма басшылары - 263 тұрғынды жеке қабылдаған.

Дата публикации
11 апреля 2024
Дата обновления
11 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы