Мемлекеттік сатып алу саласында орталықтандырылған бірыңғай тәжірибені қолдану және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №687 қаулысының негізінде 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық сатып алу конкурстары облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен
(әрі қарай-Басқарма) өткізіліп келеді.
2024 жылдың I-тоқсанының қорытындысымен Басқармамен
158,5 млрд.теңгеге барлығы 2348 мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды. Конкурстар саны 2023 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға ұлғайды.
2348 конкурстың 1 558-і ашық конкурпен, 17-і аукционмен,
378-і рейтингтік-балдық жүйемен, 395-і біліктілікті іріктеу арқылы өткізілді.
Сонымен бірге, 2348 конкурстың 608-і тауарларға, 484-і жұмыстарға,
1 256 көрсетілетін қызметтерге тиесілі.
Бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында Басқарма тарапынан барлық облыстық тапсырыс берушілердің мамандары үшін
2024 жылдың I-тоқсанында 2 онлайн-конференция, 11 семинар-кеңес,
5 дәріс, 1-брифинг, 2 дөңгелек үстел ұйымдастырылды.