2020 жылғы 8 желтоқсанда сағат 17.00-де Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының саяси партия өкілдеріне арналған «Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және сайлау алдындағы үгіт жүргізудің қағидалары» тақырыбында брифинг-семинары өтеді.
Брифинг-семинарда сайлау заңнамасының негізгі ережелері түсіндіріліп, саяси партиялар филиалдарының/өкілдіктерінің аумақтық сайлау комиссияларына құжаттамаларды өткізу тәртібі бойынша сұрақтар талқыланады.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, нөмірсіз, кабинет 338.
2020 жылғы 13 қарашада сағат 16.00-де Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының саяси партия өкілдеріне арналған «Мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу тәртібі» тақырыбында брифинг-семинары өтеді.
Брифинг-семинарда сайлау заңнамасының негізгі ережелері түсіндіріліп, саяси партиялар филиалдарының/өкілдіктерінің аумақтық сайлау комиссияларына құжаттамаларды өткізу тәртібі бойынша сұрақтар талқыланады.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, нөмірсіз, кабинет 338.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
60-54-34, 60-55-78, 60-54-36
Ақпараттық хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық заң) 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралдары сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2020 жылғы 4 желтоқсаннан кешіктірмей) хабарлануға және жариялануға тиіс.
Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың үгіттік материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын эфирге және баспа алаңына ақы төлеу мөлшері, ұсыну шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін ұсына алмайды. ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабына сәйкес заңнаманың осы нормасын бұзу лауазымды адамдарға - 30 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер - Орталық сайлау комиссиясына, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде аумақтық сайлау комиссияларына берілуге тиіс.
Анықтама: аумақтық сайлау комиссияларының байланыстары мына электрондық сілтеме бойынша орналасқан: https://www.election.gov.kz/rus/tercomms/
2020 жылғы 29 қазанда сағат 15.00-де Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтеді. Онда мына мәселелер қаралатын болады:
1. «Облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық мәселелері»;
2. «2020 жылға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісінің және республика мәслихаттарының депутаттарын сайлау науқанындағы облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің кезекшілік кестесін бекіту туралы».
3. «Облыстық сайлау комиссиясының каскадтық тәсілмен сайлау комиссиялары мүшелерін электораттық оқытудың кестесін бекіту туралы»;
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, нөмірсіз, кабинет 338.
БАҚ назарына!
Комиссия отырысынан кейін БАҚ өкілдері үшін сайлау науқанына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Сұрақтарды 2020 жылғы 29 қазан күнгі сағат 13.00-ге дейін келесі поштаға жіберуді сұраймыз: sailauqzl@mail.kz
2020 жылғы 23 шілдеде сағат 15.00-де «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру ережелері» жөнінде Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтеді.
Пандемия жағдайында уәкілетті органдардың ұсынымдарына сәйкес отырыс БАҚ өкілдерінің шектеулі қатысуымен өткізілетін болады.
Күн тәртібі шеңберіндегі сұрақтарды сағат 13.00-ге дейін келесі поштаға жіберуді сұраймыз: sailauqzl@mail.kz
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі 1, кабинет 338.