2024 жылғы 15 наурызда сағат 17:00-де Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Алмасбек Абилкасимович Есмахановтың Қазақстан Республикасының Конституциясында және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы;
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Абайбек Талгатович Жунисовтың Қазақстан Республикасының Конституциясында және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы;
3. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Алмасбек Абилкасимович Есмахановтың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы;
4. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Абайбек Талгатович Жунисовтың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы;
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Сол жағалау ықшам ауданы, Ғ.Мұхамеджанов көшесі, 5А.
Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу а.ж. 15 наурызда сағат 16.30 дейін келесі телефон бойынша: 40-25-25