Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының 2024 жылдың қаңтар-ақпан айына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Қызылорда облысының 2024 жылдың қаңтар-ақпан айына  әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2024 жылдың 1 ақпанына халық саны – 842,4 мың адам, оның ішінде қалалық-395,4 мың адам (46,9%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,1%, орыстар – 1,5%, кәрістер – 1% және басқалары – 1,4%.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 162,5 млрд.теңгені құрады, НКИ 107,1%.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 57,8 млрд.теңгені құрады, НКИ 140,3%.
2024 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 4,2 млрд. теңгені құрайтын, 122 жұмыс орындары құрылатын 3 жоба жүзеге асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 12,4 млрд. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 102,2%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 64,4%-ға ұлғайып, 77,6 млрд. теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,1 млрд. теңгені құрады, немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 146,6%. 106,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 4,1%).
Сауда көлемі 2,4% -ға артып, 101,8 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 64,6 мың бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ-93%.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында 2024 жылға – 2,1 млрд.теңге бөлінді.
Жергілікті бюджетке 22288,2 млн. теңге өз кірістері түсті, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 51,6%-ға ұлғайып немесе 7593,9 млн.теңгеге артқан.

Дата публикации
13 марта 2024
Дата обновления
13 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы