Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2024 жылдың 1 қаңтарына халық саны – 841,8 мың адам, оның ішінде қалалық-395,1 мың адам (46,9%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,1%, орыстар – 1,5%, кәрістер – 1% және басқалары – 1,4%.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 78,7 млрд.теңгені құрады, НКИ 101,7%.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 24,2 млрд.теңгені құрады, НКИ 122,1%.
2024 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын, 87 жұмыс орындары құрылатын 2 жоба жүзеге асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 6,5 млрд. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 102,2%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 32,4%-ға ұлғайып, 40,3 млрд.теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3,1 млрд. теңгені құрады, немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 210,9%. 63,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 27,3%).
Сауда көлемі 2,1% -ға артып, 46,7 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 66,1 мың бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ-96,8%.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында 2024 жылға – 2,1 млрд.теңге бөлінді.
Жергілікті бюджетке 8544,9 млн. теңге өз кірістері түсті, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 47,2%-ға ұлғайып немесе 2743,4 млн.теңгеге артқан.