Лого

Меню

Страницы

Статья

Дене шынықтыру және спорт саласындағы атқарылған жұмыстар туралы

2026 жылдың 9 айы бойынша бұқаралық спортты дамыту және көрсеткіштер

Бұқаралық спортты дамыту: Бүгінгі таңда облыста жүйелі түрде спортпен 377 мыңнан астам адам шұғылданады. Бұл өңір халқының жалпы санының 44,6%-ын құрайды (республикалық индикатор 42%). Балалар мен жасөспірімдер спорты: 38 спорт түрі бойынша 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде (БЖСМ) 670 жаттықтырушы-оқытушының жетекшілігімен тұрақты оқу-жаттығу процесімен 22 099 спортшы қамтылған.
Спорт инфрақұрылымы және құрылыс жұмыстары: Облыста спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу 56,5%-ды құрайды. Өңірде барлығы 1 538 спорт нысаны бар (оның ішінде 927-сі ауылдық жерде жұмыс істейді). Спорт инфрақұрылымының құрамы:
Стадиондар – 13
Спорт кешендері – 60
Спорттық манеж (жеңіл атлетика және футбол) – 2
Есу базасы – 1
Ату тирлері – 5
Хоккей корты – 1
Жазықтық құрылғы – 1 425
Теннис корттары – 17
Ипподромдар – 3
Жүзу бассейндері – 11
Спорт залдары – 806
Құрылыс және нысандарды пайдалануға беру: 2022 жылдан бастап: 27 спорт кешені пайдалануға берілді.
Ірі жобалар:
2024 жыл: «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қорымен бірлесіп, құны 3,4 млрд теңге болатын заманауи «Теннис орталығы» ашылды.
2025 жыл: Қызылорда қаласында 11 мың орындық құны 26,5 млрд теңге болатын жаңа заманауи стадион ашылды.
2026 жылғы құрылыс динамикасы: «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 спорт кешені (Шижаға, Бекарыстан би, Келінтөбе ауылдарында, (Қожабақы ауылына және Әйтеке би кентіне), сондай-ақ «Қазақстан халқына» қорының демеушілік қолдауымен салынған 1 «Инклюзивті спорт орталығы» пайдалануға берілді.
Облыс орталығында аумағы 25 мың шаршы метр және құны 20 млрд 500 млн теңге болатын «Қызылорда Арена» көпсалалы спорт кешенінің құрылысы жалғасуда. Нысан ағымды жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Кәсіби спорт және жоғары спорттық жетістіктер
Спортшыларды даярлау және жеңіп алған медальдар динамикасы төмендегідей сипатталады: Көрсеткіш 2026 жылдың III тоқсаны
ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы – 3
ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 12
ҚР спорт шебері – 40
ҚР спорт шеберіне кандидат – 626
Әлем және Азия чемпионаттарының медальдары – 89 (34 алтын, 150 күміс, 28 қола)
ҚР чемпионаттары мен Кубоктарының медальдары – 534 (192 алтын, 44 күміс, 192 қола)
Бұқаралық спорттық іс-шаралардың орындалуы
Өткізілген іс-шаралар: Жыл басынан бері облыста 265-ке жуық спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оларға 45 мыңға жуық адам қатысты (салыстыру үшін: I тоқсанда 40 мың адамның қатысуымен 260 іс-шара өткізілген болатын).
Күнтізбелік жоспардың орындалуы: Облыстық жоспарға аясында ҚР 15 чемпионаты мен Кубогы, 28 республикалық турнир, сондай-ақ 115 облыстық біріншілік пен турнир өткізілді (II тоқсанда: ҚР 5 чемпионаты, 10 республикалық және 35 облыстық турнир).
Футбол клубтарын жекешелендіру (Президент тапсырмасы) Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау аясында қызылордалық «Қайсар» футбол клубы елдегі алғашқылардың бірі болып 2025 жылғы 30 қазаннан бастап сенімгерлік басқаруға берілді. Жаңа иесі: «TAU Group LTD» компаниясы (басшысы – Исламгали Козбаков). Инвестициялық жоспар: Клубтың жаңа басшылығы алдағы кезеңде «Қайсар» ФК академиясын салуға және инфрақұрылымын дамытуға 18 млрд теңге көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр.


2026 жылдың 6 айы бойынша бұқаралық спортты дамыту және көрсеткіштер

Спортпен шұғылданушылар үлесі: Қазіргі таңда облыста 377 мыңнан астам адам спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл аймақ халқының 44,6%-ын құрайды (республикалық индикатор – 42%).
Балалар мен жасөспірімдер спорты: Өңірдегі 21 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде (БЖСМ) спорттың 38 түрі бойынша 670 жаттықтырушы-оқытушы жетекшілігімен 22 099 спортшы тұрақты оқу-жаттығу процесімен қамтылған.
Спорттық инфрақұрылым және құрылыс жұмыстары
Облыс бойынша спорт нысандарымен қамтамасыз ету деңгейі 56,5%-ды құрайды. Өңірде барлығы 1 538 спорт нысаны бар (оның 927-сі ауылдық жерлерде).
Спорттық инфрақұрылымның құрамы:
Стадиондар – 13
Спорт кешендері – 60
Спорттық манеждер (жеңіл атлетикалық және футбол) – 2
Есу базасы – 1
Ату тирлері – 5
Хоккей корттары – 1
Жазықтық құрылғылар – 1 425
Теннис корттары – 17
Ипподромдар – 3
Жүзу бассейндері – 11
Спорт залдары – 806
Нысандардың құрылысы мен пайдалануға берілуі:
2022 жылдан бері: 25 спорт кешені пайдалануға берілді.
Ірі жобалар:
2024 жылғы қазан: «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірлесе отырып, құны 3,4 млрд теңгелік заманауи «Теннис орталығы» ашылды.
2025 жыл: Қызылорда қаласында құны 26,5 млрд теңгелік 11 мың орындық жаңа заманауи стадион ашылды.
2026 жылғы құрылыс динамикасы:
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 спорт кешені (Шижаға, Бекарыстан би, Келінтөбе ауылдары) және «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен 1 «Инклюзивті спорт орталығы» пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін ауылдық жерлерде тағы 2 спорт ғимаратының (Қожабақы ауылы мен Әйтеке би кенті) құрылысы аяқталып, ашылады деп жоспарлануда.
Қызылорда қаласында құны 20 млрд 500 млн теңге болатын, аумағы 25 мың ш.м. құрайтын көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылысы аяқталып, осы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Кәсіби спорт және жоғары спорттық жетістіктер
Спортшыларды даярлау және медальдар санының өсу динамикасы төмендегідей сипатталады:
Көрсеткіш  2026 жылдың ІІ тоқсаны 
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы 2
ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері 2
ҚР спорт шебері 21
ҚР спорт шеберлігіне кандидаттар 243
Әлем және Азия чемпионаттарының медалі 10 (6 алтын, 2 күміс, 2 қола)
ҚР чемпионаттары мен кубоктарының медалі 155 (55 алтын, 44 күміс, 56 қола)
Бұқаралық спорттық іс-шаралардың орындалуы Өткізілген іс-шаралар: Жыл басынан бері облыс көлемінде 260-қа жуық спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 40 мыңға жуық адам қатысты (салыстырмалы түрде: І тоқсанда 250 іс-шараға 35 мың адам қатысқан).
Күнтізбелік жоспардың орындалуы: Облыстық жоспар аясында 6 ҚР чемпионаты мен кубогы, 20 республикалық турнир, сондай-ақ 60 облыстық біріншілік пен турнир өткізілді (І тоқсанда: 3 ҚР чемпионаты, 10 республикалық және 35 облыстық турнир өткізілген болатын).
Футбол клубтарын жекешелендіру (Президент тапсырмасы)
Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес, республикада алғашқылардың бірі болып қызылордалық «Қайсар» футбол клубы 2025 жылдың 30 қазанынан бастап жеке басқаруға берілді.
Жаңа иесі: «TAU Group LTD» компаниясы (басшысы – Исламғали Қозбақов).
Инвестициялық жоспар: Клубтың жаңа басшылығы тарапынан алдағы кезеңде «Қайсар» академиясының құрылысына және инфрақұрылымды дамытуға 18 млрд теңге көлемінде инвестиция салу жоспарланған.


Өңірімізде 2026 жылдың І тоқсан қорытындысымен 377 мыңнан астам тұрғын яғни халықтың 44,6 пайызы (377 263 адам/ ауылдық жерде – 204 206) бұқаралық спортпен жүйелі түрде шұғылданады.
Қазіргі таңда, облыс бойынша 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спорттың 38 түрі бойынша 646 жаттықтырушы-оқытушы 22 099 спортшыны тұрақты оқу-жаттығу процесімен қамтамасыз етуде.
Облысымызда 1 538 (13 стадион, 60 спорт кешендері, 1 футбол манежі, 1 жеңіл атлетикалық манеж, 1 есу базасы, 5 ату тирі, 1425 жазықтықтағы құрылғылар, 17 теннистік корт, 1 хоккей корты, 3 ипподром, 11 жүзу бассейні) спорт нысаны бар. Спорт нысандарымен қамтамасыз ету 56,5% құрап отыр.
2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша 2 – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 2 – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 6– ҚР спорт шебері, 96 – ҚР спорт шеберлігіне кандидат спортшылар әзірленді.
2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңір спортшылары Әлем, Азия чемпионатынан 7 (5 алтын, 1 күміс, 1 қола) медалдарды жеңіп алса, ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 149 (54 алтын, 43 күміс, 52 қола) медальдарға қол жеткізген.
Бұқаралық дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында жыл басынан бері облыс көлемінде 250-ге жуық спорттық іс-шара өткізіліп, 35 мыңға жуық адам қатысты.
Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 3 - ҚР чемпионаттары мен кубоктары, 10 республикалық турнирлер, 35 облыстық біріншіліктер мен турнирлер өткізілді.
Облыс бойынша 2026 жылы 3 спорттық ғимараттардың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдаланылуға берілді.
Олар – «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2 спорт кешен Қазалы ауданы Бекарыстан би, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдарында және «Қазақстан халқы қорының демеушілігімен» 1 «Инклюзивті спорт орталығы». 2026 жылы жүргізіліп жатқан 4 құрылыс нысандарына тоқтала кететін болсақ, 3 нысан – Қазалы ауданы Қожабақы ауылы мен Әйтеке би кенті, Арал ауданы Шижаға ауылында спорт нысандарының «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарлануда. 1 нысан – облыс орталығында құны 20 млрд.500 млн теңгені құрайтын аумағы 25 мың шаршы метрлік көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. 2026 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.


Облыс бойынша 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спорттың 38 түрі бойынша 646 жаттықтырушы-оқытушы 22 099 спортшыны тұрақты оқу-жаттығу процесімен қамтамасыз етуде.
Облысымызда 1538 (13 стадион, 60 спорт кешендері, 1 футбол манежі, 1 жеңіл атлетикалық манеж, 1 есу базасы, 5 ату тирі, 1425 жазықтықтағы құрылғылар, 17 теннистік корт, 1 хоккей корты, 3 ипподром, 11 жүзу бассейні) спорт нысаны бар. Спорт нысандарымен қамтамасыз ету 56,5% құрап отыр.
2025 жылғы 12 ай қорытындысы бойынша 9 – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 54– ҚР спорт шебері, 975 – ҚР спорт шеберлігіне кандидат спортшылар әзірленді.
2025 жылы 12 айда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңір спортшылары Әлем, Азия чемпионатынан 146 (55 алтын, 38 күміс, 53 қола) медалдарды жеңіп алса, ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 539 (158 алтын, 154 күміс, 227 қола) медальдарға қол жеткізген.
Бұқаралық дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында жыл басынан бері облыс көлемінде 1200-ге жуық спорттық іс-шара өткізіліп, 125 мыңға жуық адам қатысты.
Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 14 - ҚР чемпионаттары мен кубоктары, 31 республикалық турнирлер,
8 халықаралық турнир, 104 облыстық біріншіліктер мен турнирлер өткізілді.
Облыс бойынша 2025 жылы 9 спорттық ғимараттардың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдаланылуға берілді.
Олар – «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 спорт кешен Қармақшы ауданы III Интернационал, Ақай және Жаңажол ауылдарында, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында 1 спорт кешен Арал ауданы Жақсықылыш кентінде, облыстық бюджет есебінен 1 спорт кешен Сырдария ауданы Бесарық ауылынан, «Қазақстан халқы қорының демеушілігімен» 2 спорт кешен Шиелі ауданы Досбол датқа және Жалағаш ауданы Аққыр ауылдарында, 1 стадион Қызылорда қаласының сол жағадауынан.
2025 жылы жүргізіліп жатқан 7 құрылыс нысандарына тоқтала кететін болсақ:
6 нысан – Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, Бекарыстан би және Қожабақы ауылы, Арал ауданы Шижаға ауылы, Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылы, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі спорт нысандары 2024 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жұмысы басталды. Өтпелі нысандар. 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарлануда.
1 нысан – Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. 2025 жылы облыстық бюджет есебінен басталуы күтілуде.


Қазіргі таңда, облыс бойынша 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спорттың 46 түрі бойынша 670 жаттықтырушы-оқытушы 22 655 спортшыны тұрақты оқу-жаттығу процесімен қамтамасыз етуде.
Облысымызда 1494 спорт нысаны бар. Спорт нысандарымен қамтамасыз ету 46,2% құрап отыр. 2025 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша 4 – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 23– ҚР спорт шебері, 467 – ҚР спорт шеберлігіне кандидат спортшылар әзірленді.
2025 жылы 9 айда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңір спортшылары Әлем, Азия чемпионатынан 137 (52 алтын, 35 күміс, 50 қола) медалдарды жеңіп алса, ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 515 (152 алтын, 147 күміс, 216 қола) медальдарға қол жеткізген.
Бұқаралық дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында жыл басынан бері облыс көлемінде 547-ге жуық спорттық іс-шара өткізіліп, 119 мыңға жуық адам қатысты.
Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 14 - ҚР чемпионаттары мен кубоктары, 31 республикалық турнирлер, 8 халықаралық турнир, 93 облыстық біріншіліктер мен турнирлер өткізілді.
Облыс бойынша 2025 жылы 9 спорттық ғимараттардың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдаланылуға берілді.
Олар – «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 спорт кешен Қармақшы ауданы III Интернационал, Ақай және Жаңажол ауылдарында, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында 1 спорт кешен Арал ауданы Жақсықылыш кентінде, облыстық бюджет есебінен 1 спорт кешен Сырдария ауданы Бесарық ауылынан, «Қазақстан халқы қорының демеушілігімен» 2 спорт кешен Шиелі ауданы Досбол датқа және Жалағаш ауданы Аққыр ауылдарында, 1 стадион Қызылорда қаласының сол жағадауынан.
2025 жылы жүргізіліп жатқан 7 құрылыс нысандарына тоқтала кететін болсақ: 6 нысан – Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, Бекарыстан би және Қожабақы ауылы, Арал ауданы Шижаға ауылы, Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылы, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі спорт нысандары 2024 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жұмысы басталды. Өтпелі нысандар. 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарлануда.
1 нысан – Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. 2025 жылы облыстық бюджет есебінен басталуы күтілуде.


Облыс бойынша 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 46 түрі бойынша 670 жаттықтырушы-оқытушы 22 655 спортшыны тұрақты оқу-жаттығу процесімен қамтамасыз етуде.Облысымызда 1494 (12 стадион, 47 спорт кешендері, 1 футбол манежі, 1 жеңіл атлетикалық манеж, 1 есу базасы, 12 ату тирі, 1390 жазықтықтағы құрылғылар, 13 теннистік корт, 1 хоккей корты, 3 ипподром, 9 жүзу бассейні) спорт нысаны бар. Спорт нысандарымен қамтамасыз ету 46,2% құрап отыр.
2025 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша 19 – ҚР спорт шебері, 348 – ҚР спорт шеберлігіне кандидат спортшы әзірленді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңір спортшылары Әлем және Азия чемпионатынан 100 (36 алтын, 22 күміс, 42 қола) медалдарды жеңіп алса, ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 372 (118 алтын, 103 күміс, 151 қола) медальға қол жеткізді.
Бұқаралық дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында жыл басынан бері облыс көлемінде 491-ге жуық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 98 621 адам қатысты.
Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 9 - ҚР чемпионаты мен кубогы, 18 - республикалық турнир, 4 -халықаралық турнир, 65 - облыстық біріншілік пен турнир өтті.
Облыс бойынша жыл басынан бері 10-ға жуық спорт кешені пайдалануға берілді. Осы жылы облыс көлемінде 6 спорт нысанының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бұл нысандар жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.


2025 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есеп

Аймақ басшысының тікелей тапсырмасымен Сыр спортын дамытуда тағы бір байыпты бастама жүзеге асырылды. Атап айтсақ, осы уақытқа дейін өзге мекемені жалға алып отырған басқармаға бағынысты бірқатар мектептер тұрақты спорт ғимараттарына көшті.
Бүгінгі күні Қызылорда қаласындағы «Ғ.Мұратбаев атындағы облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөсіпірімдер мектебі», «Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебі», «Қайсар ойын түрлері бойынша спорт клубы» ендігі кезекте Ғ.Мұратбаев атындағы стадионның ғимаратына көшіріліп, өз жұмыстарын жалғастыруда. Ал, «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы» мекемесі «Тарлан» бокс клубына ауысты.
Қазіргі таңда жоғарыда аталған спорт мекемелерін тұрақты ғимараттарға ауыстыру арқылы 21 млн 878 мың теңге қаржы үнемделді.
Қазіргі таңда, облыс бойынша 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спорттың 46 түрі бойынша 670 жаттықтырушы-оқытушы 22 655 спортшыны тұрақты оқу-жаттығу процесімен қамтамасыз етуде.
Облысымызда 1494 (12 стадион, 47 спорт кешендері, 1 футбол манежі, 1 жеңіл атлетикалық манеж, 1 есу базасы, 12 ату тирі, 1390 жазықтықтағы құрылғылар, 13 теннистік корт, 1 хоккей корты, 3 ипподром, 9 жүзу бассейні) спорт нысаны бар. Спорт нысандарымен қамтамасыз ету 46,2% құрап отыр.
2025 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша 1 – ҚР спорт шебері, 141 – ҚР спорт шеберлігіне кандидат спортшылар әзірленді.
2025 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңір спортшылары Азия чемпионатынан 1 (1 күміс) медалдарды жеңіп алса, ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 128 (67 алтын, 27 күміс, 34 қола) медальдарға қол жеткізген.
Бұқаралық дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында жыл басынан бері облыс көлемінде 387-ге жуық спорттық іс-шара өткізіліп, 83 550 адам қатысты.
Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 3 - ҚР чемпионаттары мен кубоктары, 6 республикалық турнирлер, 1 халықаралық турнир, 26 облыстық біріншіліктер мен турнирлер өткізілді.
Облыс бойынша 2025 жылы 6 спорттық ғимараттардың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдаланылуға берілді.
Олар – «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 спорт кешен Қармақшы ауданы III Интернационал және Жаңажол ауылдарында, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында 1 спорт кешен Арал ауданы Жақсықылыш кентінде, облыстық бюджет есебінен 1 спорт кешен Сырдария ауданы Бесарық ауылынан, «Қазақстан халқы қорының демеушілігімен» 1 спорт кешен Шиелі ауданы Досбол датқа ауылында.
2025 жылы жүргізіліп жатқан 10 құрылыс нысандарына тоқтала кететін болсақ:
• 1 нысан – Қызылорда қаласындағы 11 000 орынға арналған стадион құрылысы. 2024 жылдан бері облыстық бюджет есебінен жүргізілуде. 2025 жылдың мамыр айында пайдалануға берілуі жоспарлануда.
• 7 нысан – Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, Бекарыстан би және Қожабақы ауылы, Арал ауданы Шижаға ауылы, Қармақшы ауданы Ақай ауылы, Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылы, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі спорт нысандары 2024 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жұмысы басталды. Өтпелі нысандар. 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарлануда.
• 1 нысан – Қазақстан халқы қорының демеушілігімен 2024 жылы басталды. Ол –Жалағаш ауданы Аққыр ауылындағы спорт кешен. Аталған нысанды, 2025 жылдың соңына дейін пайдаланылуға беру жоспарлануда.
1 нысан – Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. 2025 жылы облыстық бюджет есебінен басталуы күтілуде.

«МЕМЛЕКЕТТІК СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯЛАРЫН ЖАН БАСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША
СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫ 2024 жылдың 12 айында

Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) іске асыру үшін 2024 жылға 4 807 млн. теңге бөлініп, игерілген қаржы – 1 907 млн. теңге.
Ағымдағы жылы спорттық тапсырыс бойынша 174 өнім беруші, спорттың 19 түрінен, 758 секция 16 423-ваучер болған. .Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) іске асыру үшін 2025 жылға 5 060 млн. теңге бөлінді.
Ағымдағы жылға спорттық тапсырыс бойынша 49 өнім беруші, спорттың 19 түрінен, 149 секция 3617 ваучер бар.


2024 жылдың 12 айында жоғары білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағынытында 4 халықаралық турнир, 17 Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогы 31 республикалық және облыс біріншілігі мен турнир ұйымдастырылып, оған 35 550 спортшы қатысты.
Нәтижесінде, спортшыларымыз ҚР чемпионаты мен кубоктарынан 808 медаль (271 алтын, 242 күміс, 295 қола), Әлем және Азия чемпионаты мен кубоктарынан 120 медальға (44 алтын, 40 күміс, 36 қола) қол жеткізді.
2024 жылы жалпы спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасына облыстан 690 спортшы енген.
2024 жылдың басты спорттық додасы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына аймағымыздан 7 жолдама алған спортшылар (бокстан - Қ. Қоңқабаев, грек-рим күресінен - А. Сұлтанғали, дзюдодан - А. Жұбаназар мен Н. Шархан және отырып ойнау волейболынан - Э. Қасқабаев, Ш. Медеуов, Парапауэрлифтингтен - С. Шакиев, Пара жеңіл атлетикадан - Е. Жоламан) бар.
Осы ретте спортшыларымыздың Жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алуы үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып жан-жақты қолдаулар көрсетудеміз.
2024 жылы облыста жүйелі дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар үлесі – 40,4% немесе 342 223 адамды құрады.


2024 жылдың 9 айында облыстың құрама команда сапында 1016 спортшы 167 оқу-жаттығу жиынына қатысса,
2693 спортшы 320 республикалық және халықаралық жарысқа қатысқан.
Нәтижесінде, спортшыларымыз ҚР чемпионаты мен кубоктарынан 735 медаль (245 алтын, 217 күміс, 273 қола), Әлем және Азия чемпионаты мен кубоктарынан 100 медальға (43 алтын, 29 күміс, 28 қола) қол жеткізді.
2024 жылы жалпы спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасына облыстан 690 спортшы енген.
2024 жылдың басты спорттық додасы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына аймағымыздан 7 жолдама алған спортшылар (бокстан - Қ. Қоңқабаев, грек-рим күресінен - А. Сұлтанғали, дзюдодан - А. Жұбаназар мен Н. Шархан және отырып ойнау волейболынан - Э. Қасқабаев, Ш. Медеуов, Парапауэрлифтингтен - С. Шакиев, Пара жеңіл атлетикадан - Е. Жоламан) бар.
Осы ретте спортшыларымыздың Жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алуы үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып жан-жақты қолдаулар көрсетудеміз.
2023 жылы облыста жүйелі дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар үлесі - 39% немесе 328 597 адамды құрады. Бұл көрсеткіш соңғы үш жылда - 2,7% немесе 19 797 адамға артқан.


2024 жылдың 6 айында облыстың құрама команда сапында 726 спортшы 111 оқу-жаттығу жиынына қатысса,
2069 спортшы 225 республикалық және халықаралық жарысқа қатысқан.
Нәтижесінде, спортшыларымыз ҚР чемпионаты мен кубоктарынан 532 медаль (191 алтын, 158 күміс, 183 қола), Әлем және Азия чемпионаты мен кубоктарынан 71 медальға (37 алтын, 21 күміс, 13 қола) қол жеткізді.
2024 жылы жалпы спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасына облыстан 690 спортшы енген.
2024 жылдың басты спорттық додасы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына аймағымыздан 7 жолдама алған спортшылар (бокстан - Қ. Қоңқабаев, грек-рим күресінен - А. Сұлтанғали, дзюдодан - А. Жұбаназар мен Н. Шархан және отырып ойнау волейболынан - Э. Қасқабаев, Ш. Медеуов, Парапауэрлифтингтен - С. Шакиев, Пара жеңіл атлетикадан - Е. Жоламан) бар.
Осы ретте спортшыларымыздың Жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алуы үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып жан-жақты қолдаулар көрсетудеміз.
2023 жылы облыста жүйелі дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар үлесі - 39% немесе 325 897 адамды құрады. Бұл көрсеткіш соңғы үш жылда - 2,7% немесе 19 797 адамға артқан.


Спорт саласы

2023 жылдың 12 айында өңірімізде 1565 бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 444 558 адам қатысты.
Спорт саласы бойынша 3 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде (Арал ауданы Жақсықылыш кенті, Қармақшы ауданы Ақай, Жалағаш ауданы Жалағаш кенті) және 7 спорт кешені пайдалануға берілді (Қазалы ауданы Түктібаев, Арал ауданы Қамыстыбас, Шиелі ауданы Шиелі кенті, Қармақшы ауданы Жосалы кенті, Жаңақорған ауданы Ақжол, Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті, Самұрық Қазына Акционерлік демеушілер есебінен Қызылорда қаласы Махамбет ауылындағы спорт кешендері).
Облысымызда білікті спортшылар мен спорт резервтерін дайындау мақсатында 14 Қазақстан Республикасының чемпионаты, 4 халықаралық, 48 республикалық 162 облыстық біріншілік өткізіліп, оған 35 322 спортшы қатысты.
Сонымен бірге, жерлестеріміз еліміздің өзге де өңірлері мен шет елдерде өткен көптеген жарыстардың, оның ішінде Әлем, Азия чемпионаттарының жеңімпазы атанып, Сыр өңірінің ғана емес, барша қазақ елінің абыройын асқақтатып келеді. Нәтижесінде, спортшыларымыз ҚР чемпионаты мен кубоктарында 1 158 (376 алтын, 358 күміс, 424 қола) медаль жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаты мен кубоктарынан 245 (94 алтын,71 күміс, 80 қола) медальға қол жеткізді.
Биылғы жылдың басты жаңалығы облысымыз үшін рекордтық көрсеткіш Қытай мемлекетінде өткен Азия ойындарына 25 спортшы 13 спорт түрінен қатысып, нәтижесінде дзюдодан 3 қола, стенд атудан 1 қола, каратэден 1 күміс және бокстан 1 күміс жүлде иеленді.
Сонымен қатар, 2023 жылдың 22-28 қазан аралығында Қытай мемлекетінде өткен Пара Азия ойындарына өңірімізден 8 спортшы қатысып, қорытындысымен Сыр спортшылары пара дзюдодан 1 алтын, отырып ойнау волейболынан 2 күміс медаль қанжығаларына байлады.
2024 жылы өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына бокстан Қамшыбек Қоңқабаев және Паралимпиада ойындарына волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері Қасқабаев Эрик,Медеуов Шыңғыс, Әбдібеков Ерасыл жолдама алды.
2023 жылы Албания мемлекетінде ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында Ерасыл Сәулебеков жеңімпаз атанып екі мәрте әлем чемпионы болды. Сонымен қатар, парадзюдодан өткен Әлем чемпионатында Оразалыұлы Олжас 73 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, парапауэрлифтингтен Бойка Снежанка әлем чемпионатының алтын медаль иегері болды.
2023 жылдың қазан айында Мажарстан мемлекетінде каратэден (WKF) өткен Әлем чемпионатында облыс спортшысы Жаңбырбай Мөлдір Қазақстан тарихында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанып, ел абыройын асқақтатты.
2023 жылдың 20-26 желтоқсан аралығында Алматы қаласында гандболдан өткен әйелдер командалары арасындағы ҚР чемпионатында (Супер Лига) «Қайсар» облыс құрама командасы жеңімпаз атанып 13 мәрте ел чемпионы атанды.
Спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасына облыстан барлығы 611 спортшы енгізілген (2022 жылы 382 спортшы). Яғни, осыншама жерлесіміз бүкіл әлем алдында еліміздің көк туын көтеру мәртебесіне ие болды деген сөз.
«Қайсар» футбол клубы биылғы жылы Премьер-Лига командалары арасындағы ҚР чемпионатына қатысып, нәтижесінде турнирлік кестеде 6 орынға тұрақтады.


Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша
2023 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Спорт саласы бойынша 7 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде (Арал ауданы Жақсықылыш кенті және Қамыстыбас ауылы, Қармақшы ауданы Ақай, ІІІ Интернационал, Жаңажол ауылдары, Жалағаш ауданы Жалағаш кенті, Сырдария ауданы Бесарық ауылы, Жаңақорған ауданы Ақжол ауылы,) және 4 спорт кешені пайдалануға берілді (Қазалы ауданы Түктібаев ауылындағы спорт кешені, Қармақшы ауданы Жосалы кенті, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі спорт кешендері, Самұрық Қазына Акционерлік демеушілер есебінен Қызылорда қаласы Махамбет ауылындағы спорт кешені).
«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Тереңөзек кентіндегі "Сырдария" спорт клубының ғимаратына, Шиелі ауданы Көкшоқы шағын ауданындағы спорт кешенінің ашық алаңына (стадион) күрделі жөндеу жұмыстары жұргізуде.
2023 жылдың 9 айында өңірімізде 1112 бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 126 890 адам қатыстырылды.
Қызылорда облысында 2 халықаралық турнир, 10 Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогы (гандбол, ауыр атлетика, унифайт, велоспорт, гандбол, велоспорт, бәйге, асық ату мен бес асық, белбеу күресі, футбол), 35 республикалық және 112 облыс біріншілігі мен турнир ұйымдастырылып, оған 23 238 спортшы қатыстырылды.
Облыс спортшылары ҚР чемпионаты мен кубоктарында 1057 (353 алтын, 320 күміс, 384 қола) медаль жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаты мен кубоктарынан 210 (81 алтын, 64 күміс, 65 қола) медальға қол жеткізді.
Спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасына облыстан 611 спортшы енгізілген. Облыстағы спорт түрлерінен 1324 спортшы 200 оқу-жаттығу жиынына, 3026 спортшы 342 республикалық, халықаралық жарысқа қатыстырылған.
Әлемдік додадағы облыстың басты жаңалығы Дуррес (Албания) қаласында ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатында қызылордалық Ерасыл Сәулебеков жеңімпаз атанып, 2 дүркін әлем чемпионы болса, Сабыр Нұрдос пен Алексеева Таисияаталмыш чемпионаттың күміс жүлделерін иеленген.
Сонымен қатар, Бангкок (Тайланд) қаласында бокстан жастар арасында өткен Азия чемпионатында спортшыларымыз Ержан Гүлсая мен Алтынбек Нұрсұлтан чемпион атанса, Астана қаласында грек-рим күресінен өткен Азия чемпионатында Сырлыбай Олжас қола медаль иеленген.
Мүмкіндігі шектеулі Сыр спортшылары да табысты өнер көрсетуде. Астана қаласындапара дзюдодан өткен Азия чемпионатында Оразалыұлы Олжас қола жүлде иеленсе, Грузияда пара пауэрлифтингтен өткен Әлем кубогынан спортшыларымыз 6 медаль (1 - алтын, 1 - күміс, 4 - қола) еншілеп, ел намысын қорғады.
2023 жылдың 15-18 маусым аралығында Будапештте кикбоксингтен өткен Әлем Кубогында Тілектесов Нұрасыл чемпион атанса, Қарман Диас пен Әбдіхай Заманбектер күміс және қола медалдарды иеленді.
Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы «Азия ойындарында» бокс, ауыр атлетика, гандбол, дзюдо, грек-рим күресі, стенд ату, таэквондо, каратэ, велоспорт, көгалдағы хоккей, шахмат секілді спорт түрлерінен Қызылорда облысынан 25 спортшыларымыз қатысуда.
Қазіргі таңда облыс қоржынында 2 спорт түрі бойынша 4 қола медаль бар. Олар дзюдодан М.Шамшадин, А.Жұбаназар, Н.Шархан. Стенд атудан Досмағамбетова Айжан.
Спортшыларымыздың жеткен жетістіктерімен шектелмей, әрі қарай өсіп-өнуі, өз ісінің шебері атануы да аса маңызды. Осы орайда, жыл басынан бері 4 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 5 ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 45 ҚР спорт шебері, 754 ҚР спорт шеберлігіне кандидат спортшы дайындалды.


Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша

2023 жылғы 3 айда атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Спорт саласы бойынша 10 спорт кешенінің  құрылысы жүргізілуде (Арал ауданы, Жақсықылыш кенті және Қамыстыбас ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешендері, Қазалы ауданы  Түктібаев ангар типті спорт кешені, Жосалы кентіндегі дене шынықтыру сауықтыру кешені, Ақай ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешені,  Жалағаш ауданы, Жалағаш кентіндегі дене шынықтыру сауықтыру кешені,  Сырдария ауданы, Бесарық спорт кешені, Шиелі ауданы, Шиелі кентіндегі дене шынықтыру сауықтыру кешені, Жаңақорған ауданы, Ақжол ауылындағы спорт кешен, Самұрық Қазына Акционерлік демеушілер есебінен Қызылорда қаласы Махамбет ауылындағы спорт кешені).

Аталған нысандар 2023 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда.

«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Тереңөзек кентіндегі "Сырдария" спорт клубының ғимаратына, Шиелі ауданы Көкшоқы шағын ауданындағы спорт кешенінің ашық алаңына (стадион) күрделі жөндеу  жұмыстарын жұргізуге мемлекттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

 2023 жылдың І-тоқсаны бойынша 240 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 26 439 адам қатысты. Жыл сайын спорттың бұқаралық сипатын арттыру басымдық алып келеді. Оны сан-салалы спорт түрлері барысынан байқауға болады.

Жалпы, Қызылорда облысында 2023 жылы 2 Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогы (гандбол, ауыр атлетика), 11 республикалық және 44  облыс біріншілігі мен турнир ұйымдастырылып, оған 9254 спортшы қатыстырылды.

 Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында балаларға арналған 1мектеп-интернат-колледжі, 2-облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1олимпиадалық резерв даярлау орталығы және 22-балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 48 түрімен 614 жаттықтырушы-оқытушы 21 367 спортшыны тәрбиелеуде.

 Облыс спортшылары ҚР чемпионаты мен кубоктарында 287 (76 алтын, 81 күміс, 130 қола) медаль жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаты мен кубоктарынан 16 (7 алтын, 7 күміс,2 қола) медальға қол жеткізді.

Спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасына облыстан 611 спортшы енгізілген.

Облыстағы спорт түрлерінен 521 спортшы 72 оқу-жаттығу жиынына,   785 спортшы 85 республикалық, халықаралық жарысқа қатыстырылған.

Тайландтың Бангкок қаласында Бокстан 19-22 жас арасында Азия чемпионатында Ержан Гүлсая мен Алтынбек Нұрсұлтан алтыннан алқа тақты.

Алдағы жылы демеушілер есебінен 7 мың көрерменге арналған футбол стадионы салынатын болады.

Сонымен қатар, 3 ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 10 ҚР спорт шебері, 170 ҚР спорт шеберлігіне кандидат, 40 І разрядты спортшы дайындалды.


Спорт саласы бойынша:

 2022 жыл бойыншаспорт түрлерінен  1351 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 172 124 адам қатысты. Жыл сайын спорттың бұқаралық сипатын арттыру басымдық алып келеді. Оны сан-салалы спорт түрлері барысынан байқауға болады.

Жалып, Қызылорда облысында 2022 жылы 5 халықаралық турнир, 18 Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогы (тоғызқұмалақ, құсбегілік, конькимен мәнерлеп сырғанау, волейбол, топтық эстетикалық гимнастика, велоспорт, грек-рим, еркін және әйелдер күресі, ауыр атлетика, футбол, дзюдо, белбеу күресі, шахмат, каратэ, арбадағы би, гандбол, волейбол), 36 республикалық және 140  облыс біріншілігі мен турнир ұйымдастырылып, оған 29 757 спортшы қатыстырылды. Аталған шаралардың санымен қатар сапасы да өсті. Бұл жарыс нәтижелерінен көрінді.

 Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында балаларға арналған 1мектеп-интернат-колледжі, 2-облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1олимпиадалық резерв даярлау орталығы және
22-балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 48 түрімен 614 жаттықтырушы-оқытушы 21 367 спортшыны тәрбиелеуде.

 Облыс спортшылары ҚР чемпионаты мен кубоктарында 1078 (329 алтын, 289 күміс, 460 қола) медаль жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаты мен кубоктарынан 218 (78 алтын, 66 күміс, 74 қола) медальға қол жеткізді.

Спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасына облыстан 382 спортшы енгізілген.

Облыстағы спорт түрлерінен 1531 спортшы 215 оқу-жаттығу жиынына, 2691 спортшы 316 республикалық, халықаралық жарысқа қатыстырылған.

Аймақтағы 4 спорт мектебіне «мамандандырылған» деген мәртебе берілді.

Астана қаласында 11-ші рет ұйымдастырылған «Қазақстан барысы» турнирінде үшінші рет облыс спортшысы жеңіске жетті. Бұл мерей – балуан Мақсат Исағабыловтың жеңісі еді.

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен Әлем чемпионатында Ерасыл Сәулебеков пен Айсамал Сансызбаева алтыннан алқа тақты.

Белград (Сербия) пен Бакуде өткен Әлем чемпионаты мен Кубогынан Айдос Сұлтанғали қола жүлдені олжалады.

Облыс спортының тарихында тұңғыш рет Әсел Серікбай Италияда 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жү.лдесін иеленіп, гроссмейстер атанды.

Парадзюдодан Олжас Оразалыұлы Бакуде өткен Әлем чемпионатынан қола жүлдені жеңіп, Паралимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алды.

«Қайсар» футбол клубы Премьер лигаға шықса, «Қайсар КГУ» қыздар гандбол командасы ХІІ-ші рет Қазақстан чемпионы атанды.

Алдағы жылы демеушілер есебінен 7 мың көрерменге арналған футбол стадионы салынатын болады.


Облыстық мәдениет және спорт басқармасының  спорт саласы бойынша 9 айда атқарған жұмыстарының МӘЛІМЕТІ

2022 жылғы қазан айына дейін спорт түрлерінен  мәдениет және спорт саласы бойынша 790 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 132 376 адам қатысты.

Сонымен қатар, 2 - халықаралық турнир, 11 - Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогы (волейбол, топтық эстетикалық гимнастика, тоғызқұмалақ, құсбегілік, конькимен мәнерлеп сырғанау, велоспорт, ауыр атлетика, грек-рим, еркін және әйелдер күресі, футбол, дзюдо, белбеу күресі), 25 – республикалық және 105 - облыс біріншіліктері мен турнирлер ұйымдастырылып оған 22 236 спортшылар қатысытырылды.

Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында балаларға арналған 1-мектеп-интернат-колледжі, 2-облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1-олимпиадалық резерв даярлау орталығы және
22-балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спорттың 48 түрімен 608 жаттықтырушы-оқытушы 21 161 спортшыны  тәрбиелеуде.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, облыс спортшылары
2022 жылдың 9 айында ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 914 (276 - алтын, 250 - күміс, 388- қола) медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттары мен кубоктарынан 173 (65 - алтын, 52 - күміс, 56 - қола) медальдарға қол жеткізді.

Сонымен қатар, 15 – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 42 – ҚР спорт шебері, 598 – ҚР спорт шеберлігіне кандидат, 161 – І разрядты спортшылар дайындалды.


Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша 2022 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Қазіргі таңда, обыстық мәдениет және спорт басқармасына қарасты спорт саласы бойынша 30 мекеме (20 – спорт мектептері, 2 – жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 – мектеп-интернат-колледжі, 1 – олимпиадалық резерв даярлау орталығы,4 – спорт клубы, 1 – «Мұз айдыны» спорт кешені,1 – «Ғани Мұратбаев атындағы стадион» ҚМКҚ) Жолдауда берілген тапсырманы жүзеге асыруда дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылармен тұрақты жұмыс жасап келеді.

Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытындағы 21 - балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде (1 - Байқоңыр қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі) спорттың 48 түрімен 608 жаттықтырушы-оқытушы 21 161 спортшыны тәрбиелеуде.

Өңірімізде 280 432 адам дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданып, жалпы облыс халқының34,0пайызын құрады (2020 жылы 31,3%).

2021 жылы 1322 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 123 367 адам қатыстырылса, 2022 жылдың 6 айында 683 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 127 171 адам тартылған.

Оның ішінде, бекітілген облыстық іс-шаралар жоспары бойынша 9 - Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктары, 20 - республикалық, 1 - халықаралық турнир, 86 - облыстық біріншіліктер өткізілді.

Сонымен қатар, 138 елді мекендегі 282 спорт нұсқаушының бақылауымен 42 мың өңір тұрғындары дене шынықтырумен тұрақты түрде шұғылданады.

Дене шынықтыру және спорт саласының негізгі көрсеткіші «Халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жағдайында «1000 адамға арналған спорттық алаңдар санының көрсеткіші» облыс бойынша 2021 жылдың қорытындысымен 41,6 пайызға жеткізілді (2022 жылға 42% жоспарлануда).

2021 жылы «Нұрсәт» теннис орталығының 4 жабық теннис корты, байдарка және каноэ есу базасының құрылыстары аяқталса, жеке кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен Қызылорда қаласы, Ақмешіт мөлтек ауданынан «NAMAN ATA» спорт кешені, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінен жүзу бассейні пайдалануға берілді.  

Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында 2022 жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Қазалы ауданы, Пірімов ауылынан 1 спорт кешені пайдалануға берілсе, жыл аяғына дейін 6 спорт кешендерінің (Арал ауданы Қамыстыбас және Аманөткел ауылдары, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті мен Ақай ауылында және Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Шиелі ауданы Шиелі кенті) құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілу жоспарлануда.

2020-2021 жылдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында
12 жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланды. 2020 жылы 5 жоба, 2021жылы 6 жоба (Жаңақорған ауданы Төменарық, Қандөз, Әбдіғаппар, Жаңарық, Бірлік а/о және Шиелі ауданы Керделі а/о спорт кешенін жалға алу) іске қосылып, жаңа жұмыс орындарымен қамтылды.Алдағы уақытта қалған 1 жобаны іске асыру жұмыстары жалғасын табатын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылы балалар мен жасөспірімдерді спорт секциялармен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік спорттық тапсырысқа 2 156 балаға облыстық бюджеттен 212 756,0 мың теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде 2492 бала қамтылған.

2022 жылға мемлекеттік спорттық тапысырыс бойынша 4 312 балаға 638 565,0 мың теңге қаржы бөлінсе, өнім берушілерден түскен өтініштерге сәйкес 7593 бала қамытылып отыр.

2021 жылы спортшыларымыз ҚР чемпионаттары мен кубоктарында1037(330 алтын, 297 күміс, 410 қола) медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 131 (55 алтын, 27 күміс, 49 қола) медальдарға қол жеткізді.

Сонымен қатар, 2022 жылдың 6 айында ҚР чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары 714 (195-алтын, 197-күміс, 322-қола) медаль, Әлем және Азия чемпионаттарында 126 (48-алтын, 42-күміс, 38-қола) медальдарды иеленген.

2021 жылы өңірімізде 3 - ҚР халықаралық дәрежедегi спорт шеберi,90 - ҚР спорт шебері,497- ҚР спорт шеберлігіне кандидат дайындалып, ҚР ұлттық құрама командасына 496 спортшы енгізілсе, 2022 жылғы 6 айда 11 - ҚР халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, 42 - ҚР спорт шебері, 429 - ҚР спорт шеберлігіне кандидат дайындалып, ҚР ұлттық құрама командасына 382 спортшылар алынған.

Кеше ғана, Нұр-Сұлтан қаласында өткен ұлттық спортымыз қазақ күресінің шоқтығы биік жарыстарының бірі «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде өңір абыройын балуанымыз Мақсат Исағабылов үшінші мәрте асқақтатып, жеңімпаз атанды.


Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Өңірде 280 432 адам дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданады немесе ол облыс тұрғындарының 34,0 пайызын құрайды.

138 елді мекендегі 282 спорт нұсқаушының бақылауымен 42 мың өңір тұрғындары дене шынықтырумен тұрақты түрде шұғылданады.

2021 жылы 1322 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 123 367 адам қатысты.

13 Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктары,
29 республикалық, 3 халықаралық турнир, 111 облыстық біріншіліктер өткізілді.

Дене шынықтыру және спорт саласының негізгі көрсеткіші «Халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жағдайында «1000 адамға арналған спорттық алаңдар санының көрсеткіші» облыс бойынша 37,5 пайызды құрап отыр. 2021 жылдың қорытындысымен 40,8 пайызға орындалды.

2020-2021 жылдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 12 жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланды. Өткен 2020 жылы 5 жоба (Қызылорда қаласы Сәулет мөлтек ауданы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, Жаңақорған ауданы Сунақата мен Қожакент а/о спорт кешенін жалға алу, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу),  2021 жылы 6 жоба (Жаңақорған ауданы Төменарық, Қандөз, Әбдіғаппар, Жаңарық, Бірлік а/о және Шиелі ауданы Керделі а/о спорт кешенін жалға алу спорт кешенін жалға алу)  іске қосылып, жаңа жұмыс орындарымен қамтылды. Алдағы уақытта қалған 1 жобаны іске асыру жұмыстары жалғасын табатын болады.

Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, спортшыларымыз ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 1037 (330 алтын,
297 күміс, 410 қола)
медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 131 (55 алтын, 27 күміс, 49 қола) медальдарға қол жеткізді.

4 - ҚР халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, 90 - ҚР спорт шебері, 497 - ҚР спорт шеберлігіне кандидат, 125 - І-ші cпорттық разрядты спортшылар дайындалды.

Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында 5 спорт кешендерінің (Арал ауданы Қамыстыбас және Аманөткел ауылдары, Қазалы ауданы Пірімов ауылы, Қармақшы ауданы, Жосалы және Жалағаш ауданы, Жалағаш кенттері) «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 2021 жылы құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен Қызылорда қаласы, Ақмешіт мөлтек ауданынан «NAMAN ATA» спорт кешені бой көтерсе, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінен жүзу бассейні және Аққұм мен Бұқарбай батыр ауылдарындағы спорт кешендері спорттық секциялармен қамтылып, пайдалануға берілді.   

Сонымен қатар, «Самұрық» корпоративтік қорының демеушілігімен Қызылорда қаласы, Ж. Махамбетов ауылдық округінен көпфункционалды спорт кешені құрылысының салынуы жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы, «Нұрсәт» теннис орталығының 4 жабық теннис корты және байдарка және каноэ есу базасының құрылыстары аяқталды.

Төрт жылда бір рет келетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс – Токио Олимпиадасына Қызылорда облысынан бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев, еркін күрестен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дәулет Ниязбеков және каратэ-додан Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай қатысып, ел намысын абыроймен қорғап, Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Алда атқарылатын міндеттер:

- Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі  жағдайында «1000 адамға арналған спорттық алаңдар саны» көрсеткішін 2022 жылы 42,0 пайызға жеткізу;

- спорт түрлерінен Әлем, Азия және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына спортшылардың (оның ішінде мүмкіндігі шектеулі) дайындығы мен қатысуын қамтамасыз ету;

- мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында спорттық секциялар мен оған қамтылатын балалар саны мүмкіндігінше арттыру;

- жүйелі дене шынықтырумен айналысушылар санын 38 пайызға жеткізуге жұмыс жасау.


Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша
2021 жылғы 9 айға атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Өңірде 257 245 адам дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданады немесе ол облыс тұрғындарының 31,4 пайызын құрайды.
138 елді мекендегі 282 спорт нұсқаушының бақылауымен 42 мың өңір тұрғындары дене шынықтырумен тұрақты түрде шұғылданады.
2021 жылғы 1 қазанға 809 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 77 447 адам қатысты.
9 Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктары,
20 республикалық турнир, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында 92 облыстық біріншіліктер өткізілді.
Дене шынықтыру және спорт саласының негізгі көрсеткіші «Халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жағдайында «1000 адамға арналған спорттық алаңдар санының көрсеткіші» облыс бойынша 37,5 пайызды құрап отыр. 2021 жылдың қорытындысымен 39,9 пайызға жеткізу көзделуде.
2020-2021 жылдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 12 жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланды. Өткен 2020 жылы 5 жоба (Қызылорда қаласы Сәулет мөлтек ауданы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, Жаңақорған ауданы Сунақата мен Қожакент а/о спорт кешенін жалға алу, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу), 2021 жылы 6 жоба (Жаңақорған ауданы Төменарық, Қандөз, Әбдіғаппар, Жаңарық, Бірлік а/о және Шиелі ауданы Керделі а/о спорт кешенін жалға алу спорт кешенін жалға алу) іске қосылып, жаңа жұмыс орындарымен қамтылды. Осы жылдың соңына дейін 1 жоба қалды.
Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, спортшыларымыз ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 851 (270 алтын,
245 күміс, 336 қола) медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 66 (24 алтын, 9 күміс, 33 қола) медальдарға қол жеткізді.
2 - ҚР халықаралық дәрежедегi спорт шеберi 41 - ҚР спорт шебері, 312 - ҚР спорт шеберлігіне кандидат, 58 - І-ші cпорттық разрядты спортшылар дайындалды.
Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында 5 спорт кешені «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында осы жылы құрылысы жүргізілуде. Сонымен бірге, «Самрұқ» корпоративтік қорының демеушілігімен Қызылорда қаласы, Ж. Махамбетов ауылдық округінен көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы салынады.
Сондай-ақ, «Нұрсәт» теннис орталығының 4 жабық теннис кортының және байдарке, каноэде есу базасының құрылыстары аяқталды.
Төрт жылда бір рет келетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс – Токио Олимпиадасына Қызылорда облысынан 3 спортшы жолдама алып, қатысты. Бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев, еркін күрестен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дәулет Ниязбеков және каратэ-додан Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай қатысып, ел намысын абыроймен қорғап, Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Алда атқарылатын міндеттер:
- Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі жағдайында «1000 адамға арналған спорттық алаңдар саны» көрсеткішін 2022 жылы 41,1 пайызға жеткізу;
- спорт түрлерінен Әлем, Азия және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына спортшылардың (оның ішінде мүмкіндігі шектеулі) дайындығы мен қатысуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында спорттық секциялар мен оған қамтылатын балалар саны мүмкіндігінше арттыру;
- жүйелі дене шынықтырумен айналысушылар санын 38 пайызға жеткізуге жұмыс жасау.


Дене шынықтыру және спорт саласында
2021 жылғы І тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Өңірде 254 101 адам дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданды, немесе ол облыс тұрғындарының 31,3 пайызын құрайды.
138 елді мекендегі 42 мың өңір тұрғындары 282 спорт нұсқаушысының бақылауымен дене шынықтырумен тұрақты шұғылданады.
2021 жылғы І тоқсанында 187 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 18 751 адам қатысты.
3 Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктары (оның ішінде 2-і онлайн), 7 республикалық турнир, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында 13 облыстық біріншіліктер өтті.
Еліміздегі карантин жағдайына байланысты Online жүйеде тоғызқұмалақтан өткізілген жарысқа 144 спортшы қатысты.
Дене шынықтыру және спорт саласының негізгі көрсеткіші «Халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жағдайында «1000 адамға арналған спорттық алаңдар санының көрсеткіші» облыс бойынша - 37,5 пайызды құрап отыр.
Облыс спортшылары ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 260 (70 – алтын, 83 - күміс, 107 - қола) медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 10 (1 - алтын, 2 - күміс, 7 - қола) медальдарға қол жеткізді.
5 - ҚР спорт шебері, 19 - ҚР спорт шеберлігіне үміткер дайындалса, 496 спортшы ҚР Ұлттық құрама сапына енді.
2021 жылы Токио қаласында (Жапония) өтетін Олимпиада Ойындарына еркін күрестен ҚР ЕССШ, Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, 3 дүркін Азия чемпионы Дәулет Ниязбеков пен бокстан ҚР ЕССШ, Азия және Әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев жолдама алды.
Пандемия кезінде тұрғындар арасында спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында «Сыр спорты» -YouTube каналы құрылды, каналға дене шынықтыру мен спортты насихаттайтын 20-ден астам бейнероликтер жүктелді.
Спорт саласына облыстық бюджеттен 2021 жылғы І тоқсанда 2548,9 млн. теңге бөлініп, игерілгені 2543,4 млн. теңге 99,8 пайыз.


Дене шынықтыру және спорт саласында
2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Өңірде 254 101 адам дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданды, немесе ол облыс тұрғындарының 31,3 пайызын құрайды.
138 елді мекендегі 42 мың өңір тұрғындары 282 спорт нұсқаушысының бақылауымен дене шынықтырумен тұрақты шұғылданады.
2020 жылы 350 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 55 600 адам қатысты.
4 Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктары, 2 халықаралық және 6 республикалық турнир, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында 11 облыстық біріншіліктер өтті.
Еліміздегі карантин жағдайына байланысты көркем гимнастикадан, гір көтеруден, тоғызқұмалақтан, қоссырықта қолды бүгіп жазу, фристайл, каратэ-додан, таеквондодан (пумсе) және жалпы дене жаттығулары бойынша Online жүйеде өткізілген 19 жарыстарға 1000-нан астам спортшылар қатысты.
Дене шынықтыру және спорт саласының негізгі көрсеткіші «Халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жағдайында «1000 адамға арналған спорттық алаңдар санының көрсеткіші» облыс бойынша - 37,5 пайызды құрап отыр.
2020-2021 жылдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 12 жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланды. Өткен жылы 5 жоба (Қызылорда қаласы Сәулет мөлтек ауданы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, Жаңақорған ауданы Сунақата мен Қожакент а/о спорт кешенін жалға алу, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу) іске қосылып, 55 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылды.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы аясында облыс бойынша 22 жоба іске асырылды (оның ішінде - 9 жоба жаңа құрылыс жұмыстары, 10 жоба - ағымдағы жөндеу, 2 жоба – қайта жаңғырту, 1 жоба – күрделі жөндеу жұмыстары).
Облыс спортшылары ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 353 (104 – алтын, 104 - күміс, 145 - қола) медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 25 (16 - алтын, 5 - күміс, 4 - қола) медальдарға қол жеткізді.
9 - ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 39 - ҚР спорт шебері, 1 - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 1 - ұлттық спорт төрешісі, 377 – ҚР спорт шеберлігіне үміткер, 125 – І-ші cпорттық разрядты спортшылар дайындалса, 670 спортшы ҚР Ұлттық құрама сапына енді.
2021 жылы Токио қаласында (Жапония) өтетін Олимпиада Ойындарына еркін күрестен ҚР ЕССШ, Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, 3 дүркін Азия чемпионы Дәулет Ниязбеков пен бокстан ҚР ЕССШ, Азия және Әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев жолдама алды.
Пандемия кезінде тұрғындар арасында спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында «Сыр спорты» -YouTube каналы құрылды, каналға дене шынықтыру мен спортты насихаттайтын 100-ден астам бейнероликтер жүктелді.
Спорт саласына облыстық бюджеттен 2020 жылы 8025,9 млн. теңге, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге 96,9 млн. теңге бөлініп, бюджетке қайтарылғаны 2136,4 млн. теңге, игерілгені 8020,1 млн. теңге 99,9 пайыз.


Дене шынықтыру және спорт саласында
2020 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар
туралы ақпарат

Қазіргі таңда, өңірімізде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 30,2 пайызға көтеріліп, 243 078 адамға жетіп отыр. Бұқаралық спортты дамыту үшін бүгінгі таңда 282 спорт нұсқаушысы 138 елді мекенде, 42 мың адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын 7-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер саны 27 186 жетіп, 16,7 пайызды құрап отыр.
2020 жылдың ІІ тоқсанында 324 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 50 мың адам қатысты.
Есепті кезеңде спорт түрлерінен 3 Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктары, 2 халықаралық және 5 республикалық турнирлер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында 8 облыстық біріншіліктер ұйымдастырылып өткізілді.
Үстіміздегі жылдың 2-ші тоқсанында тоғызқұмалақтан, каратэ-додан, таеквондо және жалпы дене жаттығулары бойынша Online жүйеде облыстық жарыстар ұйымдастырылып, барлығы 500-ге жуық спортшылар қатысты.
Бүгінгі таңда, халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жағдайында «100 адамға арналған спорттық алаңдар санының көрсеткіші» 35,8 пайызды құрап отыр.
2019-2020 жылдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жоспарланған 12 жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
Сонымен қатар, бүгінгі күні 7 аудан орталығы мен Қызылорда қаласындағы 8 дене шынықтыру-сауықтыру клубтарында 13 613 адам спортпен тұрақты шұғылданады.
Облыс спортшылары ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 254 (78 – алтын, 68 - күміс, 108 - қола) медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 19 (15 - алтын, 1 - күміс, 3 - қола) медальдарға қол жеткізді.
275 – ҚР спорт шеберлігіне үміткер, 93 – І-ші cпорттық разрядты спортшылар дайындалса, облыстың 670 спортшысы ҚР Ұлттық құрама сапына енді.
2021 жылы Токио қаласында (Жапония) өтетін Олимпиада Ойындарына еркін күрестен ҚР ЕССШ, Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, 3 дүркін Азия чемпионы Дәулет Ниязбеков пен бокстан ҚР ЕССШ, Азия және Әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев жолдама алды.


Дене шынықтыру және спорт саласында

2020 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

туралы ақпарат

Қазіргі таңда, өңірімізде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 30,2 пайызға көтеріліп, 243 078 адамға жетіп отыр. Бұқаралық спортты дамыту үшін бүгінгі таңда 282 спорт нұсқаушысы 138 елді мекенде, 42 мың адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын 7-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер саны 27 186 жетіп, 16,7 пайызды құрап отыр.
2020 жылдың І тоқсанында 315 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 50 мың адам қатысты.
Есепті кезеңде спорт түрлерінен 3 Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктары, 2 халықаралық және 5 республикалық турнирлер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында 8 облыстық біріншіліктер ұйымдастырылып өткізілді.
Үстіміздегі жылдың 29 наурыз – 1 сәуір аралығында тоғызқұмалақтан Online жүйеде ересектер арасындағы жекелей облыс чемпионаты ұйымдастырылып, барлығы 106 спортшы қатысты. Сонымен қатар, спорт түрлерінен күнделікті оқу-жаттығу процесі өтуде.
Бүгінгі таңда, халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жағдайында «100 адамға арналған спорттық алаңдар санының көрсеткіші» 35,8 пайызды құрап отыр.
2019-2020 жылдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жоспарланған 12 жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
Сонымен қатар, бүгінгі күні 7 аудан орталығы мен Қызылорда қаласындағы 8 дене шынықтыру-сауықтыру клубтарында 13 613 адам спортпен тұрақты шұғылданады.
Облыс спортшылары ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 254 (78 – алтын, 68 - күміс, 108 - қола) медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 15 (11 - алтын, 1 - күміс, 3 - қола) медальдарға қол жеткізді.
240 – ҚР спорт шеберлігіне үміткер, 43 – І-ші cпорттық разрядты спортшылар дайындалса, облыстың 670 спортшысы ҚР Ұлттық құрама сапына енді.
2021 жылы Токио қаласында (Жапония) өтетін Олимпиада Ойындарына еркін күрестен ҚР ЕССШ, Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, 3 дүркін Азия чемпионы Дәулет Ниязбеков пен бокстан ҚР ЕССШ, Азия және Әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев жолдама алды.


2019 жылдың атқарылған жұмыстары және алдағы міндеттер туралы ақпарат

Облыста дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші ол – тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады.
Қазіргі таңда, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 30,2 пайызға көтеріліп, 243 078 адамға жетіп отыр. Бұқаралық спортты дамыту үшін бүгінгі таңда 282 спорт нұсқаушысы 138 елді мекенді қамтып, 41 мың адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді.
Бұл республикада алғашқылардың бірі болып нұсқаушы қамтып отырған аймақ.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын 7-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер саны 27 186 жетіп, 16,7 пайызды құрап отыр.
Бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы – жарыстарды көптеп өткізіп, халықты спортқа тарту.
Осы мақсатта облыс аумағында жыл басынан бері 1599 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 450 330 адам қатысты.
Соның ішінде мектеп оқушыларының арасында «Нашақорлыққа жол-ЖОҚ!» Бәріңде жарысқа!» атты көңілді эстафетаға және ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамыту мақсатында қазақ күресінен өткен «Алтын белбеу» турниріне 16 мыңдай спортшы қатысты.
Облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада, облыс тарихында алғашқы рет бокстан ерлер арасында ҚР спартакиадасы, парадзюдодан халықаралық турнир, жекпе-жек сайысынан ҚР кубогы және т.б. кешенді жарыстар, облыстық, республикалық турнирлер ұйымдастырылып, халықты салауатты өмір сүруге және спортқа тарту бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.
Есепті кезеңде спорт түрлерінен 21 Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктары, 13 халықаралық және 40 республикалық турнирлер өткізілді.
Сондай-ақ, футболды дамыту мақсатында алтыншы жыл қатарынан қала мен аудандарда бес ай бойы (мамыр – қыркүйек) әр футболдан облыстық чемпионат және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында шағын-футбол лигасы мамыр-қазан айлары аралығында өтті. Сонымен бірге, дәстүрлі бұқаралық веломарафон және жүгіру маусымы жалғасуда.
Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісін ұлғайту және шұғылданушылар санын арттыру барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жоспарланған 18 жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Жыл басында Шиелі ауданының Бестам, Төңкеріс ауылдарында, Жаңақорған кенті және Сүттіқұдық ауылында, Жалағаш ауданының Таң ауылында спорт кешендері пайдалануға берілсе, жақында ғана Жаңақорған ауданының Сұнақата және Қожакент ауылдарында спорт кешендері ашылды. Қалған жобалар келесі жылы пайдалануға беріледі.
Былтырғы жылы 9 жоба іске қосылған. Сондай-ақ, 5 дене-шынықтыру сауықтыру кешені құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Сонымен қатар, Ғ.Мұратбаев атындағыорталық стадионға қайта жаңғырту жұмыстары жасалынып, пайдалануға берілді.
Жыл басында «Мүгедектерге арналған спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, жоғары білікті спортшыларды даярлау жұмыстарын жалғастыруда.
Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне күрделі жөндеу жұмыстары, жоғары спорт шеберлігі мектебі, «Евразия» спорт кешені, №1, 2 және №5, аудандағы №8, 13 және №19 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі орталық стадионға ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталса, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі орталық стадионға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Нұрсәт» теннис орталығының 4 жабық теннис кортының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 2020 жылы пайдалануға беріледі.
Спорт мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында қала, аудан мектептеріне былтырғы жылы 8 автокөлік берілсе, биылғы жылы №3 спорт мектебі 2 автокөлікпен қамтамасыз етілді.
Бұқаралық спортты дамытумен қатар бәсекеге қабілетті біліктілігі жоғары спортшыларды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжі, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Бұл мектептерде 20597 оқушы 41 спорт түрімен жаттығады.
Сонымен қатар, бүгінгі күні 7 аудан орталығында және Қызылорда қаласында 8 дене шынықтыру-сауықтыру клубтарында 13 613 адам спортпен тұрақты шұғылданады.
Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, спортшыларымыз ҚР чемпионаттарында 1457 (452 - алтын, 414 - күміс, 591- қола) медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 170 (68 - алтын, 55 - күміс, 47 - қола) медальдарға қол жеткізді.
2 - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 19 - ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 97 – ҚР-ның спорт шебері, 1050 – Спорт шеберлігіне үміткер, 194 – І-ші cпорттық разрядты спортшылар дайындалса, облыстың 578 спортшысы ҚР Ұлттық құрама сапына енді.
Олардың қатарында Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан Тұрсынбаева Элизабет Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленіп, төрт айналым элемент секірген әйелдер арасында тұңғыш рет тарихқа енді.
Сондай-ақ, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында Сәпи Есенгелді және Бекболат Рахат жеңімпаз атанды. Облыс тарихында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында бұл алғашқы медаль болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласында еркін күрестен өткен Әлем чемпионатында Дәулет Ниязбеков күміс жүлдені иеленіп, 2020 жылы Токиодағы Олимпиада ойындарына жолдама алды. Ал мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Ислам Салимов Паралимпиада ойындарына жолдама алды.
Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан өткен Әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев күміс, Тұрсынбай Құлахмет қола жүлделерге ие болды.
Жақында ғана Алматы қаласында қазақ күресінен өткен «Әлем барысы» әлем чемпионатында Мақсат Исағабылов қола жүлдені иеленсе, Ақтөбе қаласында қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатында Нұрым Сәлімгереев алтын медаль иеленді.
Биылғы жылдың басты жаңалығы – «Қайсар» футбол командасының Қазақстан кубогы ойындарында жеңімпаз атануы болды. Команда 20 жыл уақыттан кейін екінші рет финалға шықты. Алдағы мақсат – келесі жылы Еуропа лигасында лайықты өнер көрсету.
Алда атқарылатын міндеттер:
- Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі жағдайында «1000 адамға арналған спорттық алаңдар саны» көрсеткішін 2020 жылы 39,5 пайызға жеткізу;
- спорт түрлерінен Әлем, Азия және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына спортшылардың (оның ішінде мүмкіндігі шектеулі) дайындығы мен қатысуын қамтамасыз ету;
- облыс спортшыларын спорт түрлерінен 2020 жылы Токио қаласында (Жапония) өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуын қамтамасыз ету;
- № 6 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне қарасты футбол алаңына қайта жаңғырту жұмысын жүргізу;
- «Нұрсәт» теннис орталығының 4 жабық теннис кортының құрылыс жұмыстарын аяқтау.

Дата публикации
20 апреля 2020
Дата обновления
16 октября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы