Мемлекеттік сатып алу саласында орталықтандырылған бірыңғай тәжірибені қолдану және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №687 қаулысының негізінде 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық сатып алу конкурстары облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен (әрі қарай-Басқарма) өткізіліп келеді.
2023 жылдың қорытындысымен Басқармамен 373 574,57 млн.теңгеге барлығы 5 260 мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды (с.і. 1310 конкурс қайта жарияланған). Конкурстар саны 2022 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 43 пайызға ұлғайды.
5 260 конкурстың 3 933 (310 257,00 млн.тг) ашық конкурс, 19 (387,67 млн.тг) аукцион, 707 (61 203,40 млн.тг.) рейтингтік-балдық жүйе, негіздемелік келісім 24 (119,01 млн.тг.), 577 (1 607,48 млн.тг.) біліктілікті іріктеу арқылы өткізілді.
Сонымен бірге, 5 260 конкурстың 1 644 тауарлар (32 261,12 млн.тг.), 2 002 жұмыстар (315 422,45 млн.тг.), 1 614 көрсетілетін қызмет (25 890,99 млн.тг.) түрлері бойынша өткізілді.
Бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында Басқарма тарапынан барлық облыстық тапсырыс берушілердің мамандары үшін жыл басынан 50 онлайн-конференция, 24 семинар-кеңес, 17 дәріс, 10 дөңгелек үстел, 2 брифинг және барлық аудандарда 20 көшпелі семинар, үкіметтік емес ұйым, азаматтық қоғам өкілдерімен 2 кездесу ұйымдастырылып, қызметкерлер арасында 35 құқықтық оқыту ұйымдастырылды.