Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2023 жыл көлемінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 181 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 5 151 927 қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
- Мемлекеттік корпорация арқылы – 41 951 қызмет;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы және ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта – 5 060 569 қызмет;
- мемлекеттік органдар мен қағаз түрінде – 49 407 қызмет (оның ішінде баламасыз түрде көрсетілгені –1 537 қызмет) көрсетілген.
Жүргізілген ішкі бақылау шаралары.
2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс - шаралар жоспарларына сәйкес 168 объекті қамтылды.
Оның ішінде:
- 97 жергілікті атқарушы органдар;
- 71 ведомстволық бағынысты мекемелер каралып, 502 заң бұзушылық фактілері анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 13 тұлғаға «Ескерту» түріндегі және3 тұлғаға «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалары қолданылды.
2023 жылдың қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде 51 мерзім бұзушылық орын алған (оның ішінде 15-і мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау нәтижелерімен анықталғанн).
Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 629.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылғандар – 3 662.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 65.