Лого

Меню

Страницы

Статья

Баспасөз-релизі

2020 жылғы 25 маусымда онлайн режимде республика бойынша барлық аумақтық сайлау комиссияларының бейнеконференцбайланысы арқылы қатысуымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
ҚР ОСК қаулысымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарын 450 000 теңге көлемінде белгіледі: 1) теледидардан, радиодан бағдарламамен сөз сөйлеу және мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялау үшін - 300 000 теңге; 2) сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару үшін - 70 000 теңге; 3) көлік шығындары үшін - 80 000 теңге.
Сондай-ақ, отырыста "ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын өткізу кезінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсының функционалын пайдалану регламентін бекіту туралы" қаулысы қабылданды.
Регламентке сәйкес Ортсайлауком интернет-ресурсының функционалы таңдаушыларды - мәслихат депутаттарын тіркеу және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын онлайн режимде шығару үшін пайдаланылатын болады.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
25.06.2020 ж.

Дата публикации
26 июня 2020
Дата обновления
26 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы