«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 73 бабының 6 тармағы 2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болып тіркелді:
1. Қайроллаев Айдын Бөкенбайұлы, 1981 жылы туылған, қазақ, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, Қызылорда қаласының тұрғыны, «NurOtan» партиясының мүшесі.
2.Сермагамбетов Серик Сагитжанович, 1965 жылы туылған, қазақ, Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Қызылорда қаласының тұрғыны, «NurOtan» партиясының мүшесі.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
2020 жылғы 24 маусым