Қызылорда облысы бойынша жергілікті атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шаралары үнемі атқарылып келеді.
Атап айтқанда, облыс әкімінің төрағалығымен құрылған облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия тұрақты негізде жұмыс жасайды (Қызылорда облысы әкімінің 11.12.2017 ж. № 707-ө өкіміне сәйкес құрылған, оның құрамы облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген).
Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың қорытындысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының кезекті 4 отырысы өткізіліп, (1-тоқсан: 2020-2022 жылдар аралығында облыстағы орта және арнаулы орта білім беру ұйымдарындағы жалақы есептеу (беру) заңдылығы және аталған салада 2022 жылы анықталған заң бұзушылықтар туралы; Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл үлгілік базалық бағыты бойынша жұмыстардың жүргізілу барысы туралы. 2-тоқсан: Ауыл шаруашылығын субсидиялау мен инвестициялау, жайылымдар мен шабындықтарды дамыту және ауыл шаруашылық жерлерін бөлу барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы; Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасымен 2022 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар, сондай-ақ басқарманың медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу саласында жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі негізінде қолданылған шаралар туралы; 2023 жылдың 2 мамыр – 20 мамыр аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы туралы мәселелер; 3-тоқсан: Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері туралы; жол құрылысын іске асыру және инфрақұрылым объектілерін пайдаланудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы; мемлекеттік сатып алу барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық шаралар туралы; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл үлгілік базалық бағыты бойынша жұмыстардың жүргізілу барысы туралы; 4-тоқсан: Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы және оған қарасты мекемелерде мемлекеттік бюджет қаражатын жоспарлау мен игеру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік және медициналық қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелі туралы; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл үлгілік базалық бағыты бойынша жұмыстардың жүргізілу барысы туралы; Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы) сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңбұзушылықтардың алдын алу бағытында тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, ҚР оқу-ағарту министрі Ғ. Б. Бейсембаевтың қатысуымен (27.04.2023 ж.) облыстың білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі бойынша жиын өткізіліп, күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында тиісті тапсырмалар берілді.
Бүгінгі таңда облыс әкімдігінде «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысын орындау шеңберінде 2022 жылы ақпан айында № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты іске асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы бойынша жұмыс сапасын арттыру болып табылады.
Жобалық басқару аясында барлық облыстық мемлекеттік органдарда осы № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша 4 жобалар тобы бойынша жұмыстар іске асырылып келеді.
1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау;
3) Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс қызметтерін дамыту;
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Қазіргі таңда, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» бойынша барлық облыстық басқармалар, қала және аудан әкімдіктерінде және оларға қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 715 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» бойынша есепті кезеңде облыс бойынша халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды түсіндіру аясында түрлі форматта 45 шара, ал жастар арасында 84 шара ұйымдастырылды.
Мұнан бөлек, ақпараттық жұмыстар бойынша Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы облыстық «Qyzylorda» және қалалық «Қоғам ТВ» телеарналарында жаңалықтар қызметінен және арнайы «Жемқорлық-елдің жауы», «Жемқорлық-экономиканың жарасы» тақырыбында 4 бейнероликтер дайындалып, телеарна эфирінен 84 рет көрсетілді. Жергілікті баспаларда 154 мақала және интернет-сайттарда 100-ге жуық материал жарияланды. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 2 брифинг өткізілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тұрақты түрде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Облыс көлемінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға» бағытталған әлеуметтік тапсырыс бойынша 10 жобаға 46 133 000 теңге қаржы бөлінді.
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметкерлерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында 179 қызметкер оқытылды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау» бағыты бойынша Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен облыстық басқармаларға 16 шара, қала және аудан әкімдіктерінде 15 шара мен үкіметтік емес ұйымдарда 1 кездесу өткізілді.
«Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерін дамыту» бағыттары бойынша тиісті шаралар сапалы және мерзімінде орындалды.
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсанда ҚР Үкіметінің
№ 1147 қаулысымен бекітілген «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Жоғарыда аталған қаулыға сәйкес Қызылорда облысының әкімдігімен «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2023 жылғы 27 наурызда № 51 қаулысы қабылданып, атқарылатын функционалдық бағыттарына қарай облыстық басқармалардың 2023-2026 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілді.
Іс-шара жоспарына сәйкес Сыбайлас жемқорлық және адалдық тақырыптарында Қызылорда қаласы мен аудандарда барлығы 125 көрнекі ақпарат құралы (билборд) орналастырылған. Билбордтартың басым көпшілігі қала және аудан орталықтарында ілініп, орналастырылған.
Сонымен қатар, ақпан айында ақпараттық плакаттар
А3 форматта-750 дана, А5 форматта-750 дана (барлығы 1500 дана) шығарылды. Ақпараттық плакаттар халық көп шоғырланатын жерлерде (аялдама, базарларда) және ойын сауық орталықтарында таратылып, ілінді.