|
№ |
Мәселелер тізбесі |
Орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушылар
|
Орындалуы
|
|
АРАЛ АУДАНЫ
|
||||
|
1. |
Сексеуіл кентін көгілдір отынға қосу |
2024 жыл |
Арал ауданының әкімдігі, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
|
Сексеуіл кентін көгілдір отынға қосу жұмыстары 2022 жылы бастау алып, 2 жоба бойынша жүргізілуде. 1. «Сексеуіл кентінде АГТС орната отырып «Бейнеу – Шымкент» магистральды газ құбырынан бастап газ құбыры тармағын салу» жобасының құны - 1,9 млрд. теңге (2022 ж. – 500 млн. тг, 2023 ж. - Бүгінгі күні жүргізілген жұмыстары: 1) 14 шқ магистральды газ құбырының 13,1 шқ қазылып көмілген; 2) газ құбыры желісінің жанынан жүргізілетін талшықты оптикалық байланыс желісінің (ВОЛС) кабельі толығымен жеткізіліп, 12 шқ-на кабель қорғағыш құбыры орналастырылған; 3) АГТС-сын электрмен жабдықтау жүйесінің бағаналары тұрғызылып, ВЛ-0,4 және ВЛ-10 кВт электр желілері тартылып, қажетті КТПН нысан басына жеткізіліп орнатылған; 4) АГТС орнатылатын алаңның темірбетонды төсеніштері монтаждалып, алаңды қоршау жұмыстары орындалды; 5) кірме жолы бойынша 2300 тонна қиыршық тас материалы жеткізілген. 6) сметалық құны 690,0 млн. теңге болатын сағатына 10 000 м3 газ өткізгіш «Автоматтандырылған газ тарату стансасын» (АГТС) құрастырылып, «СП КазЭнергоРесурс» ЖШС-мен нысан басына қажетті жабдықтар жеткізді. Жобаны толық аяқтауға: ҰҚ-436 368,5 мың теңге, РБ-290 095,0 мың теңге, ОБ-71 200,1 мың теңге қаржыны қажет етеді. 2. «Сексеуіл кентіне газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы» жобасының құны - 1,7 млрд. теңге (2022 ж. - 400 млн. тг, 2023 ж. - 730,5 млн. тг). Мердігер мекеме - «Akbars Story ltd» ЖШС. Бүгінгі күні, Кент ішілік магистральды құбырлар толық (жер асты) жүргізіліп, 1501 дана үйге косылу нүктесі шығарылды. Жобаны толық аяқтауға РБ-тен 423 951,10 мың теңге қаржыны қажет етеді. |
|
2. |
Арал ауданындағы ірі елді мекендерді тірек елді мекендер тізіміне қосу бойынша салалық министрлікпен бірлесіп тиісті жұмыстарды жүргізу
|
2024 жыл |
Облыстық экономика және қаржы басқармасы, Арал ауданының әкімдігі |
Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ісқимыл жоспарының 40-тармағы негізінде,
Анықтама ретінде, қазіргі таңда, Арал ауданында 6 тіректі елді мекен (Жақсықылыш, Аманөткел, Қамыстыбас Сексеуіл, Шижаға, Жаңақоныс) және 1 серіктес елді мекен (Хан) бар.
|
|
3. |
Аудандағы елді мекендерді дамыту бойынша «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасына ұсынылатын жобалар санын арттыру
|
2024 жыл |
Арал ауданының әкімдігі |
2023 жылы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Арал ауданында 11 жоба іске асырылып, пайдалануға берілді (Сексеуіл кентінде-7 жол, Аманөткел елді мекенінде-3 жол, Қамыстыбас елді мекенінде-1 ФОК). 2024 жылға ұсынылған 11 жобалардан 4 жоба қолдау тапты. Атап айтқанда «Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кентінің көшелерінің автомобиль жолдарының құрылысы» (5,0 шқ), «Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шижаға елді мекеніне 0,4 және 10 кВ әуе желілерінің құрылысын жүргізу», «Қызылорда облысы, Арал ауданы Аққұм ауылдық округі, Шижаға ауылындағы спорт кешені құрылысы», «Қызылорда облысы, Арал ауданы, «Аманөткел ауылынан салынатын «150 орындық ауылдық клуб» жобасының құрылысы». |
|
4. |
Арал қаласынан салынып жатқан аспалы темір жол өткелінің құрылысын сапалы әрі, мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету
|
2024 жыл |
Арал ауданының әкімдігі |
Арал қаласындағы темір жол үстінен аспалы көпір құрылысына 2023 жылы республикалық бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлінген (жоба құны - 3,1 млрд. теңге). Мемлекеттік сатып алудың нәтижесінде «РИТМ» ЖШС жеңімпаз атанды (келісім-шарт сомасы 2,9 млрд. теңге). 2024 жылға облыстық бюджеттен 297,9 млн. теңге, ұлттық қордан 1 413,7 млн. теңге қаржысы нақтыланды. Қазіргі таңда, свай бағаналары (110 дана) қағылып, нысан ауласындағы желілерді (газ, су, электр, теміржол желісі) ыңғайлы орындарға ауыстырылды. Сонымен қатар, тірек қабырғаларын орнату үшін, астыңғы қабаты (ГПС) жайылып, бетон қабаты құйылуда. Нысан басында 17 техника, 45 қызметкер жұмыс жасауда. |
|
5. |
Кіші Арал теңізінен ауланатын балық лимитін арттыру бойынша заңға сәйкес ұсыныс енгізу
|
2023 жылғы шілде |
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
|
2023 жылға бөлінетін балық аулау квотасын 2022 жылмен салыстырғанда ауланатын балық көлемінің квотасын арттыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, жауапты мемлекеттік мекемелерге ұсыныс берілді (09.06.2023 ж. №08-08/1026). Анықтама ретінде: Аудан аумағында балық шаруашылығы маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 20 көл бар. Осы теңіздің 18 учаскесі мен Сондай-ақ, Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін Еврокод белгісі екі кәсіпорында бар («Арал балық өңдеу зауыты» және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС). |
|
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ
|
||||
|
6. |
«1-ГД», «2-ГД» және «К-3-2» су қашыртқылар жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу, бюджеттен қажетті қаржының бөлінуін қамтамасыз ету |
2023 жылғы қазан |
Қазалы ауданының әкімдігі, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық экономика және қаржы басқармасы
|
Сол жаға массивінде 13 472 га көлемінде инженерлік жүйеге келтіріліп, егіс алқабынан суларды қашыртқылауға арналған 1-ГД, 2-ГД, К-3-2 қашыртқылары жүйесін қайта қалпына келтіру үшін жобалық іздестіру жұмыстарын (ПИР) және жобалық-сметалық құжаттамасын жасау үшін жобаның құны 60 840,691 мың теңге құрады. Осыған орай, аталған қашыртқылар жүйесіне жобалық іздестіру жұмыстары және жобалық-сметалық құжаттарын жасау үшін облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 31.05.2023 ж №1/3-9/1452 санды хатпен өтінім жолданып, тапсырылды. Бүгінгі күнге, «1-ГД», «2-ГД», «К-3-2» қашыртқылар жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстарына облыстық бюджеттен 60,8 млн.тенге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілді. Нәтижесінде жеңімпаз атанған "ГосПромСтрой» ЖШС-мен 54,7 млн. теңгеге келісім-шарт жасалып, жоба әзірленуде.
|
|
7. |
«Әйтеке би кентінен 2 қабатты әкімшілік ғимараты құрылысы» жобасын қаржыландыру |
2023 жылғы қазан |
Қазалы ауданының әкімдігі, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, облыстық экономика және қаржы басқармасы
|
Жобаның құрылысына қажетті қаржы 178,8 млн. теңге. 2021 жылдың 19 сәуірінде №ЖС-0023/21 санымен сараптаманың оң қорытындысы алынды. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына 2023 жылғы 18 мамырда №1/3-9/1295 санды хатымен бюджеттік өтінім тапсырылды. Жобада әкімшілік ғимараты, дербес бу қазандығы, КТПБ 10/0,4 кВ және ДЭС қондырғысы, септик, автотұрақ қаралған. Жер көлемі 0,2 га. Облыстық бюджеттен 178,8 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу процедураларының нәтижесімен «СК и Монтаж-Строй» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
|
|
8. |
Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен көлемі 600 гектар жер учаскесінен салынатын тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (Ауыз сумен жабдықтау)
|
2023 жылғы қараша |
Қазалы ауданының әкімдігі, Облыстық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы облыстық экономика және қаржы басқармасы |
Жоба құны – 2 740,0 млн. теңге. Жоба әзірленіп, 2022 жылдың 09 қыркүйегімен №КАZЕ-0179/22 сараптама қорытындысы алынды. Бүгінгі күнге, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жобаны қаржыландыру үшін тиісті ұсыныс хат (бюджеттік өтінім) жолданды. |
|
9. |
«Қазалы ауданының Ақтан батыр елді мекеніне орамішілік газ желілерінің құрылысы» |
2023 жылғы қараша |
Қазалы ауданының әкімдігі, Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, облыстық экономика және қаржы басқармасы |
Жоба құны – 371,2 млн. теңге. Жоба әзірленіп, 2023 жылдың 25 сәуірімен № №DRMIN-0051/23 сараптама қорытындысы алынды. Бүгінгі күнге, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына жобаны қаржыландыру үшін тиісті ұсыныс хат (бюджеттік өтінім) жолданды. |
|
ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ
|
||||
|
10. |
Дауылкөл, Ақжар және Жаңажол ауылдық округтерінде жаңадан дәрігерлік амбулатория құрылысын салу |
Жыл соңына дейін |
Қармақшы ауданының әкімдігі, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
|
2023 жылы Дауылкөл (РБ-391,0 млн.теңге), Ақжар (РБ-392,8 млн.теңге) ауылдық округтеріндегі дәрігерлік амбулаторияларының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңажол (РБ-396,6 млн.теңге) ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулатория құрылысының жұмысы 95%-ға атқарылды. |
|
11. |
ІІІ Интернационал және Жаңажол ауылдық округтеріне заман талаптарына сәйкес дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу |
Жыл соңына дейін |
Қармақшы ауданының әкімдігі, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, облыстық экономика және қаржы басқармасы
|
Республикалық бюджеттің бірінші нақтылауында Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс нысандарын салу жұмыстары 70%-ға атқарылды. (Дүр Оңғар ауылы бойынша құрылыс жұмыстарының келісім шарт құны 381,5 млн. тг, 2023 жылға ҚР Ұлттық қордан бөлінгені 177,3 млн.тг), (ІІІ Интернационал ауылы бойынша құрылыс жұмыстарының келісім шарт құны 364.1 млн. тг, 2023 жылға ҚР Ұлттық қордан бөлінгені 209,9 млн.тг). |
|
12. |
Төретам кенті мен Ақай ауылдық округін газдандыру жұмыстарын аяқтау |
Жыл соңына дейін |
Қармақшы ауданының әкімдігі, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
|
2022-2023 жылдарға Төретам кентіне және Ақай елді мекеніне тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу жұмыстарына ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт есебінен 1,5 млрд. теңге және аудандық бюджеттен 200,0 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде, 2022 жылы Төретам кентінде тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу мақсатында 800, 1 млн. теңге. 2023 жылға 537,7 млн.теңге бөлініп, жұмыстары жалғасуда (РБ 450,2 млн.теңге және ОБ 87,5 млн.теңге). Бүгінгі күні Төретам кентінде 93,2 км газ құбыры тартылды, яғни 95,8 % газ тарту жұмыстары атқарылды. 2022 жылы Ақай елді мекеніне тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу мақсатында 700,1 млн.теңге. 2023 жылға 104,3 млн.теңге бөлініп, мердігер мекеме тарапынан жұмыстар аяқталып, сынама жұмыстары жүргізілді. (РБ 15,4 млн.теңге және ОБ 88,9 млн.теңге). Ақай ауылдық округінде 100 % газ тарту жұмыстары атқарылды. |
|
13. |
«Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев» автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын аяқтау |
2023-2024 жылдар |
Қармақшы ауданының әкімдігі, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
|
2023 жылы аудандық маңыздағы «Самара – Шымкент - Ақжар –Тұрмағанбет - Көмекбаев» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен 503,0 млн.теңге бөлінген. Жоба құны - 1 445 000,0 мың теңге. Келісім-шарт құны-1333 710,535 мың теңге. Бүгінгі күнге 11 шақырым автомобиль жолына қара қиыршық тас төселді. Жоба өтпелі. |
|
14. |
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша Жосалы кентінде орналасқан №105 мектеп-лицейі және Интернационал ауылындағы №108 орта мектебі ғимаратын салу |
2024-2025 жж. |
Қармақшы ауданының әкімдігі, облыстық білім басқармасы, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
|
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Қармақшы ауданы бойынша 2 мектеп құрылысы жоспарлануда. Қазіргі таңда, Жосалы кентіндегі 600 орындық №105 мектеп-лицейінің құрылысын салу үшін 2,1 гектар және ІІІ-Интернационал ауылында 300 орындық мектеп құрылысын салу үшін 2,1 гектар жер учаскелері белгіленген. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда. |
|
15. |
Төретам кентін газдандыру жұмыстарын аяқтау |
2023-2024 жж. |
Қармақшы ауданының әкімдігі, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, облыстық экономика және қаржы басқармасы
|
2022-2023 жылдарға Төретам кентіне және Ақай елді мекеніне тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу жұмыстарына ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт есебінен 1,5 млрд. теңге және аудандық бюджеттен 200,0 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде, 2022 жылы Төретам кентінде тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу мақсатында 800, 1 млн. теңге. 2023 жылға 537,7 млн.теңге бөлініп, жұмыстары жалғасуда (РБ 450,2 млн.теңге және ОБ 87,5 млн.теңге). Бүгінгі күні Төретам кентінде 93,2 км газ құбыры тартылды, яғни 95,8 % газ тарту жұмыстары атқарылды.
|
|
16. |
«Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев» автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын жалғастыру |
2023-2024 жж. |
Қармақшы ауданының әкімдігі, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
|
2023 жылы аудандық маңыздағы «Самара – Шымкент - Ақжар –Тұрмағанбет - Көмекбаев» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен 503,0 млн.теңге бөлінген. Жоба құны - 1 445 000,0 мың теңге. Келісім-шарт құны - 1333 710,535 мың теңге. Бүгінгі күнге 11 шақырым автомобиль жолына қара қиыршық тас төселді. Жоба өтпелі. |
|
17. |
Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев, Ақтөбе, Иркөл ауылдарында электр беру желісінің құрылысын жүргізу |
2024 ж. |
Қармақшы ауданының әкімдігі, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
|
«Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақтөбе елді мекеніндегі тұрғын үй секторының инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымының (электр бері желілерінің) құрылысы» нысанының мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша 292 759,318 мың теңгеге жеңімпаз болып «Нұрай-Ақжол РГ» ЖШС-гі танылды. «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Көмекбаев елді мекеніндегі тұрғын үй секторының инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымының (электр бері желілерінің) құрылысы» нысанының мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша 186 246,663 мың теңгеге жеңімпаз болып «Нұрай-Ақжол РГ» ЖШС-гі танылды. «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Иіркөл елді мекеніндегі тұрғын үй секторының инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымының (электр бері желілерінің) құрылысы» нысанының мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша 92981,419 мың теңгеге жеңімпаз болып «Самұрық S Қазына Сервис» ЖШС-гі танылды. 2024 жылы құрылыс жұмыстарына Ұлттық қордан (Т.Көмекбаев ауылы-184137,0 мың.теңге, Ақтөбе ауылы-290174,0 мың.тенге, Иіркөл ауылы -91723,0 мың.теңге) және облыстық бюджеттен (Т.Көмекбаев ауылы-21104,0 мың.теңге, Ақтөбе ауылы -33024 мың.теңге, Иіркол ауылы-10757 мың.тенге) тиісті қаржылар бөлінген. |
|
ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ
|
||||
|
18. |
Ақсу елді мекеніне газ кіргізуді қамтамасыз ету |
2023-2024 жылдар |
Жалағаш ауданының әкімдігі, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
|
2023 жылы облыстық бюджеттен Ақсу елді мекенін газдандыру жұмыстарына 51,7 млн. теңге бөлініп, «AЭS and Limited» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастады. Келісім-шарт құны 496,3 млн. теңге. |
|
19. |
Мырзабай ахун ауылдық округінде жаңадан дәрігерлік амбулатория құрылысын салу |
2023 жылғы қараша |
Жалағаш ауданының әкімдігі, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
|
2023 жылы республикалық бюджеттен 385,9 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілді. Бас мердігер «Бақ-Береке 2030» ЖШС құрылыс жұмыстарын толық аяқтады. 2023 жылдың желтоқсан айында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.
|
|
20. |
Әлеуметтік жағынан осал топтағы тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету |
2023 жылғы қазан |
Жалағаш ауданының әкімдігі, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 51 тұрғын үй сатып алуға 480,0 млн. теңге бөлініп, жеке кәсіпкерлер арқылы аудан орталығынан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлерден сатып алынып, тұрғындарға берілді. |
|
21. |
Есет батыр елді мекенінің электр желілерін жаңарту туралы |
2024 жылғы қараша |
Жалағаш ауданының әкімдігі, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Елді мекеннің электр желілері құрылысына демеушілер есебенен ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны 364,8 млн. теңге. Жоба ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қаржыландыруға ұсынылды. |
|
22. |
Қаракеткен ауылдық округінде жаңадан дәрігерлік амбулатория құрылысын салу |
2024 жылғы қараша |
Жалағаш ауданының әкімдігі, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы |
ЖСҚ дайындалып, сараптамадан өткізілуде. Сараптамаға дейінгі жоба құны 420 млн. теңге. |
|
23. |
Жалағаш кенті, Дәуімбай елді мекенінен амбулатория бекетін ашу |
2024 жылғы қараша |
Жалағаш ауданының әкімдігі |
2023 жылдың 5 қазанында Жалағаш кентінің Дәуімбай елді мекенінен жаңадан дәрігерлік амбулатория құрылысын салуға ниет білдірген жеке кәсіпкер Б.Тайбасармен Жалағаш ауданы әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда жер телімінің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. |
|
24. |
М.Шәменов, Ақсу ауылдарына газ кіргізу мерзімінде және сапалы аяқтау |
2024 жылғы қараша |
Жалағаш ауданының әкімдігі, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы |
2023 жылы облыстық бюджеттен Ақсу және М.Шәменов елді мекендеріне газ желісін тарту жұмыстарын бастауға 76,3 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. (Мердігер «AЭS and Limited» ЖШС). |
|
СЫРДАРИЯ АУДАНЫ
|
||||
|
25. |
Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдық округтерінің аяқ су мәселесін шешуді қамтамасыз ету |
2023 жылғы шілде
|
Сырдария ауданының әкімдігі |
Сырдария ауданының Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдық округтеріндегі егілген ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы облыстық бюджеттен 198 млн. теңге қаржы бөлініп, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 6 каналдың 56,2 шақырымына механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, Айдарлы а/о: «Ақтам» каналының 6,7 шақырымына, Жетікөл а/о: «Жыңғылдыкөл» каналының 4,7 «Хозцентр» каналының 7,0 шақырымдарына, Аманкелді а/о: «Қосапан» каналының 13,3 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Қосымша елді мекендерді қажетті насос қондырғыларымен қамтамасыз ету мақсатында Айдарлы ауылдық округіне 2 дана, Жетікөл ауылдық округіне 3 дана, Аманкелді ауылдық округіне 3 дана насос құрылғысы алынып елді мекендерге жеткізіліп, егілген ауыл шаруашылығы дақылдары суарылды. Сонымен қатар, 2023 жылы елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы Жетікөл а/о орналасқан «Жыңғылдыкөл» (6,0 км) Аманкелді а/о орналасқан «Хозцентр» (2,0 км) каналдарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
|
|
26. |
Сырдария ауданы Қалжан ахун, С.Сейфуллин ауылдық округін газдандыру жобасын жүзеге асыру |
2023 жылғы желтоқсан
|
Сырдария ауданының әкімдігі |
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында «Сырдария ауданы, Қалжан ахун елді мекенінде жеткізуші газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерін салу» жобасының құны – 330 586,0 мың теңге, 2023 жылға республикалық бюджеттен 297 968,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 31 228,3 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС арқылы газдандыру жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылдың 6 қарашасында елді мекен газға қосылды. Сонымен қатар, «Сырдария ауданы, С.Сейфуллин елді мекенінің орамішілік газ тарату желілерін және тартылатын газ құбырын салу жобасының құны – 447 486,4 мың теңге, 2023 жылға құрылыс монтаж жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен 20,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Жобадағы газ құбырларының жалпы ұзындығы – 25,8 км, оның ішінде жоғары қысымды – 2,9 км, орташа қысымды – 2,4 км, төменгі қысымды – 20,5 км, 5 дана газ реттегіш шкаф пункттері (ГРПШ) қаралған. Бүгінгі таңда мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС арқылы жалпы газ құбырының 11,0 шақырымы тартылып, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың ұзақтығы – 12 ай. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі. |
|
27. |
Әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға жалға берілетін 2 пәтерлі 25 тұрғын үйді сатып алу жұмыстарын аяқтап, кезекте тұрған азаматтарға тиісті заңдылықпен берілуін қамтамасыз ету |
2023 жылғы желтоқсан
|
Сырдария ауданының әкімдігі |
Әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға жалға берілетін 2 пәтерлі 38 тұрғын үй (76 пәтер) сатып алынып, заңдылыққа сәйкес кезекте тұрған азаматтарға берілді. |
|
28. |
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында құрылысы жүргізіліп жатқан Н.Ілиясов ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны сапалы әрі мерзімінде пайдалануға беруді қамтамасыз ету |
2023 жылғы желтоқсан
|
Сырдария ауданының әкімдігі |
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Н.Ілиясов ауылындағы дәрігерлік амбулатория 2023 жылы 30 қарашада толық аяқталып, 2023 жылғы 15 желтоқсан күні пайдалануға берілді. |
|
29. |
Шаған ауылдық округіндегі автомобиль жолдарының жағдайын зерттеп, жөндеу жұмыстарын қажет ететін көшелер бойынша тиісті шаралар қабылдау |
2023 жылғы желтоқсан
|
Сырдария ауданының әкімдігі |
Шаған ауылдық округіндегі автомобиль жолдарының жағдайына жүргізілген зерттеумен 16 көшені жөндеу қажет ететіндігі анықталды. Осы ретте, бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін 12 көшенің жол құрылысына жоба әзірленіп, 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 06-2/862 санды хатпен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 1,3 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Бүгінде аудандық бюджеттен 10,0 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, жеңімпаз мердігер мекеме «Ақтоған» ЖШС-гімен келісім шарт жасалынды. Аталған жоба бойынша республикалық бюджеттен 2024 жылға қаржысы бөлінуі күтілуде.
|
|
30. |
Қалжан ахун ауылдық округіндегі тозығы жеткен электр желілерін жаңғырту бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу |
2023 жылғы желтоқсан
|
Сырдария ауданының әкімдігі |
Қалжан ахун ауылдық округіндегі тозығы жеткен электр желілерін жаңғырту бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы 12.04.2023 жылғы №05-05/901 санды хатпен облыстық экономика және қаржы басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Бұдан әрі облыстық экономика және қаржы басқармасы арқылы бюджетттік өтінім 2024 жылдың жоспарына енгізіп, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржыландыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жолданды. Өз кезегінде, аталған жоба қолдау тауып, 2024 жылдың қаржылық жоспарына енгізілді. Тиісінше, қаржы бөлінген жағдайда, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. |
|
31. |
2024 жылға Шаған, Сәкен Сейфуллин ауылдық округтеріне табиғи газ кіргізу жобасының қаржыландыруын пысықтау |
2023 жылғы желтоқсан
|
Сырдария ауданының әкімдігі |
Жергілікті бюджеттен 2021-2022 жылдары «Шаған елді мекенінде тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салудың» жобалық сметалық құжаты әзірленіп, 2023 жылдың 17 ақпанында №19-0070/23 мемлекеттік сараптаманың қорытындысымен алынды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы 2024 жылға жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыруға 2,6 млрд. теңгеге бюджеттік ҚР Энергетика министрлігіне жолданды (2023 жылдың 14 наурызында №02-4/1613 санды хаты). Өз кезегінде, аталған жоба қолдау тауып, 2024 жылдың қаржылық жоспарына енгізілді. Тиісінше, қаржы бөлінген жағдайда, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. «С.Сейфуллин елді мекенінің орамішілік газ тарату желілерін және тартылатын газ құбырын салу» жобасының құны – 447,4 млн теңге. Облыстық бюджеттен жобаны бастауға 2023 жылы бөлінген 20,0 млн теңгеге мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС-мен газ құбыры тартылып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Өз кезегінде, аталған жоба қолдау тауып, 2024 жылдың қаржылық жоспарына енгізілді. Тиісінше, қаржы бөлінген жағдайда, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.
|
|
32. |
Ауданның ерекшелігіне қарай «Ауыл аманаты» жобасын тиімді және сапалы іске асырып, өндірістік жобаларға басымдық беру |
2023 жылғы желтоқсан
|
Сырдария ауданының әкімдігі |
Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру және қызығушылық танытқан кәсіпкерлерді сүйемелдеу мақсатында аудан әкімінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 96-ө өкімімен жұмысшы тобы құрылып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал ғимаратында топ мүшелері жұмыс жасауда. Кент және басқа да ауылдық округтерінің жобаларына бизнес жоспарды «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы және «Бизнеске арналған үкімет» мекемелері арқылы жасалды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие комитетінің шешіміне сәйкес несиелеу басым бағыттары төмендегідей бекітілген. 1) Ауыл шаруашылығын кооперациясын дамыту; 2) Ауыл шаруашылығын тауарларын өндеу және қайта өндеу; 3) Өсімдік шаруашылығы (оның ішінде; жылыжайлар, бау-бақша, картоп, көкөніс өнімдерін өндіру); 4) Мал шаруашылығы (оның ішінде; құс шаруашылығы, балық шаруашылығы, ара өсіру шаруашылығы, асыл тұқымды малын көбейту мақсатындағы мал шаруашылығы); 5) Бизнестің басқа бағыттағы жобалар. Кент және ауыл округтерден 193 жоба (13 АӨК-нің жобалары 322 млн. теңге, барлығы – 1460,4 млн. теңгеге, оның ішінде: өңдеу және қайта өңдеу – 9 жоба, жылыжай – 2 жоба, омарта шаруашылығы – 4 жоба, құс шаруашылығы – 2 жоба, балық шаруашылығы – 2 жоба, мал шаруашылығы – 136 жоба, басқа бағыттағы бизнес жобалар – 38 жоба) «Байқоныр» ӘКК АҚ-на ұсынылып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие комитетінің шешіміне сәйкес 229,9 млн. теңгенің 22 жобасына несие мақұлданды. Бүгінгі күнге мақұлданған 20 жобаға 221,4 млн. теңге несие қаржылары аударылды. |
|
ШИЕЛІ АУДАНЫ
|
||||
|
33. |
Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі құрылысы басталған жаңа мектептің сапалы салынуы және мерзімінде берілуін қамтамасыз ету |
2023 жылғы қараша |
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, Шиелі ауданының әкімдігі |
Шиелі ауданының Байсын елді мекеніндегі 250 орындық мектеп ғимаратының құрылысына тапсырыс беруші облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Нысанның бас мердігері «Авангард ПГС» ЖШС. Нысанның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айында толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
|
|
34. |
Шиелі кентінен заман талаптарына сәйкес дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу
|
2023 жылғы тамыз |
Шиелі ауданының әкімдігі, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Шиелі кенті, Тәуелсіздік көшесі бойынан «Ауыл ел бесігі» аясында 160 орындық дене шынықтыру сауықтыру кешені ғимаратының құрылысына 551 млн 259 мың теңге бөлініп, тамыз айында пайдалануға берілді. |
|
35. |
Шиелі кентіндегі салынып жатқан
|
2023 жылғы тамыз |
Шиелі ауданының әкімдігі, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы |
2021 жылы құрылыс материалдары күрт қымбаттауына байланысты, жоба-сметалық құжаттамаға қайта сараптамадан өтіп, қосымша 113,2 млн теңге қаржы аудандық бюджеттен қаралды. Сонымен қатар тұрғын үйлерге электр желісін жүргізу үшін 2023 жылы 21 млн теңге қаржы қаралып, бас мердігер – «Prof-Facade» ағымдағы жылдың тамыз айында нысанды толық аяқтап, пайдалануға берілді. |
|
36. |
Елді мекендерді газдандыру мәселесі жөнінде |
2023 жылғы желтоқсан |
Шиелі ауданының әкімдігі, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Ағымдағы жылы Еңбекші, Жиделіарық, Ә.Тәжібаев, Алмалы, Досбол Датқа, Бестам (6 елді мекенде) ауылдарына газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерінің құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 2 млрд 686 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Бүгінгі күнге аудан тұрғындарының 75,8 пайызы көгілдір отынға қосылған. |
|
37. |
Елді мекендерден дәрігерлік амбулатория салу мәселесі туралы |
2023 жылғы желтоқсан |
Шиелі ауданының әкімдігі, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Бүгінгі таңда Бала би (437,6 млн теңге), Бұланбай бауы (412,7 млн теңге), Досбол би (435,1 млн теңге) елді мекендерінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысына барлығы 1 млрд 285 млн теңге қаржы бөлініп, елді мекендерінде жаңа амбулатория ғимаратының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді |
|
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ
|
||||
|
38. |
Көктөбе ауылдық округінен салынатын «Су тоспа» салу мүмкіндіктерін қарастырып, тиісті министрлікке ұсыныс енгізу
|
2023-2024 жылдар |
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы |
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне Сырдария өзеніне су тоспасын салу бойынша (27.07.2022 ж №04-08/2244) және аталған жобаны ҚР Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдама жобасына және Су саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасына енгізу үшін (10.01.2023 ж №4661-Д/02-4/17-04/07-1202) ұсыныс хат жолданды |
|
39. |
Тайпақкөл-Қандыарал көлдер жүйесін тазалау жұмыстарын жүргізуді зерделеу
|
2024-2025 жылдар |
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы |
Жаңақорған ауданының бір топ депуттары 04.05.2023 жылғы №8-12-118/1813 шығыс хатымен ҚР Экология және табиғи ресурстар Министрлігіне ТЭН жобасын аяқтау жұмыстарына 3,5 млн.теңге бөлу бойынша арнайы хат жолдаған болатын. Нәтижесінде аталған Министрлік ТЭН-ге бөлінетін қаражатты, Қызылорда облысының әкімдігі «Жаңақорған ауданында Тайпақкөл-Қандарал көлдер жүйесінде суларды жинақтау үшін су қоймасын салу» жобасының Техника-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлей отырып, жобаның жүзеге асыру орындылығын дәлелдеген жағдайда, Комитет өз тарапынан ЖСҚ әзірлеуге және ары қарай ҚМЖ іске асыруға қажетті қаржы бөлу мақсатында ҚР Қаржы Министрлігіне Бюджеттік өтінім жолдайтындығы жөнінде ҚР Экология, Геология және табиғи ресурстар Министрінің Вице-министрі Г.Азидуллиннің 22.05.2023 жылғы нөмірі №05-29/Д-839 жауап хаты қабылданған болатын. «Жаңақорған ауданында Тайпақкөл-Қандарал көлдер жүйесінде суларды жинақтау үшін су қоймасын салу» жобасына ЖСҚ әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге қажетті қаржыны бөлдіру қажет. |
|
40. |
Бесарық ауылы тұсына автоматты газ тарату станциясын салу |
2024-2025 жылдар |
Жаңақорған ауданы әкімдігі, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
|
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы Жаңақорған ауданы «Бесарық АГТС» жобасының жоба-сметалық құжаттамасы жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары С.С.Қожаниязовқа «Бесарық елді мекенінде АГТС орнатумен «Бейнеу-Шымкент» магистарлды газ құбырынан газ құбыры-бұру салу» жұмыс жобасының жоба-сметалық құжаттамасын қайта әзірлеге ықпал жасау жөнінде хат (23.10.2023 жылы №02-4/3930) жолданды. |
|
41. |
Ауылдық округтердегі электр жүйелерін жөндеуге бюджеттен қаржы бөлу
|
2023-2024 жылдар |
Жаңақорған ауданы әкімдігі, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, облыстық құрылыс,сәулет және қала құрылысы басқармасы
|
2022 жылдан бастап «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен 2022 жылы 898,8 млн теңге, 2023 жыл 1,6 млрд теңге бөлініп, Жаңақорған кентінің электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. (Жобаның жалпы құны 3,4 млрд теңге) Өткен жылы 9 елді мекеннің (Қандөз, Келінтөбе, Қожакент, М.Нәлібаев, Қыркеңсе, Манап, Құттықожа, Сунақата, Еңбек) электр желісін жаңғыртуға жоба жасалып, сараптамадан өткізілген. Жобалардың жалпы құны 2,3 млрд теңгені құрады. Аталған жобаларды бастауға 2023 жылы республикалық, облыстық бюджеттерден 503,0 млн теңге қаржы бөлініп, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Еңбек, Келінтөбе, Қожакент ауылдарындағы электр желісін жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар, осы жылдың басынан демеушілер есебінен тағы 10 елді мекеннің (Екпінді, Қожамберді, Сүттіқұдық, Бірлік, Қосүйеңкі, Жаңарық, Ақсуат, Өзгент, Түгіскен, Қаратөбе) электр жүйелерін жаңғыртуға жоба жасап, сараптамадан өткізілген. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржы бөлу үшін салалық министрлікке бюджеттік өтінім тапсырылды. Жобалардың жалпы құны 3,3 млрд теңге. Сондай-ақ, 5 елді мекенге электр желілері құрылысы (Бірлік, Ақсуат, Тақыркөл, Қандөз, Жаңарық) жобаларын бастауға 2023 жылғы үнемделген қаражат есебінен 50,0 мың теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысымен мердігер мекемелермен («Нұрай-Ақжол РГ» ЖШС, «Алтын Айдарлы ЖШС, «СК Орда – Құрылыс» ЖШС») келісім шарт жасалып отыр. Келісім шарт сомасы 1414909,346 мың. теңге Келісім шарт мерзімі 31.12.2024 жыл. Манап, Қандөз, М. Нәлібаев, Әбдіғаппар, Құттықожа, Сунақата, Жаңарық, Тақыркөл, Бірлік елді мекендерінің электр желілерін жаңғырту жұмыстарына 2024 жылға ұлттық қор мен облыстық бюджеттен 2 387 040,0 мың теңге қаражат бөлініп отыр. |
|
42. |
Төменарық ауылынан 15 орындық аурухана салу |
2023-2024 жылдар |
Облыстық құрылыс,сәулет және қала құрылысы басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық экономика және қаржы басқармасы
|
Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсекке арналған ауылдық аурухана құрылысына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Жоба құны |
|
43. |
Жаңақорған кентінен ауданы 300 гектар болатын жаңадан Саяжай-1 учаскесін ашу |
2023-2024 жылдар |
Жаңақорған ауданының әкімдігі, облыстық құрылыс,сәулет және қала құрылысы басқармасы
|
Жаңақорған кентіндегі «Саяжай-1» мөлтекауданының (300 га) инженерлік-инфрақұрылымын салуға жобалар жасалып, сараптамалардан өткізілді. (ауыз сумен жабдықтау 1 750,7 млн.теңге, электрмен жабдықтау 2 249,7 млн. теңге, тас жолдар салу 1 011,1 млн.теңге). Осы жобаларды «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы арқылы қаржыландыру үшін салалық министрліктерге ұсынылды. «Жаңақорған кентіндегі Саяжай-1 учаскесінде егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына сәйкес ауданы 300 гектар аумақта инженерлік инфрақұрылым желілерін салу. Газбен жабдықтау»" жұмыстарына ЖСҚ-н мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Жаңақорған кентінен ауданы 300 гектар болатын жаңадан Саяжай-1 учаскесіне инженерлік инфрақұрылым желілерін салу (қиыршық тас төсеу) жобасын бастауға 2023 жылғы үнемделген қаражат есебінен 10,0 мың теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысымен мердігер мекемемен («Ақ тоған» ЖШС») келісім шарт жасалып отыр. Келісім шарт сомасы 865013,89 мың теңге. Келісім шарт мерзімі 31.12.2024 жыл. |
|
44. |
Өзгент ауылы А. Рахманова көшесінің бойынан мемлекет және қоғам қайраткері С. Шаухаманов атындағы жастар аллеясын салу
|
2023-2024 жылдар |
Облыстық мәдениет және спорт басқармасы, Жаңақорған ауданының әкімдігі |
Өзгент ауылы А.Рахманов көшесінің бойынан мемлекет және қоғам қайраткері С.Шаухаманов атындағы жастар алеясының құрылысына ЖСҚ жасалған. Құны 120,0 млн теңге. 2024 жылға Өзгент ауылынан мемлекет және қоғам қайраткері С.Шаухаманов атындағы жастар аллеясының құрылысына аудандық бюджеттен 119 065 мың теңге қаражат бөлінді. |
|
45. |
Көктөбе елді мекенінен клуб салу мәселесі бойынша ұсыныс беру |
2023-2024 жылдар |
Облыстық мәдениет және спорт басқармасы, Жаңақорған ауданының әкімдігі
|
2022 жылы Көктөбе ауылындағы 100 орындық ауылдық клуб үйі ғимаратының құрылысына жоба-сметалық құжатын (Байланыстыру) жасауға аудандық бюджеттен 8 779,7 мың теңге бөлінген. 01.12.2022 жылы (№KAZE-0276/22) оң қорытынды алынған. Облыстық мәдениет және спорт басқармасын облыстық бюджеттен қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім жолданған. Көктөбе елді мекенінен клуб салу жұмыстарын бастауға 2023 жылғы үнемделген қаражат есебінен 10 000 теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысымен мердігер мекеме «Алтын Айдарлы» ЖШС-мен келісім шарт жасалып отыр. Келісім шарт сомасы 403 653,09 мың теңге. Келісім шарт мерзімі 31.12.2024 жыл. 2024 жылға Көктөбе ауылындағы 100 орындық ауылдық клуб уйi ғимаратының құрылысына 240 438,0 мың теңге (өтпелі жоба, 2023 жылы 10,0 мың тг қаралған) қаражат бөлінді. |
|
46. |
Жаңақорған кентінен оқушылар үйін салу мәселесі бойынша ұсыныс беру |
2023-2024 жылдар |
Облыстық білім басқармасы, Жаңақорған ауданының әкімдігі |
Жаңақорған кентінен 200 орындық оқушылар үйі және 50 орындық өнер мектебінің құрылысын салуға жалпы құны 861,5 млн. теңгені құрайтын сметалық құжаттары әзірленді. Ағымдағы жағдай бойынша жеңімпаз мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары басталуда. Мердігер ЖШС «Астана Сервис LTD». Нысан 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі жоспарлануда. |
|
47. |
Жаңақорған кентінде орналасқан аяқталмай қалған темір жол үстінен өтетін көпір құрылысын аяқтап, пайдалануға беру |
2024-2025 жылдар |
Жаңақорған ауданының әкімдігі, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы |
Көпірді іске қосу қажеттілігінің себебі - аудан орталығындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Сырдария өзенінің батыс бөлігіндегі елді мекен тұрғындарының Самара-Шымкент автомобиль жолына кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету болып табылады. Жаңақорған ауданының әкімдігі 2021 жылғы 02 қырқүйекте Жаңақорған аудандық сотына Жаңақорған кентінде орналасқан аяқталмай қалған темір жол үстінен өтетін жалпы ұзындығы 92 метр, ені 15 метр (жүріс бөлігінің ені 12 метр, жаяу жүргіншілер ені 3 метр) жол өткелін иесіз деп тану жөнінде және Жаңақорған ауданы әкімдігінің коммуналдық меншігін тану туралы талап арыз жолдаған. Жаңақорған аудандық сотының 2021 жылғы 06 қазандағы шешімімен арыз толығымен қанағаттандырылып, темір жол үстінен өтетін жол өткелін иесіз деп танып, Жаңақорған ауданы әкімдігінің коммуналдық меншігі деп танылған. Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 514 қаулысымен коммуналдық меншікке қабылданып, 2023 жылы аудандық бюджеттен қаржы қаралып, көпірдің жер пайдалануға мемлекттік актісі мен техникалық паспорты әзірленді. Көпірдің техникалық жай-күйіне «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның Қызылорда облыстық филиалымен тексеру жұмыстары жүргізіліп, жарамдылығы жөнінде қорытынды алынды. Бүгінгі күнге көпір құрылысын аяқтауға ЖСҚ әзірленуде. |
|
48. |
Жаңақорған ауданындағы Еңбек, Сунақата, Қожамберді, Сүттіқұдық және Екпінді елді мекендеріне газ құбырын жүргізу |
2024-2025 жылдар |
Жаңақорған ауданы әкімдігі, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы |
Ауданының 5 елді мекеніне (Еңбек, Сунақата, Қожамберді, Сүттіқұдық, Екпінді) тартылатын жоғары қысымды газ құбырын салу» жобасына ЖСҚ жасатуға және мем сараптама өткізуге 2024 жылға аудандық бюджеттен 20 918,0 мың теңге (оның ішінде: жоба-сметалық құжаттамасына 18 828,0 мың теңге, мемлекеттік сараптамаға 2 090,0 мың теңге) қаражат бөлінді. |
|
49. |
«Жаңақорған ауданы Әбдіғаппар ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысына қаражат бөлу |
2024-2025 жылдар |
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, Жаңақорған ауданы әкімдігі |
«Жаңақорған ауданы Әбдіғаппар ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы. Байланыстыру» жобасына жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 2023 жылға облыстық бюджеттен 3 542,69 мың теңге қаражат бөлініп жұмыс жасалған. Ал, 2024 жылға қосымша облыстық бюджеттен жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 187,3 мың теңге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 459,4 мың теңге қаражат бөлініп отыр. |
|
50. |
«Жаңақорған ауданы Бесарық ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысына қаражат бөлу |
2024-2025 жылдар |
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, Жаңақорған ауданы әкімдігі |
«Жаңақорған ауданы Бесарық ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы. Байланыстыру» жобасына жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 2023 жылға облыстық бюджеттен 3 542,69 мың теңге қаражат бөлініп жұмыс жасалған. Ал, 2024 жылға қосымша облыстық бюджеттен жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 187,3 мың теңге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 459,4 мың теңге қаражат бөлініп отыр. |
|
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ
|
||||
|
51. |
Ғ. Мұратбаев көшесі №15, 15 «А», 17 және Абай даңғылы №32, 34 «А», 36 көпқабатты тұрғын үйлер аулаларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу |
2023 жылғы тамыз |
Қызылорда қаласының әкімдігі |
Қала аумағындағы 17 көпқабатты тұрғын үй аулаларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 800 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Осы жоба ішінде, Ғ.Мұратбаев көшесі №15, 15 «А», 17 және Абай даңғылы №32, 34 «А», 36 көпқабатты тұрғын үйлер аулалары қамтылған (Мердігер мекеме «Азамат құрылыс» ЖШС). |
|
52. |
Қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сәулеттік келбеттерін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі
|
2024 жылғы сәуір |
Қызылорда қаласының әкімдігі |
Қызылорда қаласында орналасқан Қазіргі таңда 16 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде («Асар» ЖШС, «Даренстрой» ЖШС). Анықтама ретінде: Д.Қонаев көшесі №24 (құрылыс жұмыстары аяқталды), Абай даңғылы №34, 28 «А», Тоқмағамбетов көшесі №3, 18, 25, А.Байтұрсынов көшесі №44, 42, 40, Қазыбек би көшесі №22, 24, 43, Қожа Ахмет Яссауи көшесі №24 «А», 24 «Б», 44, 45 (құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 2024 жылдың сәуір айында жұмыстар толығымен аяқталу жоспарлануда). Одан бөлек, 2023 жылы қаланың орталық аумағында орналасқан көпқабаттты тұрғын үйлердің сәулеттік келбеттерін қайта жаңғырту мақсатында демеушілік есебінен 26 көппәтерлі тұрғын үйлердің және 3 әлеуметтік нысандардың сыртқы қасбеттерін қаптау (линеарный панель) жұмыстары жүргізілді (1,1 млрд. теңге). |
|
53. |
СПМК-70 тұрғын ауданы, Спанов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу |
2023 жылғы қазан |
Қызылорда қаласының әкімдігі |
Спанов көшесіне Бейбарыс көшесінен Баймаханов көшесіне дейін ағымдағы жылы қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 425,3 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «УАД» ЖШС-і құрылыс-монтаж жұмыстарын толық аяқтап, қазіргі таңда нысан пайдалануға берілді. Жобаға сәйкес, көшенің 2 жақ бетінен жаяу жүргіншілер жолы (тротуар) салынды. |
|
54. |
Ғ. Мұратбаев, Х. Бектұрғанов, |
2023 жылғы желтоқсан |
Қызылорда қаласының әкімдігі
|
Қызылорда қаласы, Универсам аумағындағы ауыз су желілерінің тозығы жетуіне байланысты қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жалпы құны 742 млн. теңгені құрайтын қаланың 10 аумағындағы ауыз су желілерін қайта жаңғырту жобасы әзірленді. Аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында 2023 жылы республикалық бюджеттен 309 млн. теңге бөлініп, Ғ.Мұратбаев, Х.Бектұрғанов, Скатков, Төле би, Жарқынбаев, Тәуке хан, Әбдреев, Тоқмағамбетов, Алтынсарин көшелеріндегі ауыз су желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. |
|
55. |
Қарауылтөбе ауылдық округіне қатынайтын №27 бағыттағы қоғамдық көлікті үлкен сыйымдылықтағы қоғамдық көліктерге ауыстыру мәселесі |
2024 жылғы ақпан айы |
Қызылорда қаласының әкімдігі
|
2023 жылы облыстық бюджеттен қосымша лизингке 150 дана автоубс сатып алуға 1 млрд. 612 млн. теңге қаралды. Жеткізуші мекеме «QazTehna» ЖШС тарапынан ағымдағы жылдың тамыз айында 30 автобус, қыркүйек айында 20 автобус жеткізілді. Қалған 100 автобус 2024 жылдың қаңтар (50), ақпан (50) айларында жеткізу күтілуде. Бүгінгі таңда аталған қоғамдық көліктердің тиісті құжаттары рәсімделуде. 2024 жылдың ақпанынан бастап үлкен сыйымдылықтағы қоғамдық көліктер Қарауылтөбе ауылдық округіндегі №27 бағытқа қосылатын болады. |
|
56. |
Қарауылтөбе ауылдық округіндегі жаңадан қоныстанған аумаққа салынып жатқан электр желісінің жұмыстарын аяқтау мәселесі |
2023 жылғы желтоқсан |
Қызылорда қаласының әкімдігі
|
2022 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауылдық округтегі жаңадан қоныстанушы аумақты электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында (8 дана электр станциясы (КТПН) және 12,8 км электр желілері мен 215 электр бағанасы) Ұлттық қор есебінен 311 млн. теңге қаржы бөлінді. 2023 жылы жылы аталған жобаны аяқтау үшін облыстық бюджеттен 34,6 млн. теңге қаралып, жұмыстар толығымен аяқталды. |