Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2023 жылдың 3-тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 175 (кіші түрлерімен 281) мемлекеттік қызмет түрі бойынша 3 868 032 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- Мемлекеттік корпорация арқылы – 33 278 қызмет;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы және ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта – 3 791 692 қызмет;
- мемлекеттік органдар мен қағаз түрінде – 43 062 қызмет көрсетілген.
Жүргізілген ішкі бақылау шаралары.
2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарларына сәйкес есептік кезеңде ішкі мемлекеттік бақылау шараларымен 44 объекті қамтылды.
Оның ішінде:
- 25 жергілікті атқарушы органдар;
- 19 ведомстволық бағынысты мекемелер каралып, 108 заң бұзушылық фактілері анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 3 тұлғаға «Ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылса, тағы да 1 тұлғаға «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуде 5 мерзім бұзушылық орын алған.
Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 184.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылғандар – 1 376.