Лого

Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімі Н.М. Нәлібаевтың 2023 жылғы I жартыжылдықта Қызылорда қаласы және аудан халқымен кездесуі барысында тұрғындар тарапынан көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

04.07.2023 жылғы

Шығыс номері № 10-1/3857-И

«Бекітемін»

Қызылорда облысының әкімі 

______________ Н.М. Нәлібаев

2023 жылғы «___» __________

 

Облыс әкімі Н.М. Нәлібаевтың 2023 жылғы I жартыжылдықта Қызылорда қаласы және аудан халқымен кездесуі барысында тұрғындар тарапынан көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі

 ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

№

Мәселелер тізбесі

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушылар

 

Орындалуы

(ағымдағы жағдайы, ұзақ мерзімді шаралар болса бүгінгі күнге дейін қандай қандай жұмыстар жүргізілді)

 

АРАЛ АУДАНЫ

 

1.        

Сексеуіл кентін көгілдір отынға қосу

2024 жыл

Арал ауданының әкімдігі,

облыстық энергетика және

коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Сексеуіл кентін көгілдір отынға қосу жұмыстары 2022 жылы бастау алып, 2 жоба бойынша жүргізілуде.

1. «Сексеуіл кентінде АГТС орната отырып «Бейнеу – Шымкент» магистральды газ құбырынан бастап газ құбыры тармағын салу» жобасының құны - 1,9 млрд. теңге (2022 ж.- 500 млн. тг, 2023 ж.- 1,3 млрд. тг).

Мердігер мекеме - «StroyGaz Company» ЖШС.

Бүгінгі күнге 13 шақырым АГРС-ке дейінгі газ желісі жүргізілді. Сондай ақ, АГТС орнының плита монтаждау жұмыстары мен 300 метр ВОЛС трансшеясын қазу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны толық аяқтауға ОБ есебінен қосымша 88 084,0 мың теңге қаржы қажет.

2. «Сексеуіл кентіне газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы» жобасының құны - 1,7 млрд. теңге (2022 ж. - 400 млн. тг, 2023 ж. - 730,5 млн. тг).

Мердігер мекеме - «Akbars Story ltd» ЖШС.

Бүгінгі күнге, 90 шақырым кентішілік газ желісі жүргізілді. Шкафтық газ реттегіш нүктелерін (ШРП) орнату жұмыстары мен тұрғын үйлерге газ тарату желілері жүргізілуде. Жобаны толық аяқтауға ОБ-дан 110 986 мың теңге және РБ-ден 423 949,9 мың теңге қаржы қажет.

2.        

Арал ауданындағы ірі елді мекендерді тірек елді мекендер тізіміне қосу бойынша салалық министрлікпен бірлесіп тиісті жұмыстарды жүргізу

 

2024 жыл

Облыстық экономика және

қаржы басқармасы

Арал ауданының әкімдігі

Арал ауданының перспективалық мүмкіндіктері зор Абай, Шижаға, Жаңақоныс елді мекендерін тіректі  елді мекендер қатарына қосу жөнінде ҚР Ұлттық  экономика министрлігіне ұсыныс берілді (облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Қожаниязовпен). Осы бағытта жасалған жұмыстар нәтижесінде, облысқа бекітілген лимит аясында, даму әлеуеті төмен тірек елді мекендерін ауыстыра отырып, ішінара өзгерістер жасауға болатындығы анықталды. Осыған сәйкес, облыс көлемінде тізімге өзгерістер енгізіп, жоғарыда аталған 3 елді мекенді тірек елді мекендер қатарына қосу мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде облыс әкіміне және облыстық экономика және қаржы басқармасына елді  мекендердің әлеуеті туралы сипаттама беріліп, ұсыныс енгізілді. Қорытындысымен, Шижаға (Аққұм  ауылдық  округі), Жаңақоныс (Қаратерең  ауылдық оругі) елді  мекендері ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы
13 қыркүйектегі «Ауылдық  елді мекендерді айқындауға арналған  өлшем шарттарды  бекіту туралы» №81 бұйрығының  талаптарына  сай тірек  елді  мекендер  қатарына  енгізілді.

Анықтама ретінде: қазіргі таңда, Арал ауданында 6 тіректі елді мекен (Сексеуіл, Жақсықылыш, Аманөткел, Қамыстыбас, Шижаға, Жаңақоныс) және 1 серіктес елді мекен (Хан) бар.

3.        

Аудандағы елді мекендерді дамыту бойынша «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасына ұсынылатын жобалар санын арттыру

 

2024 жыл

Арал ауданының әкімдігі

2023 жылы «Ауыл -Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Арал ауданында 11 жоба (Сексеуіл кентінде-7, Аманөткел елді мекенінде-3, Қамыстыбас елді мекенінде-1) іске асырылды (оның ішінде жол жөндеу  жұмыстары  бойынша 10 жоба  толық  аяқталып (Сексеуіл-7 көше, Аманөткел-3 көше), Қамыстыбас елді  мекеніндегі денешынықтыру-сауықтыру  кешенін қабылдау  үшін құжаттар  рәсімделуде).

Сондай-ақ, 2024 жылға қаржыландыру  үшін
8112,1 млн.  теңгенің
10 жобасының құжаттар  жиынтығы тиісті  салалық  басқармаларға  ұсынылды. Оның  ішінде Аманөткел, Жақсықылыш, Қамыстыбас, Сексеуіл елді  мекендерінің ішкі автокөлік  жолдарын жөндеу, Шижаға, Қамыстыбас, Аманөткел  елді  мекендерінің  электр  желілерін жөндеу, Шижаға  елді мекенінде  газдандыру желілерінің және денешынықтыру-сауықтыру  кешенінің  құрылыстары, Аманөткел  елді  мекенінде 150 орындық  ауылдық  клуб  құрылысы жобалары  қамтылған.

4.        

Арал қаласынан салынып жатқан аспалы темір жол өткелінің құрылысын сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету

 

2024 жыл

Арал ауданының әкімдігі

Жоба құны - 3,1 млрд. теңге болатын Арал қаласындағы темір жол үстінен аспалы көпір құрылысына 2023 жылы республикалық бюджеттен
1,4 млрд. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алудың нәтижесінде «РИТМ» ЖШС жеңімпаз атанды (келісім-шарт сомасы 2,9 млрд. теңге).

Қазіргі таңда, свай бағаналары (85 дана) қағылуда, сондай-ақ коммуналдық қызмет көрсету мекемелері нысан ауласындағы желілерді (газ,су, электр) ыңғайлы орындарға ауыстыру жұмыстары толықтай аяқталды. Сонымен қатар, тірек қабырғаларын орнату үшін, астыңғы қабаты (ГПС) жайылуда. Сондай-ақ,
ШЧ мекемесінің кабелінің орны ауыстырылды. Нысан басында 7 техника, 21 қызметкер жұмыс жасауда.

5.        

Кіші Арал теңізінен ауланатын балық лимитін арттыру бойынша заңға сәйкес ұсыныс енгізу

 

2023 жылғы

шілде

Облыстық  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 

2023 жылға бөлінетін балық аулау квотасын өткен жылмен салыстырғанда ауланатын балық көлемінің квотасын арттыру бойынша облыстық  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына ұсыныс енгізілді (09.06.2023 ж. №08-08/1026).

 

Анықтама ретінде: Аудан аумағында балық шаруашылығы маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 20 көл бар.

Осы теңіздің 18 учаскесі мен
17 көл табиғат пайдаланушыларға ұзақ мерзімге берілген (қалған
3 көл резервте).

Мұнымен қатар, жылдық қуаттылығы 23 900 мың тоннадан астам 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді (оның ішінде, 5 зауыт балықты терең өңдеумен («Agrofish 2020», «Арал СДО», «Камбала балық балықшылар өндірістік орталығы», «СДО Қарашалаң», «Aral seafood» ЖШС), қалған 4 зауыт балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты жеңіл өңдеумен айналысады («Ар-М-Кон», «Бөген СДО», «Қуаныш», Zhalgasbay шағын балық өңдеу зауыттары).

Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін Еврокод белгісі тек екі кәсіпорында бар («Арал балық өңдеу зауыты» және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС).

 

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

 

6.        

«1-ГД», «2-ГД» және «К-3-2» су қашыртқылар жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу, бюджеттен қажетті қаржының бөлінуін қамтамасыз ету

2023 жылғы

қазан

Қазалы ауданының әкімдігі,

облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық экономика және қаржы басқармасы

 

Сол жаға массивінде 13472 га көлемінде инженерлік жүйеге келтіріліп, егіс алқабынан суларды қашыртқылауға арналған 1-ГД, 2-ГД, К-3-2 қашыртқылары жүйесін қайта қалпына келтіру үшін жобалық іздестіру жұмыстарын (ПИР) және жобалық-сметалық құжаттамасын жасау үшін жобаның құны 60 840,691 мың теңге құрады. Осыған орай, аталған қашыртқылар жүйесіне жобалық іздестіру жұмыстары және жобалық-сметалық құжаттарын жасау үшін облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 31.05.2023 ж №1/3-9/1452 санды хатпен өтінім жолданып, тапсырылды. Бүгінгі күнге, «1-ГД», «2-ГД», «К-3-2» қашыртқылар жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстарына облыстық бюджеттен 60,8 млн.тенге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілді. Нәтижесінде жеңімпаз атанған "ГосПромСтрой» ЖШС-мен 54,7 млн. теңгеге келісім-шарт жасалып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

 

7.        

«Әйтеке би кентінен 2 қабатты әкімшілік ғимараты құрылысы» жобасын қаржыландыру

2023 жылғы

қазан

Қазалы ауданының әкімдігі, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, облыстық экономика және қаржы басқармасы

 

Жобаның құрылысына қажетті қаржы 178,8 млн. теңге. 2021 жылдың 19 сәуірінде №ЖС-0023/21 санымен сараптаманың оң қорытындысы алынды. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына 2023 жылғы 18 мамырда №1/3-9/1295 санды хатымен бюджеттік өтінім тапсырылды.

Жобада әкімшілік ғимараты, дербес бу қазандығы, КТПБ 10/0,4 кВ және ДЭС қондырғысы, септик, автотұрақ қаралған. Жер көлемі 0,2 га. Облыстық бюджеттен 178,8 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу процедураларының нәтижесімен «СК и Монтаж-Строй» ЖШС-мен келісім-шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ

 

8.        

Дауылкөл, Ақжар және Жаңажол ауылдық округтерінде жаңадан дәрігерлік амбулатория құрылысын салу

Жыл соңына дейін

Қармақшы ауданының әкімдігі,

облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

 

2023 жылы аудан бойынша 3 ауылда дәрігерлік амбулатория құрылыстары басталды. Тұрмағамбет ауылында (РБ-391,0 млн.теңге) шатырын жабу жұмыстары, ішкі электр желілері жүргізіліп, ішкі қабырғалары сылануда.

Ақжар ауылында (РБ-392,8 млн.теңге) төбесі жабылып, парапет қалануда.

 Дүр Оңғар (РБ-396,6 млн.теңге) ішкі қабырғалары қалануда, төбесіне сейсмопояс құйылуда.

9.        

ІІІ Интернационал және Жаңажол ауылдық округтеріне заман талаптарына сәйкес дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

Жыл соңына дейін

Қармақшы ауданының әкімдігі,

облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, облыстық экономика және қаржы басқармасы

 

Республикалық бюджеттің бірінші нақтылауында Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс нысандарын салу жұмыстары басталуда.

Дүр Оңғар ауылы бойынша құрылыс жұмыстарының келісім шарт  құны 381,5млн. тг, 2023 жылға ҚР Ұлттық қордан бөлінгені 177,3 млн.тг, сейсмопояс құйылып, төбесін жабуға дайындалуда.

 ІІІ Интернационал ауылы бойынша құрылыс жұмыстарының келісім шарт құны 364.1 млн. тг, 2023 жылға ҚР Ұлттық қордан бөлінгені 209,9 млн.тг, сейсмопояс құйылып, төбесін жабуға дайындалуда, жылумен жабдықтау ғимаратының іргетасы қалау жұмыстары басталуда.

 

10.     

Төретам кенті мен Ақай ауылдық округін газдандыру жұмыстарын аяқтау

Жыл соңына дейін

Қармақшы ауданының әкімдігі,

облыстық энергетика және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

2022-2023 жылдарға Төретам кентіне және Ақай елді мекеніне тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу жұмыстарына  қаржы бөлінді. 

Оның ішінде, 2022 жылы Төретам кентінде тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу мақсатында 800, 1 млн. теңге.

2023  жылға 707,77 млн.теңге бөлініп, жұмыстары жалғасуда.(РБ 513, 4 млн.теңге және ОБ 194,370 млн.теңге).

Бүгінгі күні Төретам кентінде 79 км газ құбыры тартылды, яғни 81,3 пайыз газ тарту жұмыстары атқарылды.

2022 жылы Ақай елді мекеніне тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу мақсатында 700,1 млн.теңге. 

2023 жылға  278,405 млн.теңге бөлініп, мердігер мекеме тарапынан жұмыстар аяқталып, сынама жұмыстары жүргізілуде. (РБ 144, 7 млн.теңге және ОБ 133,705 млн.теңге).

Ақай ауылдық округінде 100 пайыз газ тарту жұмыстары атқарылды.

 

11.     

«Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев» автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын аяқтау

2023-2024

жылдар

Қармақшы ауданының әкімдігі,

облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

2023 жылы аудандық маңыздағы «Самара- Шымкент- Ақжар- Тұрмағанбет- Көмекбаев» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен 503,0 млн.теңге бөлінген. Жоба құны- 1 445 000,0 мың теңге. Келісім- шарт құны- 1333 710,535 мың теңге. Жоба өтпелі.

            Бүгінгі күнге Қуаңдария- Алдашбай Ахун ауылдық округі арасындағы жол бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 11 шақырым автомобиль жолына қара қиыршық тас төселді.

 

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

 

12.     

Ақсу елді мекеніне газ кіргізуді қамтамасыз ету

2023-2024

жылдар

Жалағаш ауданының әкімдігі,

облыстық энергетика және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Жоба құны 545,2 млн. теңге. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен газдандыру жұмыстарын бастауға 20,0 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталып, «AЭS and Limited» ЖШС бас мердігер болып анықталды. Жоба 2024 жылға өтпелі. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

13.     

Мырзабай ахун ауылдық округінде жаңадан дәрігерлік амбулатория құрылысын салу

2023 жылғы

қараша

Жалағаш ауданының әкімдігі,

облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

 

Жоба құны 410,1 млн. теңге. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 385,9 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталып, «Бақ-Береке 2030» ЖШС бас мердігер болып анықталды. Қазіргі таңда ғимараттың қабырғаларын сылау, төбесін шатырлау жұмыстары жүргізілуде. Жоба ағымдағы жылдың қараша айының аяғына дейін толық аяқталатын болады.

14.     

Әлеуметтік жағынан осал топтағы тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету

2023 жылғы

қазан

Жалағаш ауданының әкімдігі,

облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 50 тұрғын үй сатып алуға 480,0 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлер арқылы аудан орталығынан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары толық аяқталған – 35 тұрғын үй, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан – 10 тұрғын үй, төбесін  шатырлау, қабырғаларын сылау жұмыстары жүргізіліп жатқан –     5 тұрғын үй.

 

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ

 

15.     

Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдық округтерінің аяқ су мәселесін шешуді қамтамасыз ету

2023 жылғы

шілде

 

Сырдария ауданының әкімдігі,

«Қазсушар» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы

(келісім бойынша)

 

«Сырдариясушар» өндірістік учаскесі теңгерімдегі
4 каналдың («Жасқайрат», «Елтай», «СЖМК-9», «СЖМК-11В»,) 47,1 шақырымы «Қазсушар» ШЖҚ РМК-ның Қызылорда филиалының тарапынан толықтай тазаланды.

Ағымдағы жылы «Қазсушар» ШЖҚ РМК-ның Қызылорда филиалы тарапынан 5 каналдың («Айтек», «Оразбай», «Айжанкеткен»,«Жасқайрат», «Хв.Жетікөл-Жарма») 56,2 шақырмына тазалау жоспарланып, бүгінгі күнге 10,0 шақырымы тазаланды.

Облыстық бюджеттен 198 млн. теңге қаржы бөлініп облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 6 каналдың 56,2 шақырымына механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Анықтама үшін:

Інкәрдария а/о: Ақтам каналының 14,3 шақырымы;

Аманкелді а/о: Қосапан каналының 13,3 шақырымы;

Айдарлы а/о: Ақтам каналының 6,7 шақырымы;

Жетікөл а/о: Жыңғылдыкөл каналының 4,7 Хозцентр каналының 7,0 шақырымы;

Шіркейлі а/о: Байділда каналының 10,2 шақырымы.

2023 жылы елді мекендерді экологиялық аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «А.Тоқмағанбетов а/о орналасқан «Қашыртқы», Жетікөл а/о орналасқан «Жыңғылдыкөл» және Аманкелді а/о орналасқан «Хозцентр»  каналдарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

2023 жылы 6 каналға ЖСҚ әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 8,3 млн. теңге және елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында насос қондырғыларын алу үшін облыстық бюджеттен 52,0 млн. теңге қаржы бөлінді.

Анықтама үшін:

- Тереңөзек кенті «Айтбай арық» каналы – 1,2 млн теңге;

- С.Сейфуллин а/о «Құрымбек» каналы – 0,5 млн теңге;

- Шаған а/о «Жиделі арық» каналы –2,6 млн теңге;

- Аманкелді а/о «Баржық» каналы –1,6 млн теңге;

- Ақжарма а/о «Ақжарма», «Дәулет-арық» каналдары - 2,4 млн теңге;

- Тереңөзек кентіне 2 электрлі насос;

- А.Тоқмағанбетов ауылдық округіне 2 дизельді насос.

Бүгінгі күнге жоғарыда аталған 6 каналга ЖСҚ дайындалып
2024 жылға тазалау жұмыстарын жүргізу үшін бюджетке өтінім ұсынылды. Сонымен қатар, аталған 2 ауылдық округіне 4 дана насос қондырғылары жеткізіліп ауыл тұрғындарының сұраныстарына сәйкес пайдаланды.

Сырдария өзеніндегі су тасқынының алдын алу мақсатында және экологиялық қажеттілікті орындау үшін аудан аумағындағы көлдерге
316 млн текше метр су берілді.

 

16.     

Сырдария ауданы Қалжан ахун, С. Сейфуллин ауылдық округін газдандыру жобасын жүзеге асыру

2023 жылғы

желтоқсан

 

Сырдария ауданының әкімдігі,

облыстық энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қалжан ахун елді мекенінде жеткізуші газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерін салу жобасына мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша            2023 жылға 312 283,4 мың. теңгеге  келісім шарт жасалды. (Жоба құны – 330 586,0 мың теңге).                                                           Қалжан ахун елді мекені бойынша газ құбырларының жалпы ұзындығы 19,7 км газ құбырлары жүргізілді.                         Елді мекеннің барлық тұрғын үйлеріне арналған 149 дана газ құбыры түтігі (выход), 5 дана газ реттегіш шкаф пункттерін (ГРПШ) орнатылып, бүгінгі таңда газ құбырларының тиісті құрылғылары орнатылуда және жоғары қысымдағы газ құбырына  қосуға (врезка) дайындық жұмыстары атқарылуда.                         Газдандыру жұмыстарын мердігер  мекеме  «Ремстрой» ЖШС-гі арқылы атқарылуда. Жалпы құрылыстың ұзақтығы               7 айды құрайды.                 Сырдария ауданы, С.Сейфуллин елді мекенінің орамішілік газ тарату желілерін және тартылатын газ құбырын салу жобасының жалпы құны - 447 486,4 мың теңгені құрайтын, 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесінде мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС анықталды.                     Жобадағы газ құбырларының жалпы ұзындығы - 25,8 км, оның ішінде жоғары қысымдағы газ құбырының ұзындығы – 2,9 км, орташа қысымдағы газ құбырының ұзындығы – 2,4 км, төменгі қысымдағы газ құбырының ұзындығы – 20,5 км, 5 дана газ реттегіш шкаф пункттері (ГРПШ) қаралған.                                          Бүгінгі таңда мердігер мекеме арқылы жалпы газ құбырының ұзындығы – 3,3 км тартылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Құрылыстың ұзақтығы – 12 ай. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі.

Барлығы жаңартылды

 

ШИЕЛІ АУДАНЫ

 

17.     

Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі құрылысы басталған жаңа мектептің сапалы салынуы және мерзімінде берілуін қамтамасыз ету

 

2023 жылғы

қараша

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,

Шиелі ауданының әкімдігі

 

Тапсырыс беруші облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы болып табылады. Нысанды ағымдағы жылдың қараша айында тапсыру жоспарлануда.

18.     

Шиелі кентінен заман талаптарына сәйкес дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

 

2023 жылғы

тамыз

Шиелі ауданының әкімдігі,

облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Шиелі кенті, Тәуелсіздік көшесі бойынан «Ауыл ел бесігі» аясында 160 орындық дене шынықтыру сауықтыру кешені ғимаратының құрылысына 551 млн 259 мың теңге бөлініп, тамыз айында пайдалануға берілді.

19.     

Шиелі кентіндегі салынып жатқан
18 пәтерлік 4 тұрғын үйдің сапалы салынуы және мерзімінде берілуін қамтамасыз ету

 

2023 жылғы

тамыз

Шиелі ауданының әкімдігі,

облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

2021 жылы құрылыс материалдары күрт қымбаттауына байланысты, жоба-сметалық құжаттамаға қайта сараптамадан өтіп, қосымша 113,2 млн теңге қаржы аудандық бюджеттен қаралды.

Сонымен қатар тұрғын үйлерге электр желісін жүргізу үшін 2023 жылы 21 млн теңге қаржы қаралып, бас мердігер – «Prof-Facade» ағымдағы жылдың тамыз айында нысанды толық аяқтап, пайдалануға берді.

 

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ

 

20.     

Көктөбе ауылдық округінен салынатын «Су тоспа» салу мүмкіндіктерін қарастырып, тиісті министрлікке ұсыныс енгізу

 

2023-2024

жылдар

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне  Сырдария өзеніне су тоспасын салу бойынша (27.07.2022ж№04-08/2244) және аталған жобаны Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдама жобасына және Су саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасына енгізу үшін (10.01.2023 ж №4661-Д/02-4/17-04/07-1202)   ұсыныс хат жолданды.     

21.     

Тайпақкөл-Қандыарал көлдер жүйесін тазалау жұмыстарын жүргізуді зерделеу

 

2024-2025

жылдар

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Жаңақорған ауданының бір топ депуттары 04.05.2023 жылғы №8-12-118/1813 шығыс хатымен ҚР Экология және табиғи ресурстар Министрлігіне ТЭН жобасын аяқтау жұмыстарына 3,5 млн.теңге бөлу бойынша арнайы хат жолдаған болатын.

Нәтижесінде аталған Министрлік ТЭН-ге бөлінетін қаражатты, Қызылорда облысының әкімдігі «Жаңақорған ауданында Тайпақкөл-Қандарал көлдер жүйесінде суларды жинақтау үшін су қоймасын салу» жобасының Техника-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлей отырып, жобаның жүзеге асыру орындылығын дәлелдеген жағдайда, Комитет өз тарапынан ЖСҚ әзірлеуге және ары қарай ҚМЖ іске асыруға қажетті қаржы бөлу мақсатында ҚР Қаржы Министрлігіне Бюджеттік өтінім жолдайтындығы жөнінде ҚР Экология, Геология және табиғи ресурстар Министрінің Вице-министрі Г.Азидуллиннің 22.05.2023 жылғы нөмірі №05-29/Д-839 жауап хаты қабылданған болатын.

«Жаңақорған ауданында Тайпақкөл-Қандарал көлдер жүйесінде суларды жинақтау үшін су қоймасын салу» жобасына ЖСҚ әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге қажетті қаржыны бөлдіру қажет.

22.     

Бесарық ауылы тұсына автоматты газ тарату станциясын салу

2024-2025

жылдар

Жаңақорған ауданы әкімдігі, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы Жаңақорған ауданы «Бесарық АГТС» жобасының жоба-сметалық құжаттамасы жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен.   

Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары С.С.Қожаниязовқа «Бесарық елді мекенінде АГТС орнатумен «Бейнеу-Шымкент» магистарлды газ құбырынан газ құбыры-бұру салу» жұмыс жобасының жоба-сметалық құжаттамасын қайта әзірлеге ықпал жасау жөнінде хат (23.10.2023 жылы №02-4/3930) жолданды.                  

23.     

Ауылдық округтердегі электр жүйелерін жөндеуге бюджеттен қаржы бөлу

 

2023-2024

жылдар

Жаңақорған ауданы әкімдігі, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, облыстық құрылыс,сәулет және қала құрылысы басқармасы

 

2022 жылдан бастап «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен 2022 жылы 898,8 млн теңге, 2023 жыл 1,6 млрд теңге бөлініп, Жаңақорған кентінің электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. (Жобаның жалпы құны 3,4 млрд теңге)

Өткен жылы 9 елді мекеннің (Қандөз, Келінтөбе, Қожакент, М. Нәлібаев, Қыркеңсе, Манап, Құттықожа, Сунақата, Еңбек) электр желісін жаңғыртуға жоба жасалып, сараптамадан өткізілген. Жобалардың жалпы құны 2,3 млрд теңгені құрады. Аталған жобаларды бастауға 2023 жылы республикалық, облыстық бюджеттерден 503,0 млн теңге қаржы бөлініп, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Оның ішінде Еңбек ауылында электр желісін жаңғырту жұмыстары толық аяқталса, Келінтөбе, Қожакент ауылдарындағы жаңғырту жұмыстары жыл соңында аяқталады.

Қалған 6 ауылдың жобалары өтпелі. 2024 жылы аяқталатын болады.

Сонымен қатар, осы жылдың басынан  демеушілер есебінен тағы 10 елді мекеннің (Екпінді, Қожамберді, Сүттіқұдық, Бірлік, Қосүйеңкі, Жаңарық, Ақсуат, Өзгент, Түгіскен, Қаратөбе) электр жүйелерін жаңғыртуға жоба жасап, сараптамадан өткізілген. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржы бөлу үшін салалық министрлікке бюджеттік өтінім тапсырылды. Жобалардың жалпы құны 3,3 млрд теңге.

24.     

Төменарық ауылынан 15 орындық аурухана салу

2023-2024

жылдар

Облыстық құрылыс,сәулет және қала құрылысы басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық экономика және қаржы басқармасы

 

"Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсекке арналған ауылдық аурухана құрылысына" ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Жоба құны 966 117,2 мың теңге. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржы бөлу үшін салалық министрлікке бюджеттік өтінім тапсырылды.

 

25.     

Жаңақорған кентінен ауданы 300 гектар болатын жаңадан Саяжай-1 учаскесін ашу

2023-2024

жылдар

Жаңақорған ауданының әкімдігі,

облыстық құрылыс,сәулет және қала құрылысы басқармасы

 

Жаңақорған кентіндегі «Саяжай-1» мөлтекауданының (300га) инженерлік -инфрақұрылымын салуға жобалар жасалып, сараптамалардан өткізілді. (ауыз сумен жабдықтау 1 750,7 млн.теңге, электрмен жабдықтау  2 249,7 млн. теңге, тас жолдар салу 1 011,1 млн.теңге). Осы жобаларды «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы арқылы қаржыландыру үшін  салалық министрліктерге ұсынылды. 

«Жаңақорған кентіндегі Саяжай-1 учаскесінде егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына сәйкес ауданы 300 гектар аумақта инженерлік инфрақұрылым желілерін салу. Газбен жабдықтау»" жұмыстарына ЖСҚ-н мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде.

26.     

Өзгент ауылы А. Рахманова көшесінің бойынан мемлекет және қоғам қайраткері
С. Шаухаманов атындағы жастар аллеясын салу

 

2023-2024

жылдар

Облыстық мәдениет және спорт басқармасы, Жаңақорған ауданының

әкімдігі

        Өзгент ауылы А.Рахманова көшесінің бойынан мемлекет және қоғам қайраткері С.Шаухаманов атындағы жастар алеясының құрылысына ЖСҚ  жасалған. Құны 120,0 млн теңге. Бұл аллеяны салуға аудан бюджетінің мүмкіндігі шектеулі.

          Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған.

27.     

Көктөбе елді мекенінен клуб салу мәселесі бойынша ұсыныс беру

2023-2024

жылдар

Облыстық мәдениет және спорт басқармасы, Жаңақорған ауданының

әкімдігі

 

2022 жылы Көктөбе ауылындағы 100 орындық ауылдық клуб үйі ғимаратының құрылысына жоба-сметалық құжатын (Байланыстыру) жасауға аудандық бюджеттен 8779,7 мың теңге бөлінген. 01.12.2022 жылы  (№KAZE-0276/22)  оң  қорытынды алынған. Облыстық мәдениет және спорт басқармасын облыстық бюджеттен қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім жолданған.

28.     

Жаңақорған кентінен оқушылар үйін салу мәселесі бойынша ұсыныс беру

2023-2024

жылдар

Облыстық білім басқармасы,

Жаңақорған ауданының

әкімдігі

Жаңақорған кентінен оқушылар үйін салуға жер құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

 

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ

 

 

29.     

Ғ. Мұратбаев көшесі №15, 15 «А», 17 және Абай даңғылы №32, 34 «А», 36 көпқабатты тұрғын үйлер аулаларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

2023 жылғы

тамыз

Қызылорда қаласының

әкімдігі

Қала аумағындағы 17 көпқабатты тұрғын үй аулаларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 800 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, Ғ. Мұратбаев көшесі №15, 15 «А», 17 және Абай даңғылы №32, 34 «А», 36 көпқабатты тұрғын үйлер аулаларының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. (Мердігер мекеме «Азамат құрылыс» ЖШС).

30.     

Қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сәулеттік келбеттерін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі

 

2023 жылғы

желтоқсан

Қызылорда қаласының

әкімдігі

Қызылорда қаласында орналасқан
16 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін
2023 жылға облыстық бюджеттен
500,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде 12 көпқабатты тұрғын үйлердің мердігер мекемелері («Асар» ЖШС, «ДаренСтрой» ЖШС) анықталып, жұмыстары басталуда (аяқталу мерзімі – желтоқсан айы).

Қалған 4 көпқабатты тұрғын үйлер бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде, мердігер мекемелері анықталғаннан кейін құрылыс жұмыстары басталатын болады.  

Анықтама ретінде: Абай даңғылы №28А, 34, А.Тоқмағамбетов көшесі №3, 18, 25, Қазыбек би көшесі №22, 24, 43, А.Байтұрсынов көшесі №40, №42, №44, Қожа Ахмет Яссауи көшесі №44, 45, 24А, №24Б, Д.Қонаев көшесі №24.

Одан бөлек, биыл қаланың орталық аумағында орналасқан көпқабаттты тұрғын үйлердің сәулеттік келбеттерін қайта жаңғырту мақсатында демеушілік есебінен
29 көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қасбеттерін қаптау (линеарный панель) жұмыстары жоспарланып (636,5 млн. теңге), қазіргі таңда 19-ы аяқталды. Қалған 9 көппәтерлі тұрғын үйлердің (Сырдария №19, 21, 30; Әуежай ғимараты №1, 2; Желтоқсан №20, 24; Мұратбаев №17 (ішкі беті), Абай №62) қасбеттеріне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде (аяқталу мерзімі – қараша айы). Ал қалған 1 үйдің жұмыстары енді басталады (Мұратбаев №17 (ішкі беті)).

31.     

СПМК-70 тұрғын ауданы, Спанов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу

2023 жылғы

қазан

Қызылорда қаласының

әкімдігі

Спанов көшесіне Бейбарыс көшесінен Баймаханов көшесіне дейін ағымдағы жылы қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен
425,3 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «УАД» ЖШС-і құрылыс-монтаж жұмыстарын толық аяқтап, қазіргі таңда нысан пайдалануға берілді. Жобаға сәйкес, көшенің 2 жақ бетінен жаяу жүргіншілер жолы (тротуар) салынды.

32.     

Универсам аумағындағы
Ғ. Мұратбаев, Х. Бектұрғанов,
Ф. Скатков көшелерінің ауыз су желілеріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу

2023 жылғы

желтоқсан

Қызылорда қаласының

әкімдігі

 

Қызылорда қаласы, Универсам аумағындағы ауыз су желілерінің тозығы жетуіне байланысты қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жалпы құны 742 млн. теңгені құрайтын қаланың 10 аумағындағы ауыз су желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына биылғы жылы республикалық бюджеттен 309 млн. теңге қаралып, мердігер мекемесі анықталды («Jana kz Qurylys» ЖШС). Қазіргі таңда аталған аумақтардың ауыз су желілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде (аяқталу мерзімі – желтоқсан айы).

Жобаның ішінде бұл көшелерден бөлек Төле би, Жарқынбаев, Тәуке хан, Әбдреев, Тоқмағамбетов, Алтынсарин, Қыдыров көшелеріндегі ауыз су желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары енгізілген.

Дата публикации
27 октября 2023
Дата обновления
27 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы